Кеңес әскерлерінің Ауғанстан күні

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан күні

Кітапханада Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне арналып Ауғанстан соғысына қатысушылармен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының көмекшісі, полиция полковнигі С.Ж.Тоқтабеков және запастағы сержант, «Ардагер» Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының мүшесі И.Г.Молодов арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Қонақтар мектеп оқушыларына соғысқа қалай келгендерін, кеңес жауынгер-интернационалистер интернационалдық борышын өтеу кезінде қандай адамгершілікке жатпайтын сынақтардан өткендері туралы айтып берді. Жас оқырмандар құрметті қонақтарға әдеби поэтикалық сыйлық әзірледі. Кездесу соңында И.Г.Молодов кітапхананың кітап қорына ауған майдандарында хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеуге арналған бірегей басылымды сыйға тартты.

IMG_8062
IMG_8078
IMG_8081
IMG_8084
IMG_8101
IMG_8107
IMG_8111
IMG_8124
IMG_8118
IMG_8117
Comments are closed.