Эмин Аскеровтің қатысуымен «Жетістік формуласы» тележобасы

Әлеуметтік кәсіпкер, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеровпен кездесумен «Жетістік формуласы» теледидар жобасы түсірілімінің жаңа маусымы басталды. 04.06.21 ж. бағдарлама эфирге шықты.
Жоба 2021 жылы жаңа түсірілім алаңымен, жаңа қонақтармен, жаңа қатысушылармен, жаңа идеялармен бастау алды.
Эмин Аскеров Қазақстан халқының әлеуметтік осал топтарының өкілдерін (мүгедектер, балалар үйінің түлектері, жалғызбасты аналар, бұрын сотталған) жұмысқа орналастыруға көмектеседі, сонымен қатар ол әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы және шешендік өнер мен бизнес жаттықтырушысы.
2021 жылғы 17 мамырда №93 гимназияның, Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның, Қарағанды коммерциялық колледжінің, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушылары (28 адам) шығарылым кейіпкерімен кездесуге келді.
Көрермендер қонақты жылы қарсы алды. Қатысушылар сұхбатты тағатсыздана күтіп, бірден сұрақтар қоюға көшті.
Эминнің әлеуметтік қызметке деген адалдығы осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен анасының арқасында пайда болды. Ол ұлына адамдарға көмектесудің қаншалықты маңызды екендігі туралы ойды жеткізді.
Болашақ әлеуметтік кәсіпкердің балалық шағы қалай өткенін, қонақтың кіммен дос болғанын, кімге ғашық болғанын, өмірін өзінің негізгі кәсібіне арнаймын деп шешкенде неден шабыт алғанын, адамның қандай қасиеттерін маңызды деп санайтынын, неге қызығушылық танытатынын, нені оқитынын және басқаларын білу балаларға қызықты болды.
Қонақ музыка сабағы, қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс жасау, Назарбаев университетіндегі оқытушылық қызметі және бизнес саласындағы сынақтар мен қателіктер кезеңі қамтылған өмірбаянымен балалармен бөлісті.
Жас кәсіпкер балаларға «өздерін табуға және сүйікті ісімен айналысуға», ал табысты болу үшін «өзінің қорқыныштарын ұмытып, мақсат қойып, оған жетуге ұмтылуға» кеңес берді. «Табыстың 95%-ы – сендер, 5%-ы – сыртқы жағдайлар. Сендердің кім болатындарың тек қана өздеріңе байланысты», – деді бағдарлама қонағы.
Эмин өзін қандай да бір ережелер аясындае өмір сүре алмайтын ерекше адам ретінде көрсетті. Әңгіме өте көңілді әрі қызықты болды. Аудитория ғана емес, қонақтың өзі де сұрақтар қойды.
Үздік сұрақты таңдау уақыты келгенде, Эмин бұл жерде де өзінің ерекшелігін көрсетті – ол бір адамды емес, бәрін таңдады. Және жақын арада барлығына GreenTal-басқатырғыштар – естелік сыйлықтарын жіберуге уәде берді.
Бағдарлама шарты бойынша қонақ балаларға бір сұрақ қоя алады, ал ол «Білім беру жүйесінде нені өзгерту керек?» – деген сұрақ болды. Бағдарламаға қатысушылардың елдегі білім сапасына қатты алаңдайтыны және оны жақсартқысы келетіні белгілі болды.
Дәстүр бойынша кездесу кітап сыйлығымен аяқталды. Басты кейіпкер ұйымдастырушылардан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» сыйлық кітабын алды.

IMG_3137
IMG_3138
IMG_3152
IMG_3157
IMG_3160
IMG_3166
IMG_3170

«Free Style» арт – шеберханасы

Мамыр айының 16 күні «Free Style» арт – шеберханасының кезекті сабағы өткізілді. Үйірме жетекшісі балаларға кесте өнерінің ертеден келе жатқан ұлттық өнердің қастерлі бөлігі екендігін түсіндіріп, кестенің түрлерімен таныстырды.
Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары №93 гимназияның 2 «В» сынып оқушысы Көркем Еркін, №78 НОМ 2 және 6 сынып оқушылары Милана мен Алина Толчевалар қатысты.
Балалар «Маржандап, моншақтау кестелеу» әдісімен кесте тігуді үйренді. Бұл әдіспен кестелеу әйелдердің бас киімдері тақия, сәукеле, бөрік және камзолдар мен шапандарға кестелейді.

48d941b1-4616-4886-b909-8594e2e2f17e
53bf8eb0-f136-494d-bc99-16a2194449e6
3295d6f5-efeb-4487-88d4-835ca8a9c29f (1)
3295d6f5-efeb-4487-88d4-835ca8a9c29f
4288fc11-8f49-4614-81ef-5272830289e3
10569a1a-5622-4b34-9f46-e8ec1a3a9c04
b2a62bc9-a181-4866-a4e5-cd7ccec7e4e4
c52888a9-2a53-4514-bff6-a3f6ab57a6e1

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Көктем сәні» тақырыбында өткізілді. Үйірмеге «Айым» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты.
Сабақта балалар көктем сәні – гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар жайлы және көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысты.
Бүлдіршіндер үшін өте қызықты сабақ болды.

1
2
3
4
5
29afbded-201c-40c2-8be7-71834c7a61ff
b6f4365b-e6e2-4b09-a01c-d8690a1e615c
fa762d1a-8041-4625-841e-607919d5b42e

 

«Супер әке. Супер папа» атты шығармашылық бейнежұмыстарының облыстық онлайн байқауы

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы жас жеткіншекте үйлесімді рухани-адамгершілік тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ете отырып, отбасының басшысы – әкенің отбасындағы бейнесін ілгерілету, отбасылық дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды қайта құруға бағытталған «Супер әке. Супер папа» шығармашылық бейнежұмыстар байқауының аяқталғанын хабарлайды.
Байқауға белсенді қатысқаны үшін барлық жазылушыларға алғыс айтамыз, 69 жұмыс қабылданды.
6 мамыр күні сағат 16.00-де @odb_abai Instagram аккаунтында онлайн эфирде байқау қорытындысы шығарылды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
Қазылар алқасының құрамы Уатаева Баян Куанышқызы – «Абай атындағы қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ басшысы; Жетписбаева Асель Отарбековна – облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі; Какшинский Иван Николаевич – 31 арнаның бейнеоператоры, Әлеуметтік және жарнамалық роликтердің авторы және режиссері, 2009 ж. бейнеспринт бойынша конкурстың жеңімпазы, бейнетүсірілім бойынша курстардың оқытушысы; Тишбаев Ерлан Муратович –«Абай атындағы қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ программисті, Әбдіғалым Мерболат Сағатұлы –«Абай атындағы қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ библиографы жіңімпаздарды жариялады.

«Менің батыр әкем» номинациясы:

Жеңімпаз (3- 5 жас) Сачава София – Бұқаржырау ауданы, Шешенқара аул.;
Жеңімпаз (6-11 жас) – Боранқұл Ділназ – Шет ауданы, Ағадыр аул.;
Жеңімпаз (12-15 жас) – Есенгельдиева Аяулым – Қаражал қ., Жайрем аул;
Қазылар алқасы атап өтті: Есов Нурали, (12-15 лет) – Қарағанды қ.;
Әбілсейіт Ермұхан (8 жас) – Қарағанды қ.
«Біздің отбасымыздағы ерлер дәстүрі» номинациясы:
Жеңімпаз (3- 5 жас) – Пархомей Артем – Саран қ.;
Жеңімпаз (6-11 жас) – Сапарғалиев Санжар – Теміртау қ.;
Жеңімпаз (12-15 жас) – Мұратов Ақан – Шет ауданы, Аксу-Аюлы аул.
«Біздің көп балалы отбасымыз» номинациясы:
Жеңімпаз (6-11 жас) – Сагамбектер отбасы: Сагамбек Сагида, Сагамбек Айару – Қарағанды қ.
«Әкеммен бірге!» номинациясы:
Жеңімпаз (3- 5 жас) – Асхатұлы Шахислам – Бұқаржырау ауданы, Ботақара аул.;
Жеңімпаз (6-11 жас) – Гавриленко Глеб – Теміртау қ.;
Жеңімпаз (12-15 жас) – Мұхаметжан Райымбек – Балқаш қаласы;
Қазылар алқасы атап өтті: Бауыржанұлы Нұрсұлтан (12-15 жас) – Ұлытау аул.
«Көрермендер көзайымы» қосымша номинациясы: Аманкелді Азиз – Қарағанды қ.
Құттықтаймыз!!!!

Тарих куәгерлері

Кітапханамызда «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіңдегі кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы тарихынан сыр шертетін кітапхана қорындағы соғыс жылдарында кеңес баспаларынан шыққан сирек кездесетін 20 дана кітап қойылды.
Ұлы Отан соғысы бұрыңғы кеңестік республикалардың халқы үшін ең ауыр сынақ болды. Соғыс экономиканы құлдыратып, қоғамның барлық салаларында терең ізін қалдырды. Сол кезеңдерде барлық қиындықтарға қарамастан, кітаптар мен басқа да баспа өнімдерін шығару тоқтаған жоқ.
Кітап шығару көлемі үш есе қысқарды. Статистика көрсетіп отырғандай, соғыстың алғашқы жылында Қазақстанда түрлі салалар мен жанрлардың 700-ден астам басылымдар шығарылды. 1945 жылға қарай бұл көрсеткіш 200 атауға дейін азайған. Баспалардың тақырыптық жоспары және шығармалардың тираж көлемі өзгерді. Бірақ бұл жағдайда да әскери тақырыпқа қатысы жоқ кітаптар шығаруды жалғастырды.
Олардың ішінде оқырман Н. Барсамовтың «Иван Константинович Айвазовский» (М.-Л., 1941), «Ұлы жиһанкез Христофор Колумб» кітапшасын (Алматы, 1945), И. Масановтың «Словарь псевдонимов русских писателей, ученых и общественных деятелей» (Мәскеу, 1941), Ж. Жабаевтың «Қамал бұзған қаһарман» (Алматы, 1945) және т.б. таныса алады.
Әдеби процесс тоқтаған жоқ. Соғыс жылдары М.Әуезовтің «Абай» романы жарық көрді. Сондай-ақ қиын-қыстау кезеңдегі әдебиетшілерді қандай тақырыптар шабыттандырғанын «Сборник современной казахской литературы» (Мәскеу, 1941) атты кітаптан жақсы түсінуге болады.
Көрме деректерімен мамыр айының соңына дейін таныса аласыз. Барлық оқырмандарды кітапханамызға шақырамыз!

2
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.36.40
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.38
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.39
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.40

 

«Соғыс жайлы бірер сөз» қалалық мектептердің театрландырылған қойылымдар байқауы жеңімпаздарын марапаттау

2021 жылдың 6 мамыр күні «Соғыс жайлы бірер сөз. Я расскажу вам о войне» қалалық театрландырылған қойылымдардың қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, дипломдар және құнды сыйлықтар табысталды.
«Соғыс жайлы бірер сөз. Я расскажу вам о войне» қалалық театрландырылған қойылымы 2020 жылы өткізіліп, қорытындылануы керек еді, бірақ елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылға ауыстырылды.
Сайысқа облысымыздың 9 мектебі – №56 НОМ, №20 НОМ, №34 ЖББМ, №85 ЖББОМ, №17 ЖББОМ, №9 Гимназия және даму мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Әділ қазылар алқасының мүшелері, қатысушылардың әдеби және әдеби-музыкалық композициялары мен театрландырылған қойылымдарын онлайн және офлайн форматтарда тамашалап, әділ бағаларын берді:
Бас жүлде – «Кестелі орамал» қойылымы үшін №34 ЖББМ;
I орын – «Бауыржан Момышұлы» әдеби композициясы үшін №20 НОМ;
II орын – Валентин Катаевтың «Полк баласы» повесті бойынша «Тырнарлар» театрландырылған қойылымын қойғаны үшін №85 ЖББОМ;
III орын – «Читаем Теркина» әдеби-музыкалық композициясы үшін №9 Гимназиясы;
Қалған мектептерге алғыс хаттарымен және құнды сыйлықтары табысталды.
Сонымен қатар, әділ қазылар алқасы мүшелерінің көзайымына айналып, ерекше көзге түскен 3 қатысушыға диплом берілді:
«Әйел адам рөлін үздік сомдағаны үшін» №34 ЖББМ оқушысы Сыздыкова Альбина;
«Ер адам рөлін үздік сомдағаны үшін» №20 НОМ оқушысы Садвокасов Дамир;
«Үздік эпизодтық рөлі үшін» – №34 ЖББМ оқушысы Токтасын Дамира.
Барлық сайыс қатысушылары 1 ай көлемінде марапатталатын болады.

0
01
1
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18

«Отбасылық оқу: ұмытылған дәстүр ме әлде мәңгілік құндылық па?» дөңгелек үстел

Кітапханада 5 мамыр күні «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Әкемнің қолынан бәрі келеді» облыстық жобасының шеңберінде «Отбасылық оқу: ұмытылған дәстүр ме, әлде мәңгілік құндылық па?» атты дөңгелек үстел өтті.
Кітапхана басшысы Б.К.Уатаева шара модераторы болды.
Аталмыш іс-шара барысында балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру жөнінде талқылады.
Дөңгелек үстелге Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің мұғалімі – ф.ғ.к. доцент Ж.А. Рүстемова; Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері – Г.Б. Жаркеева; «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушылары – А. Т. Жансейтов және Е. М. Ермағамбетов; инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы – С. Ж. Жүсіпова; орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің басшысы – М. Н. Подгайнова.
2020-2021 жылдардағы «Оқырман бенефисі» мерекесінің «Оқитын отбасы» номинациясының жеңімпаздары Егінбаев және Василечко отбасылары қатысты. Шақырылған қонақтар өздерінің кітап оқу тәжірибесімен бөлісті.
Модератор көтерілген мәселенің түрлі аспектілері бойынша қызу, мүдделі пікір алмасуды ұйымдастырды.
Қатысушылардың барлығы балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау қажет деп тұжырымдады.

IMG_2982
IMG_2983
IMG_2986
IMG_2992
IMG_3003
IMG_3007
IMG_3017
IMG_3025
IMG_3032

 

 

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік» онлайн-кездесу

Кітапханада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты онлайн-кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының көмекшісі, полиция полковнигі, Серғали Жұмағұлұлы Тоқтабеков шақырылды.
Серғали Жұмағұлұлы 1986 жылы әскерге Қарағанды қаласы Советтік аудандық военкоматы арқылы шақырылып, 1986-1988 жылдары өзінің Отан алдыңдағы борышын өтеп қайтты. Әскери борышы аяқталғаннан кейін кіші сержант шенімен Ауған соғысына аттанды. Ауғанстан Демократиялық Республикасында кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында мотоатқыштар взводы командирінің орынбасары қызметтің атқарды, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аға сержант шенімен запасқа шығарылды.
Кездесу барысында С. Тоқтабеков Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары жайлы әскери қызметкер болудың қызығы туралы әңгімелеп берді. Шара соңында қонағымыз жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.

1
2
3

«Сарыарқа-дала өркениетінің алтын бесігі»

«Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының отырысы аясында, «Сарыарқа-дала өркениетінің алтын бесігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараның қонағы Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі  Мәкен Әділ клуб мүшелеріне, Орталық Қазақстанның көшпенділер өркениеті мен алтын адам феномені туралы айтып берді.
Клуб мүшелері – №2 Лицей мен №20 НОМ оқушылары, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының этнография және археология мұражайы директоры – Марина Бедельбаева ұсынған, әлемнің ежелгі пирамидаларының бірі туралы «Казахстан – легенды степи» (ТРК «МИР») циклі бойынша, «Каражартас – пирамида фараона степи» деректі фильмін тамашалады.
Балалар Орталық Қазақстанның археологиялық олжалары туралы, сонымен қатар жаңалықтардың маңыздылығы мен көшпенділердің далалық өркениетінің тарихы және басқа да көптеген қызықтыратын сұрақтарын қойды.

1
2
3
4
5
6

Қазақстан халқының бірлігі күні

Кітапханада 27 сәуір күні «Ұлттық бірлік – Қазақстан халықтарының достығы» атты тәрбие сағаты өтті. Шараға Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің балалары қатысты.
Кітапханашы қатысушыларға ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы туралы, ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу туралы әңгімеледі.

IMG_2895
IMG_2907
IMG_2910
IMG_2911
IMG_2916
IMG_2917