«Записки одной души» атты онлайн кездесу

Балалар кітабының апталығы жалғасуда. Кітапханада Беларусь жазушы, публицист, прозашы, аудармашы балалар мен ересектерге арналған 50-ге жуық кітапттардың авторы Елена Стельмахпен «Записки одной души» атты телекөпір өтті. Шараға «Гвоздичка» балабақшасының бүлдіршіндері мен оқырмандар қатысты.
Онлайн кездесу барысында балалар жазушыға сұрақтар қойып тұщымды жауап алып, автордың өлеңдері мәнерлеп оқыды. Қатысушылар Елена Анатольевнаның «Большое представление для Сонечки» кітабынан сахналық қойылым көрсетті. Жас әнші Аня Савченко «Песенку друзей» әнін орындады. Бұл әннің әуенін кітапхананың досы, қарағандылық композитор Людмила Мельникова жазған.
Кездесу бағдарламасы өте мағыналы және де алуан түрлі болды: жазушының шығармалары бойынша суреттер көрмесі ұйымдастырылып «Қазынаны тап» ойыны ойнатылды.

«Алпамыс батыр» қалалық байқау қортындысы. II тур

Бүгін Абай атындағы балалар кітапханасында «Алпамыс батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың екінші кезеңі өтті.
Қазылар алқасының құрамында: ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Ж.Жарылғап; Н. Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Есенжолова Абай атыңдағы облыстық балалар кітапханасы басшыcының орынбасары Қ.Қалиева.
«Алпамыс батыр» жырын мәнерлеп жатқа оқудан 17 үміткер сынға түсті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

I орын – ММЛИ «Ақпараттық технологиялар» 7 «А» сынып оқушысы Идрисов Санжар (электронды кітап);
II орын – «№ 12 Жалпы білім беретін мектеп» 9 «Ә» сынып оқушысы
Рахман Наргиза (виртуалды шыны көзілдірік);
III орын – ММЛИ «Ақпараттық технологиялар» 7 «А» сынып оқушысы Сиязбек Нығмет (смарт-сағаты);
III орын – «№12 ЖББМ» 9 «Ә» сынып оқушысы Жагслагқызы Айсұлу (смарт-сағаты).

Номинациялар бойынша (жүлделі портативті динамик):

«Орындаушының шынайылығы» – «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ 7 «А» сынып оқушысы Хатамова Дана;
«Әртістік шеберлік» – «№66 мектеп-лицей» 2 «А» сынып оқушысы Қайрат Ақжолтай;
«Жыр жүйрігі» – ММЛИ «Ақпараттық технологиялар» 8 «А» сынып оқушысы Мұратхан Аружан;
«Жыршылық өнер» – «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» 8 «Б» сынып оқушысы Қайрат Томирис;
«Алпамыс батыр» жыр білгірі – «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы 8 «А» сынып оқушысы Жаманбалин Нұрслан.
Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Кітапхана байқау жеңімпаздарын құттықтап, қатысқандары үшін барлығына алғысын білдіреді!

«Алпамыс батыр» байқауы. I тур

Бүгін кітапханада «Алпамыс батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың алғашқы кезеңі өткізілді.
Бірінші кезеңге тестілеуге қаламыздағы «Шәкәрім атындағы гимназиясы», «Н. Әбдіров атындағы ЖББМ», «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы», «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ, «№6 ЖББМ». «№12 ЖББМ», «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, «№5 Қосымша білім беру мектеп-орталығы», «№66 мектеп-лицей», «№17 ЖББМ», «№18 ЖББМ», «№85 ЖББМ», «Озат»ақпараттық технологиялармамандандырылған мектеп-лицейі» оқушылары қатысты.
– Бірінші кезеңде байқауға қатысушы әр үміткер «Алпамыс батыр» жыры бойынша тестілеуден 32 сұраққа жауап беріп, жоғары ұпай жинаған қатысушы екінші кезеңге өтті.
– Бірінші кезең нәтижесі бойынша екінші кезеңге 16 үміткер жолдама алды. 27-ші наурыз күні «Алпамыс батыр» эпосынан үзінді оқып балалар өзара сайысқа түседі.

«Кітаптың мәңгілік серігі»

Кітап бетбелгілері бұрыннан кітаптардың арасында өмір сүріп келе жатқан, өте қызықты өзінің естеліктеріде бар әртүрлі бейнеде белгіленген бетбелгілер. Кітап бетбелгілері 13 ғасырда пайда болған, олар былғарыдан және велюрден, кейінірек матадан және қалың қағаздан жасалған. Жібектен, кестеленген, әртүрлі таңбалардың суреттері салынған патшалар мен патшайымдардың суреттері бар бетбелгілерде болған.
Балалар кітабы апталығы аясында «Кітаптың мәңгілік серігі» атты бетбелгі жасау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар алдымен бетбелгінің пайда болу тарихымен, оның түрлерімен танысып, содан кейін өз қолдарымен бетбелгілер жасады. Айшықты шарадан жас оқырмандар ерекше көңіл-күймен тарқасты.

«Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» дөңгелек үстел

Кітапхана 26-31 наурыз аралығында Балалар кітабының апталығы басталды. Апталық аясында 26 наурыз күні «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға облысқа танымал балаларға арналған көптеген әңгімелер мен ертегілердің авторы Е. Г. Пономаренко, балалар композиторы, ақын Л. Е. Мельникова,Теміртаулық ақындар Т.Ю. Дубовская, Ә. М. Бекпенбетова, «Бүлдіршінге жыр арна» атты облыстық әдеби-шығармашылық байқаудың жеңімпаздары Д.Д. Бұланбаев, С. Дәулетханұлы, А.Ш.Шарибекова, Абай қаласынан К. Ж. Танашева, №17 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж. С. Абеуова және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Қ.Т. Әшкеев қатысып, балалар әдебиетінің бүгіні мен келешегі жөнінде өзекті тақырыпта ой қозғап, өлең оқылып, келесі отырыстың жоспары талқыланды.
Алдағы уақытта қаламгерлер балалар әдебиетінің қазынасын толықтырар керемет дүние жазып, кішкентай оқырмандарды қуантады деп сенеміз.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы шеңберінде кітапханашы жас оқырмандарға «История игрушек» кітабынан шүберек Ковбой Вуди, Астронавт Базз Лайтер және олардың достарының қызықты шытырман оқиғасын дауыстап оқыды. Балалар шығарманы зейін қойып тыңдады.

«Ұлттық дефиле»

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Наурыз мерекесіне арналған Наурызнама онкүндік шеңберінде кітапханада 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай ұлттық киімдер дефилесі өтті.
Балалар қазақтың ұлттық ойындары сақина тастау, арқан тартыс ойнап, сондай-ақ «Қара жорға», «Адай» биін биледі. Кітапхананың тұрақты оқырманы Доскей Айдын домбырада «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін тартып берді.

«Книгокиномания» клубы

«Книгокиномания» клубы отырысы аясында режиссер А.Кончаловский түсірген әйгілі қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі желісімен түсірілген толықметражды фильмі көрсетілді.
Шыңғыс Аймтовтың «Алғашқы ұстаз» повесі сонау 1924 жылы болған оқиға адам тағдырын қалай өзгерткенін, ауылда өскен жетім қыздың академик дәрежесіне жетуіне себеп болған алғашқы ұстазы туралы баяндалады.
Фильмді көргеннен кейін балалар кітап пен фильмдегі айырмашылықтар туралы өз пікірлерін айтты.

Наурыз

Наурыз – Қазақстан үшін маңызды мереке, қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Әңгімелесу барысында балалар өз халқының мәдениетін, тарихын және салт-дәстүрін айтып таңқалдырды. Соңында түрлі-түсті қағаздан гүлдер жасады.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Көктем кеді» тақырыбында өткізілді.
Ойын технологияларын (викториналар, жұмбақтар) пайдалана отырып, үйірме жетекшісі Ж.Зейкенова балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктерімен негізгі белгілерін білуге көмектесті. Балалар «Көктем келді» танымдық бейнеролигін қызығушылықпен және ынтамен тамашалап, жаңа сөздерімен танысты.