Мәдениет және өнер қызметкерлер күні

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай кітапхана үдерісін автоматтандыру бөлімінің басшысы Елена Олеговна Кучаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Елена Олеговна! еңбегіңіз жемісті болып, биік белестерді бағындырып, әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

«Жолда жүру ережесін сақтайық!»

Кітапхана мамандары оқырман балаларға Қарағанды полиция басқармасына шолу экскурсиясын ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты: өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, қылмыстың алдын алу, және болдырмау, оның ішінде балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу.
Экскурсия балаларға өте қатты ұнады, олар біздің қаламызда тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін жедел басқару орталығы қызметкерлерінің жұмысы туралы біліп, танысып қайтты.

«Смешарики» жұмсақ ойыншық

Жұмсақ ойыншықтар – іші жүннен, мақтамен және т.б. заттармен толтырылған ойыншық жануарлар немесе қуыршақтар. Бұрынғы кезде жұмсақ ойыншықтар ауланған аңдардың терісінен жасалған. Кітапханада «Смешарики» жұмсақ ойыншығын жасау бойынша шеберлік сыныбы өтті. Жас қолөнершілер өз қолдарымен әртүлі жұмсақ ойыншықтар жасады.

«Жемқорлыққа жол жоқ!» дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған індеттің бірі.
20 сәуірде Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітапхана дөңгелек үстел өтті.
Қоғамда тұтастық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру жұмысын жүйелендіру мақсатында өткізілген шараға кітапханананың бөлім басшылары және кітапханашылар қатысты.
Кітапхананың басшысы Б. Уатаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

«Көңілді ағылшын»

Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Furniture. Жиһаз» тақырыбында өтті. Балалар карточкалармен ойын ойнап, «Furniture in the House» әнін айтып, ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.

Аспан асты елінің дәмдері

17 мамырда «Либретто» кафе-караоке барының аспазшысы Тан Сяо-Фын бейнеролик арқылы «Аспан асты елінің дәмдері» қытай асханасы тағамдарының дәмін татып көру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Аспазшы балаларға қытай тағамдары туралы айтып «Ағаш саңырауқұлақтары бар сиыр еті», «Сиыр еті бар Ган-фан», «Қуырылған саңырауқұлақтар», «Қуырылған пампушки» және т. б. бірнеше тағамдар дайындап көрсетеді.
Қатысушылар қытай тағамдарының әзірлену жолдарын көріп, сан алуан тағамдардың дәмін татып көрді.

«Natige» ЖШС мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы: әріптестік жаңғырту» дөңгелек үстел

17 мамырда кітапханада «Natige» ЖШС мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы: әріптестік жаңғырту» тақырыбында Ұлттық құрылтайдың қорытындыларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ашкеев Қ.Т., кәсіпкер, «Natige» және «220 VOLT» компанияларының бас директоры Әшім Е.М., «TANA» қоғамдық қорының негізін қалаушы (қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту және құру), Almaty Tourism Bureau басшысы К. Лұқпанова және Абай атындағы ОБК басшысы Уатаева Б.Қ. баяндамаларын ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында Абай атындағы ОБК мен «Natige» ЖШС өзара серіктестік қарым-қатынастарының нәтижелері айтылды, Қарағанды облысының кітапханаларын жаңғырту мәселелері, кешенді кәсіби жаңғырту бойынша жұмыстар-эскиздер, дизайн-жобалар жасау, инженерлік және басқа да шешімдер және т. б. талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар үшін «Трансформация» фотокөрмесі ұйымдастырылды, көрмеде кітапхана кеңістігінің фотосы жаңғыртуға дейін және кейін орналастырылды.

Шай рәсімі

Қытайдың шай ішу рәсімі Гуандун және Фунзян провинцияларында 618 жылдан бастау алады. Қытайлықтар шай ішу барысында асықпай, оның хош иісімен дем алып, сусынның түсі мен дәміндегі өзгерісті бақылап, рәсімнен жан рахатын сезінген.
Кітапханада қытай мәдениеті апталығы шеңберінде Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне шай дайындаудың шебері Ольга Валерьевна Сульженко қытай шайының түрлерімен таныстырып, қызыл күрең, хош иісті шай әзірлеп көрсетті.

«Вин-Чун» ушу шеберлік сыныбы

Қытай мәдениеті апталығы аясында «Вин-Чун» мектебінің шеберлері ушу бойынша шеберлік сыныбы өткізді. Балаларға жаттықтырушы Вин – Чун стилінің тарихы мен аңыздарын туралы айтып, өзін-өзі қорғаудың негізгі элементтерін көрсетті.

Қытай апталығының ашылуы

Кітапханада «Мәдениет тоғысында» жобасы аясында Қытай мәдениет апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Шараның мақсаты қытай елінің әдебиеті, тарихын, өнерін, этикасын тілі мен дәстүрлерін танымал етуге бағытталған. Іс-шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жанындағы Конфуций Институты жетекшісі Татьяна Силиньевна Филиппова мен қала мектептерінің оқушылары қатысты.