«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Алаш» қозғалысының көрнекті өкілі ғалым, ағартушы, ақын, публицист, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға таңдалынды. Кітапхананың оқу залында ұлттық жазудың реформаторы қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы А. Байтұрсынұлының шығармаларына арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде оқырмандар жүйелі түрде әдебиеттану, тіл білімі, педагогика, түркітану, абайтану, аударма салаларында елеулі із қалдырған А.Байтұрсынұлының еңбектерімен танысады. Оның қаламынан өлең, мысалдар, эссе және т.б. жанрларда жазылған шығармалар жарық көрген. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.38
WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.40
WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.43
WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.45
Comments are closed.