«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Сиқырлы түстер еліне саяхат» тақырыбында өткізілді. Үйірме сабағында балалар түстерді қазақ тілінде айтып, түрлі ойындар, сөзжұмбақтар шешіп, «Түстер» әнің орындады.

«Дарынды бала әлемі»

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында, кітапханамызда «Дарынды бала әлемі» жинағына Daryndy Bala шолу жасалды.
Іс-шараға Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия жанындағы лагерінің балалары қатысты, оларға біздің түрлі-түсті суреттермен безендірілген танымдық кітаптарымыз қатты ұнады.
Балаларға кітапхана ішінде экскурсия жүргізіліп, әдеби викториналар мен сергіту ойындары ойнатылды.

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы» атты мультшеру

Бүгін кітапханада Қарағанды облысының тумасы, қазақтан шыққан тұңғыш мультфильм режиссері, суретші, сценарист Әмен Қайдаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ мультфильмінің қарлығашы» атты мультшеру өтті. Шараға жиналған балалар мен ересектер қазақ анимациясының аңыз тұлғасымен танысып, сонымен қатар Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары дайындаған кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды. Мектеп лагерлерінің балалары «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ-құлан» және т.б мультфильмдерді тамашалады. Әр бала мультфильмді көргеннең кейін естелік ретінде қағаздан жасаған қарлығашты ала кетті.

«Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті кәсібі» тақырыптық көрме

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.
Кітапхананың оқу залында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселелері» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге жазушылардың көркем шығармада жемқорлық тақырыбында жазылған кітаптары қойылды.

«Флора мен фауна білгілері» квиз ойыны

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылыдың 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып бекітілген.
Атаулы күнге орай кітапханада Қарағанды қаласының мектеп жанындағы лагерьлерінің балаларына арналған «Флора мен фауна білгірлері» атты квиз ойыны өтті. Балалар топқа бөлініп, жануарлар мен өсімдіктер туралы сұрақтарға жауап берді. Ойынға қатысушылары эмоцияға толы көтеріңкі көңіл- күймен шараға белсене қатысты. Жеңімпаз топ тәтті сыйлықтарға ие болды.

Кітапхана достары

Кеш бойы мереке қонақтарына М.Бекішевтің жетекшілігімен №2 балалар музыкалық мектебінің «Юность» вокалдық тобы және рок, поп-рок жанрларында авторлық әндерді орындайтын «Чай с котом» тобы өнер көрсетті.
Робототехника бойынша шеберлік сабағын «Dignatera» орталығының жетекшісі П.Инкарбаева өткізді.
Балалар «Lego Educatoin» конструкторы негізінде роботтарды құрастыру процесімен танысты.

Ғарыштық тәжірибе зертханасы

Ғарыштық тәжірибе зертханасы «Библиоғарыштық аймақ» акциясына келген барлық қатысушылардың назарын аударды.
Балалар үшін біз қызықты химиялық тәжірибе өткіздік! Бұл тәжірибе үшін сода, сірке суы, шарлар мен пластикалық бөтелкелер қолданылды!
Тәжірибе өте қарапайым, бірақ оны үйде тек ересектердің бақылауымен жасауға болады!
Эксперименттен басқа, балаларға кітапхана қорындағы түрлі тәжірибелер мен әдістерге арналған кітаптар көрсетілді.

«Жұлдыздар не дейді?» ғарыштық болжамдар

«Жұлдыздар не дейді?» атты ғарыштық болжамдар мекеніне келген оқырмандарымыздың көңіл- күйін, алған әсерін суреттеу мүмкін емес.
Біз бірқатар білімге ие болып, ешқандай бақсы-балгердің көмегінсіз болашаққа ғарыштық болжамдар жасап, психология ғылымының астрология, нумерология және кокология сынды салаларымен таныстырдық. Сонымен қоса туған күніне қарап, аптаның қай күнінде дүниеге келгенін анықтау арқылы адамның мінез құлқын сипаттадық.
Өзімізді тану пайдалы және қызықты, өйткені әрқайсымыздың кокоро – ішкі әлемімізді жақсы түсіну үшін ашқымыз келетін таңғажайып құпиялар өте көп. Ал, балаларға өздерін түсінуге көмектесу үшін «Сенің мүмкіндігің», «Көпір» атты екі жапондық психологиялық тест әдістерін қолдандық.
Ерекше энергияға толы ескі жылдардағы балалар кітабы тек екі санды атаудың көмегімен оқырманға бүгіні мен болашағын болжауға көмектесті. Кеш соңында барлық қатысушыларға атаулы күні бар ашықхаттар табысталды.
Оқырмандарымыз эмоцияға толы, ғылым мен ойын-сауық араласқан тамаша библиокештің куәсі болды!

Кешкі кітапхана

Халықаралық балалар күніне орай Абай атындағы кітапханада өте көңілді және қызықты кеш болды. Библиоғарыштық аймақ кітапханаға келді!
Оқырмандар ғарыш кеңістігі аумағында саяхаттап кешкі кітапханада қызықты алаңдарға куә болды.
«Жұлдыздар мен галактика» фотоға түсетін аймақта барлық қатысушылар гермошлемдерді киіп, өздерін нағыз ғарышкерлер сияқты сезіне алды.
Галактикалық кинозалда қонақтардың назарына ғарыш туралы бірнеше мультфильмдер мен деректі фильмдер ұсынылды. Балалар ғарыш жайлы фильмдерді тамашалағаннан кейін викторина сұрақтарына жауап беріп дұрыс жауаптарға жетондар алды.
Ғарыштық аймақтың бірінде бүлдіршін балаларды «Ғарышқа саяхат» мега-бояуы күтіп тұрды. Суретші ғарышкерлер астероидтарды, планеталар мен жұлдыздарды бояды.
«КосмоBeauty» сұлулық салоны осы кеште танымалдылыққа ие болды, кеш конақтарына шеберлер өз қалаулары бойынша өзгеше стильде ерекше шаш пен макияж жасап беріп, қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.
«Ғарыштық филармония» қонақтарға арналған ойын – сауықтыру орнының бірі. Балалар өздерінің сүйікті хиттерін шын жүректен орындап тамаша көңіл күйде болды.
Кітапхана кешінің барлық қатысушылары КосмоБанк ке барды, онда бас банкир балалар тапқан жетондарды ғарыштық квиттерге айырбастап, тапқан табысын космокафесіне жұмсап ас мәзірінен дәм татты.

БҒА – 70 Библиоғарыштық аймақ

Абай атындағы кітапхананың 70 жылдық мерейтойы аясында, халықаралық балаларды қорғау күніне орай «БҒА – 70 Библиоғарыштық аймақ» кітапхана кеші акциясы өткізілді.
Шарада балалар «Галактикалық кинозал», «Жұлдыздар не дейді?» ғарыштық болжамдар мекені, «КосмоBeauty», «КосмоБанк», ғарыштық тәжірибелер зертханасы, «Ғарышқа саяхат» МЕГА-бояу парағы, «Жұлдыздар мен галактикалар торабында» фото-аймақ, «Ғарыштық филармония», «Dignatera» робототехника алаңы сияқты ғарыштық аймақтарға саяхаттады. Алаңдардардағы түрлі іс-шараларға қатысу барысында қонақтар библиоақшалар тауып, тапқан табысын космокафесіне жұмсап ас мәзірінен дәм татты.
Кеш бойы мереке қонақтарына Марат Бекішевтің жетекшілігімен №2 балалар музыкалық мектебінің «Юность» вокалдық тобы және рок, поп-рок жанрларында авторлық әндерді орындайтын «Чай с котом» тобы өнер көрсетті.