Кеңістік және уақыт аралығына саяхат

Қарағанды қаласы күні қарсаңында Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖОМ 3-4 сынып оқушылары үшін «Кеңістік және уақыт аралығына саяхат. Путешествие сквозь пространство и время», онда Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, экономикалық және мәдени орталығының пайда болу және қалыптасу тарихы слайдтық таныстырылым арқылы баяндалды. Әрі қарай оқу

Қытай мәдениеті мен әдебиетінің күні

Әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара сыйластығы, толеранттылығы және диалогы негізіндегі қарым-қатынастың қажеттілігін жас ұрпақтың ұғынуын қалыптастыру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы ақпан айында Қарағанды қаласының этномәдени орталықтарының күндерін жариялады. Әрі қарай оқу

Поэзия әлемі

Тамыры ажырап, болмысын жоғалтып бара жатқан ұрпақты сақтап қалудың бір жолы – руханиятқа үндеу. Қазақтың тамыры өлеңде. Осы орайда балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатында ақпан айының 8 күні «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы «Поэзия әлемі» атты поэзия шеңбері нұсқасында өтті. Шараға №1 Білім-инновация лицей-интернаты және №41 ЖББОМ 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әрі қарай оқу

«Күшті мүйізтұмсық»

«Шуақ» балалардың шығармашылық студиясы өз жұмысын жалғастыруда. Балалар ата-аналарымен кезекті сабақта Мұзафар Әлімбаевтің «Мүйізтұмсықтан кім күшті?» ертегісімен танысып, сазбалшықтан «Күшті мүйізтұмсық» қолбұйымын жасады.

«Шуақ» балалардың шығармашылық студиясы өз жұмысын жалғастыруда.

Балалар ата-аналарымен кезекті сабақта Мұзафар Әлімбаевтің «Мүйізтұмсықтан кім күшті?» ертегісімен танысып, сазбалшықтан «Күшті мүйізтұмсық» қолбұйымын жасады.

Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады

1943 жылғы 2 ақпанда, бұдан 75 жыл бұрын Сталинград шайқасы аяқталып, неміс-фашист әскері толығымен талқандалды ( 17 шілде 1942 жыл – 2 ақпан 1943 жыл). Сталинград операциясының шабуылдау және қорғаныстық шайқастарына Қазақстанда жасақталған барлық қазақстандық әскери құрылымдардың, дивизиялардың, бөлімшелердің үштен бір бөлігі қатысты. Әрі қарай оқу

Лаңкестіктің ұлты, діні, шекарасы жоқ

Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында кітапхана қызметкерлері ақпан айының 1-і күні №3 гимназияның 9-сынып оқушыларына барып «Лаңкестіктің ұлты, діні, шекарасы жоқ» атты әңгіме өткізді. Әрі қарай оқу

«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші революциялық жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін дамыту мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Әрі қарай оқу

Ақпарат күні

Кітапхана қызметкерлері 30 қаңтарда «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі» КММ тәрбиеленушілері мен педагогтарына арналған «Қарағанды облысының қасиетті картасы»көшпелі ақпарат күнін өткізді. Әрі қарай оқу