Әдеби викторина

Бүгін мектеп жанындағы лагерьдегі №64 ЖББОМ балалары шілде айында туғанына 120 жыл толған балалар жазушысы, сценарист, суретші-иллюстратор Владимир Сутеевтің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Балалар В. Сутеевтің «Мешок яблок», «Кто сказал Мяу», «Под грибом», «Елка», «Палочка-выручалочка» және т. б. ертегілері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.
Іс-шара соңында балалар «В.Г. Сутеевтің ертегілері бойынша» интерактивті әдеби викторинасына қатысып, «Мешок яблок» мультфильмін тамашалады.

«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні»

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты музыкалық калидоскоп өткізілді.
Шараға №32 мектептің көркем еңбек пәнінің ұстазы Тұрсынов Ержан Әдешұлы арнайы шақырылып, оқушыларға музыкалық аспапты жасаудың қыр-сырын айтып, өзі жасаған домбырасын көрсетіп шеберлігімен бөлісті.
Оқырмандар қасиетті аспаптың тарихымен танысып, түрлі мәліметтермен қанықты. Ұлттық аспапқа қатысты ойындар ойналды.
Айтулы мерекеге «Домбыра-дастан, домбыра-күй» атты домбыраның тарихы мен жасалу технологиясына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», М.Рәш «Киелі домбыра», Ө. Спанов «Домбыра үйренейік», К. Әзірбаев «Жан серігім, домбыра» басылымдары насихатталды.
Шара соңында Ержан Тұрсынов әуезді ән шырқап, оқырман қауымның құлақ құрышын қандырды.

«Тауық жұмыртқасының құпиялары»

 27  маусымда кітапханада қызықты фактілер күні аясында жазғы  лагерінің балаларымен «Бөтелкедегі жұмыртқа», «Резеңке жұмыртқа», «Сүңгуір жұмыртқалар»  сынды түрлі тәжірибелер жасалды.  Бұл эксперименттерді тіпті үйде жасау өте оңай. Тәжірибелер үшін бізге: сірке қышқылы, бөтелке, суға толы шұңғыл  ыдыс және тауық жұмыртқасы қажет.
Тәжірибе соңында балаларға кітапханамыздың кітап қорындағы  түрлі қызықты әдістерге арналған ғылыми  кітаптар ұсынылды.

«Оқуға ұсынамыз» букслэм -турнирі

Кітапхана да әр дүйсенбі сайын «Оқуға ұсынамыз» букслэм-турнирі өтеді. Аталмыш шара аясында мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар өздері оқыған кітаптарға жарнама жасауды үйренеді.
Бүгін «Қорқыныш патшасы» тақырыбында іс-шара өтті. Балалар екі топқа бөлініп, берілген тақырып бойынша кітапты таңдайды, содан кейін олар кітап туралы ең «Қызықты» ұранды ойлап тауып қарсыластарын сюжетпен қызықтыру керек болды.
Шара өте қызықты, көңілді болды. Егер де сіздер жазғы демалыстарыңызды қызық және ерекше өткізгілеріңіз келсе дүйсенбі күні кітапханаға келіңіз!

«Нашақорлық-тұңғиыққа қадам!» профилактикалық әңгіме

Мамандар нашақорлық туралы профилактикалық әңгімелерді бастауыш сыныптарда бастау керек екенін бұрыннан дәлелдеді. 3-4 сынып балаларымен әңгімелесу үшін біз Қарағанды облысының бала құқықтары жөніндегі жастар кеңесінің төрағасы Е.К. Ракишевті шақырдық, ол балаларға есірткі қолданатын адамдардың сыртқы келбетін, оған не үшін келгенін және балалардың «есірткі тұзағына» қалай түсетінін айтып берді.

Кітапхана мультзалы

23 маусым күні мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар «Мишки-Братишки: в пойсках тигра» мультфильмін көріп тамашалады.
Мультфильм желісі адал дос болуға, табиғатқа қамқорлық жасауға және оны қорғауға үйретеді.

«Күн тәртібі» сабағы

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Күн тәртібі» тақырыбында өткізілді.
Сабақ барысында балаларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, өз уақыттарын дұрыс пайдалануға үйренді. Күн тәртібі байланысты тапсырмалар орындады. Күн тәртібіне байланысты «Аруна» баспасынан шыққан «Суретті қазақ тілі» кітабын пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырды.

«Ғажайып кітап әлеміне саяхат» жаңа кітаптарға шолу

Бүгін кітапханада Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалардың қатысумен «Ғажайып кітап әлеміне саяхат» атты жаңа кітаптарға шолу өткізілді. Балаларға Нұрайна Сәтпаева «Әлканың күміс тұмары», Катя Фриксе «Я – не Книга!», Нарине Абгарян «Тайна старого сундука» және т.б. қазақстандық және шетелдік авторлардың заманауи кітаптары мен танысты.
Іс-шара соңында балалар «Сөзді ойлап тап» атты интерактивті танымдық викторинасына қызығушылықпен қатысты.

Халықаралық гүлдер күні

Жыл сайын, маусым айының 21-і күні әдемі, нәзік романтикалық мереке Халықаралық гүлдер күні атап өтіледі.
Гүлдер-бейбітшіліктің, сұлулықтың символы. Олар біздің өмірімізді, сұлулыққа пен сүйіспеншілікке деген сезімімізді оятады. «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында біздің оқырмандарымыз гүлдер әлеміне саяхат жасады. Саяхат барысында балалар анаграммаларды үлкен қуанышпен шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, гүлді жаттығулар жасап, сахналық ойындарға қатысты.

«Микроскоптағы тіршілік»

20 маусым қызықты деректер күндері аясында кітапханада Григорий Потанин атындағы мектебінің оқушыларымен және дамыту орталығының балаларымен тәжірибе өткізілді.
Балалар су, құм, қант және жапырақ үлгілерін зерттеді. Практикалық сабақта олар микроскоп көзге көрінбейтін заттардың үлкейтілген кескіндерін алуға қызмет ететініне көз жеткізді.
Іс-шара соңында балаларға микроскоп микроорганизмдер мен тірі әлем туралы кітаптарға шолу жасалды.