Кинозал «Қаз дауысты Қазыбек би»

Кинозал «Қаз дауысты Қазыбек би»

Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай «Сарыжайлау» кинотеатрымен бірлесе отырып «Қаз дауысты Қазыбек би» атты кинозал өтті.
Сабаққа №17 ЖББМ және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің 7-10 сынып оқушылары қатысты. Балалардың назарына «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Қазыбек бидің өмірбаяны мен шешендік жолы туралы мол мағлұмат жинақталған кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.
Оқушылар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Қаз дауысты Қазыбек би» атты деректі фильмін тамашалады. Фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай.
Кітапхана қорына кинотеатр ұжымының атынан «Ғасырлар даналығы бабалар мұрасында» кітап фотоальбомы, «Қаз дауысты Қазыбек би» CD-дискісін сыйға тартты.
«Сарыжайлау» кинотеатырмен ынтымақтастықта жұмыс жасағанымыз үшін ризашылық білдіреміз.

IMG_8404
IMG_8405
IMG_8406
IMG_8420
IMG_8425
IMG_8429
IMG_8430
Comments are closed.