«Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» кітапханалық дәріс

«Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» кітапханалық дәріс

20 сәуір күні Алаш ақыны, ғалым, қоғам қайраткері, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында кітапханалық дәріс өткізілді.
Жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында кітапханада Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясы академигі, әдебиеттанушы ғалым Смағұлов Жандос Қожахметұлы дәріс оқыды.
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әліпбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді.
Шараға Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, «Ақпараттық Технологиялар» Мамандандырылған Мектеп-Лицей-Интернаты, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары және «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің I курс студенттері дәріс сабағына қатысты.
Дәріс барысында А.Байтұрсынұлы шығармашылығының өзекті мәселелері мен тағылымды өмір жолы, философиялық, эстетикалық және қоғамдық көзқарастары, замандастарының, ақын әрі қайраткердің шығармашылығына деген көзқарасы жайлы сөз болады.
Кітапхананың оқу залында А. Байтұрсынұлынына арнап «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қаламгердің «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш», «Көп томдық шығармалар жинағы», «Өлеңдер», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» және т.б кітаптары қойылды.

Comments are closed.