Абай күні

«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.
10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күніне орай кітапханада «Әлем мойындаған ұлы Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге ұлы ақынның өлең жинақтары, қарасөздері, аудармалары және т.б. шығармалары қойылды. Оқырмандар ақынның жыл мезгілдері туралы әйгілі өлеңдері енген «Абай Құнанбайұлы өлеңдері» атты кітапша арқылы BIG DREAM қосымшасын іске қоса отырып өлеңдерін тыңдауға мүмкіндік алады.
Барлықтарыңызды Хакім Абайға арналған көрмені тамашалауға шақырамыз!

«Ньютондық емес сұйықтық»

8 тамызда қызықты деректер күні аясында тәжірибе жүргізілді, яғни, Ньютондық емес сұйықтықтың қалай жұмыс істейтінін білдік. Тәжірибені үй жағдайында да жасауға болады, себебі оны жүзеге асыру үшін сізге қарапайым су, крахмал және кез келген бос контейнер қажет.
Кейбір сұйықтықтар су секілді тез құйылса, біз тәжірибеде көрсеткен сұйықтық тығыз және бал секілді тұтқыр, жабысқақ болып келеді. Бұл – Ньютондық емес сұйықтықтың физикалық тұтқырлық қасиетінің дәлелі.
Балалар тәжірибеге үлкен қызығушылықпен атсалысып, түрлі ғылыми-тәжірибелік кітаптармен танысты.

«Сияның сыры»

1 тамызда қызықты деректер күні аясында балалардың назарына құпияға толы «Сияның сыры» атты көрінбейтін сия жасаудың тәжірибесі ұсынылды.
Тәжірибе барысында көрінбейтін сия арқылы құпия хабарламаны жасап, мекен- жайға келген хабарды қалай оқуға болатынын көрсеттік. Ол үшін біз қағазды, мақта таяқшаларын, сүт пен лимон сығындысын, күріш суын, йод ерітіндісін және үтікті қолдандық.
Тәжірибе өте қызықты өтті. Соңында оқырмандарға әртүрлі тәжірибелерге толы ғылыми кітаптарды оқуды ұсындық.

Бүгін жас оқырмандар жазғы оқу залының қонағы болды. Ағаш көлеңкесінде отырып балалар әртүрлі кітап беттерін парақтап, өздеріне ұнаған кейіпкерлердің суретін салды. Балалар жазғы демалыс уақытында үйге оқуға бірнеше дана кітаптар алды.

«Жанартау»

18 шілдеде қызықты деректер күні аясында балалардың назарына «Жанартау» тәжірибесі ұсынылды. Тәжірибе кезінде табиғаттың өте қызықты және жұмбақ құбылысын өз қолдарымен жасап, жасанды жанартау ошағында лаваның атқылауын көре алды.
Табиғат құбылыстары немесе басқа да таңғажайып дүниелер қызықтырса, қазақтың ғылыми-көпшілік «OYLA» журналын оқуды ұсындық.

 

 

«Сабын көпіршіктері»

11 шілдеде қызықты деректер күні аясында «Сабын көпіршіктері» атты тәжірибе сабағы өткізілді.
№50 мектептің балаларымен бірге сабын көпіршіктерін өз қолдарымен жасап, оларды дүкенде сатылатын сабын көпіршіктерімен салыстырды. Сабын көпіршігін жасау үшін бізге ыдыс жууға арналған гель, су және глицерин қажет болды. Сабын көпіршіктерін үйде оңай жасауға болады, себебі барлығы үй шаруасында тұтынып жүрген заттар.

«Астана – елдің жүрегі»

Астана күніне орай кітапханада «Астана – елдің жүрегі» атты иллюстрациялы кітаптаптармен безендірілген көрме – әңгіме ұйымдастырылды.
Көрмеде Астана қаласының тарихын, оның елорда ретінде қалыптасуын, көрікті жерлерін ашатын иллюстрациялы кітаптармен қоса мерзімді басылымдардың материалдары ұсынылған.
Астана- жас әрі қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі ең әдемі және заманауи қалалардың біріне айналды. Біздің жас оқырмандар экспозициялық материалдардан Астана жайлы тереңірек оқып, оның шежіресімен танысты
Көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы біз елорданың қалыптасуының негізгі кезеңдеріне байланысты бірталай тың ақпараттармен бөлістік. Оқырманмен пікір алмастық.
Жаңа астананың шежіресі әлі де жалғасын табары сөзсіз. Жасай бер, Астана!

«Магниттер»

Шілде айының 4-і күні кітапханада қызықты деректер күні аясында магниттердің күшін көрсететін тәжірибе сабақ жүргізілді. № 50 мектептің оқушылары «Магнит» ұғымымен танысып, магниттің қасиеттері туралы біліп, эксперимент жасау барысында жаңа білім алды.
Сондай-ақ балаларға біздің кітапхана қорынан түрлі тәжірибелер мен әртүрлі тәжірибе сабақтарға арналған қызықты ғылыми кітаптар ұсынылды.

 

Кітапхана мультзалы

30 маусым күні кітапханалық мульзалымызда балалар «Джунгли кітабы» мульфильмін тамашалады, сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Әдеби викторина

Бүгін мектеп жанындағы лагерьдегі №64 ЖББОМ балалары шілде айында туғанына 120 жыл толған балалар жазушысы, сценарист, суретші-иллюстратор Владимир Сутеевтің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Балалар В. Сутеевтің «Мешок яблок», «Кто сказал Мяу», «Под грибом», «Елка», «Палочка-выручалочка» және т. б. ертегілері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.
Іс-шара соңында балалар «В.Г. Сутеевтің ертегілері бойынша» интерактивті әдеби викторинасына қатысып, «Мешок яблок» мультфильмін тамашалады.