«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Ағымдағы жылғы 14 ақпанда кітапхана қызметкерлері «Кітапты сыйлыққа тартудың халықаралық күні» аясында Қарағанды қаласының №64,17 мектептеріне барып, «Кітапханаға кітап сыйла» мерекелік акциясын жалғастырды. Мектеп басшыларына кітапхана атынан балаларға арналған кітаптар топтамасы мен журналдар сыйға тартылды.

Балалар үшін 3D технологияларын пайдалана отырып, әдебиеттердің, мерзімді басылымдарының, «Айтшы, әжетай» балалар журналының қарап-көрулері, слайдтық таныстырылымды пайдалана викториналар ұйымдастырылды.

Екі күн ішінде акцияға қала мектептерінен 300-ден астам оқушы қатысты, Абай балалар кітапханасының қызметкерлері балалар мен мұғалімдерге Кітапты сыйлыққа тартудың халықаралық күнін белсенді түрде насихаттады.

Кітапхананың балалар оқуын қолдауы, біздің қаламызда кітапты сыйға тарту дәстүрін жандандыруы және жаңа оқырмандарды тартуға ықпал етуі арқылы акцияның мақсатына қол жеткізілді.

Comments are closed.