«Бір кітап – бір тарих»

«Бір кітап – бір тарих» тақырыптық күн аясында белгілі балалар жазушысы, суретші Владимир Сутеевтің шығармашылығына арналды.
Іс-шараға №1 мектеп жанындағы гимназия лагерінің оқушылары және №78 ЖББМ автордың кітаптарын, мультфильмдерін, суреттерін жасау тарихын білді. Шара соңында балаларға В. Сутеевтің ертегілері бойынша интерактивті викторина өткізілді.

«Адамның дене мүшелері»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді. Балалар сабақта адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді.

«Әдеби компас»

Адам сан ғасырлар бойы қоршаған әлемді, атап айтқанда, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін бақылап олардың сырларын ашуға тырысады.
Осы ұранмен «Кітап өсімдіктер мен жануарлар әлемін ашады

тақырыбында жазғы оқу залына №91 ЖББМ жанындағы лагерь балаларына арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар викториналар мен ойындарға белсене қатысып, кітаптар мен мерзімді басылымдардан флора мен фауна әлемі туралы көптеген қызықты мәліметтер білді.

 

«Пілге арналған ерекше тіс пастасы»

21 маусымда кітапханада өзгеше қызықты фактілер күні өтті. № 64 мектепшілік жазғы лагерінің балалары пілге арналған ерекше тіс пастасын зор қызығушылықпен жасап, өздері тәжірибе жүзінде шеберліктерін танытты. Олар шыққан пастаны ынтазарлыкпен бақылап, аралас заттардың химиялық реакциясын қызыға тамашалады.
Балаларға осы тәжірибені үй жағдайында ересектердің бақылаумен жасап өткізу ұсынылды.

«Өзі-өзіне режиссер» тақырыптық күні

Әдеттегідей кітапханамызда «Өзі-өзіне режиссер» атты тақырыптық күні өтті. «Тик-ток» мобильді қосымшасы арқылы балаларға әлем мемлекеттеріне арналған кітаптарды жарнамалау туралы тапсырма берілді. Ең үздік топтың бейнеролигі кітапхананың әлеуметтік желілеріне қойылады.

 

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Жеміс-жидектер» тақырыбында өтті. Балалар өздерінің ұнататын жеміс-жидектерінің суретін салып,оның атауын қазақ тілінде айтып үйренді.. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып,балалар тапсырмалар орындады. Сабақ соңында балаларға алма,шие үлестірілді .Сабақ көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

«Көңілді English» үйірмесі

«Көңілді English» үйірмесінің кезекті сабағы «Weather. Ауа райы» тақырыбында өтті. Балалар үстел ойынын ойнау арқылы ауа райы құбылысының ағылшынша атауларын жаттады, сондай-ақ сөздерді жақсырақ есте сақтау үшін «Memory» ойынын ойнады. «The sun comes up!» әнін айтып, би биледі.

«Маршак салған үй»

Бүгін Шәкәрім атындағы гимназияның жанындағы мектеп лагерініңде демалушы оқушыларға арнап орыс ақыны, драматург, балалар әдебиетінің классигі С. Я. Маршактың туғанына 135 жыл толуына орай «Маршак салған үй» атты библиофреші өтті. Шара С.Я. Маршактың өмірбаянын таныстырудан басталып, ақынның балалық шағы, жазушылық жолы туралы мәліметтер берілді.

Балалар бүлдіршіндерге арналған «Ақымақ тышқан» туралы ертегісі бойынша шағын сахналық қойылымға қатысып, өздерінің актерлік қабілеттерін көрсетіп рөлінде зор қуанышпен ойнап көрді.

 

«Микроскоп қызықтары»

14 маусым қызықты деректер күні аясында кітапханада Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның жазғы лагердің балаларымен тәжірибе өткізілді.
Балалар микроскоп жабдықтарының құрылымымен танысып, су, құм, қант, жапырақ үлгілерін зерттеп бірқатар тәжірибелер жасады. Тәжірибе барысында микроскоптың көзге көрінбейтін заттардың үлкейтілген кесіндерін алу үшін қолданылатына көз жеткізді. Шара соңында микроскоппен көруге болатын тірі әлем мен микроорганизмдер туралы кітаптарға шолу жасалды.

«Өзі – өзіне режиссер» тақырыптық күні

Бүгін кітапханада «Өзі – өзіне режиссер» тақырыптық күні аясында Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның жанындағы лагерьлердің балалары «TikTok» қосымшасының көмегімен кітаптар туралы жарнамалық роликтер жасады.
Балалар үш топқа бөлініп кітапхананың оқу залы, абонемент және көпшілік залда «Жануарлар туралы кітаптар» тақырыбында бейнероликтер түсірді. Бейнетүсірірім барысында оқушыларға өздерінің режиссерлік идеялары пайда болып, балалар оны нақты түрде жүзеге асырды. Үздік жұмысты қатысушылардың өздері атады, ұйымдастырушылар жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар үлестірді.