«Отты жазу» танымдық тәжірибесі

«Отты жазу» танымдық тәжірибесі

Кітапханалық «Қызықты ғылым» зертхана аясында оқырмандарға кітапханашының қадағалауымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып «Отты жазу» тәжірибесі өтті.
Бұл шара балалардың қызығушылығын оятты. Не себепті жазу отпен жазылады? – деген сұрақ қатысушыларды ойландырды.
Оқырмандар калий нитраты (KNO3) – деп аталатын химиялық элементпен танысты. Кітапханашы белгілі бір мөлшерде калий нитратының концентрацияланған ерітіндісін дайындады. Қағаздағы суреттің контуры бойымен калий нитрат ерітіндісін сіңдіре отырып тәжірибе жасалынды.
Құрғаған қағаз парағындағы контурлық үлгіні сіріңке арқылы тұтатып ОТТЫ ЖАЗУ нәтижесін көрді.
Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре алатын таңғажайып, түрлі-түсті, қызықты эксперименттік жұмыстарды жасау және бақылау оқырмандарға ұнады.

Comments are closed.