Көңілді ағылшын

Көңілді ағылшын

Жаз айында 5 – 10 жас аралығындағы балалар үшін, әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 14.00-де «Көңілді ағылшын» сабағы өтеді.
«Көңілді ағылшын» сабақтарын Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетінің II курс студенттері өткізеді.
Алғашқы сабақтарда «The little House. Теремок» ертегісі оқылып, ойын түрінде дене мүшелерінің атауларын үйретті.
Ол үшін «Вodu Song» бейнеролигі қолданылды. Балалар өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жетекшінің айтқандарын қайталап, бейнероликте берілген әнді шырқады.
«Көңілді ағылшын» сабағы балалардың сөздік қорын өлеңдер, әндер, санамақтар, жаңылтпаштар және сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы толықтыру үшін қажет.
Барлық жас оқырмандарымызды «Көңілді ағылшын» сабағына шақырамыз!

0
5
6
1
2
3
4
Comments are closed.