Кітап – балалардың ең жақсы досы

Кітап – балалардың ең жақсы досы

Кітапханада 12 наурызда «Сәлеметсің бе, кітап мерекесі! Здравствуй, книжкин праздник!» Балалар кітабының апталығы ашылды.

Мерекеге «Гвоздичка» балабақшасының балалары, «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері, № 95 гимназияның 3 сынып оқушылары қатысты.

Симка мен Нолик, Барбоскиндер отбасы, Кітап Ханшасы және басқа да әдебиет кейіпкерлері холлда қонақтарды қарсы алды, «65 жыл – 65 кітап» эксклюзивті кітап көрмесімен таныстырды, 12-16 наурыз аралығында балалар кітапханасында өткізілетін мерекелік іс-шаралар туралы әңгімеледі.

Кітап Ханшасы мерекелік апталықтың ашылуы туралы салтанатты түрде жариялады, барлық балаларды кітаптар күнімен құттықтады.

Биылғы жылы Кітаптар апталығы өзінің 75-жылдығын атап өтеді, ол тіптен қартаймаған, бірақ жаңа кітаптармен, осы мерекеде балалармен кездесуге асығатын балалар жазушылары мен ақындарының жаңа есімдерімен бірге жыл сайын жасарады.

«Импульс» тобы «Баблап» биімен және «НЕвзрослые» мюзикл студиясы айырықша пантомималық қойылымымен мерекенің сәні болды.

«Гвоздичка» балабақшасының ең кішкентай оқырман тәрбиеленушілері кітаптар және оларға ұқыпты қарау туралы әсерлі өлеңдерін оқыды.

Балалар 2018 жылдың символы итке арналған «Адамның сенімді досы. Верный друг человека» әдеби викторинаға қатысып, көрмедегі үй жануарлары туралы ең жақсы шығармалармен танысты.

«Сөздер бұлты. Облако слов» ойыны мерекеге қатысқандарға әдебиет кейіпкерлерін, ең танымал балалар кітаптарының атауын және осы шығармалардың авторларын еске алуға көмектесті.

Мереке «Қояндар мен кірпілер. Зайчики и ежики» атты қызықты музыкалық жаттығумен аяқталды.

Comments are closed.