«Жазушылардың мерейтойлары 2022 жыл» өлкетану кітап көрмесі

«Жазушылардың мерейтойлары 2022 жыл» өлкетану кітап көрмесі

Кітапханада өз өлкеміздің көрнекті тұлғаларының айтулы датасына байланысты «Жазушылардың мерейтойлары 2022 жыл» атты өлкетану кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмеге қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, зерттеуші Жайық Бектұровтың 110 жылдығына орай «Өткел», «Жол жоралғысы», «Таңба» «Енеден ерте айрылған төл секілді» кітаптары және зерттеуші, натуралист Юрий Поповтың туғанына 85 жыл толуына байланысты «Қарқаралы», «Их помнит Сарыарка», «Свидание с Сары-Аркой», «Каркаралинские узоры», «Каркаралинские находки», «Под небом Каркаралы» т.б басылымдар қойылды. Жазушы, әдебиет зерттеушісі ғалым Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақтың күй өнері», «Алаштың аяулы Ақселеуі», «Ойтолғақ», «Қазақ әлемі», «Алаштың Ақселеуі» және Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, ақын, қаламгер Жеңіс Қашқыновтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ашылған сыр», «Ағаны жұрт мақтайды», «Ақжолтай Ағыбай батыр», «Он тоғызыншы биіктік», «Соқпақтар», «Заңғар» атты кітаптары қойылды.
Әрине, аталған даталармен осы жылға арналған әдеби күнтізбенің байлығы сарқылмайды. Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады, сондықтан жаңа басылымдардың түсуіне қарай жаңартылады.
Барлық ниет білдірушіоқырмандарды кітапханаға шақырамыз!

IMG_7670
IMG_7677
IMG_7679
IMG_7680
IMG_7683
IMG_7686
IMG_7688
IMG_7689
IMG_7690

 

Comments are closed.