Archive Ақпан 2018

«Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы»

Кітапханада №68 Мектеп-интернат-бала бақша жалпы білім беру кешенінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты мерзімді басылымдарға шолу өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында жүктелген 10 нақты міндеттері түсіндіріліп, республикалық және жергілікті газеттерде, «Мәдениет», «Мөлдір бұлақ» журналдарында жолдау аясында жарық көрген мақалаларға шолу жасалды.

Кеңістік және уақыт аралығына саяхат

Қарағанды қаласы күні қарсаңында Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖОМ 3-4 сынып оқушылары үшін «Кеңістік және уақыт аралығына саяхат. Путешествие сквозь пространство и время», онда Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, экономикалық және мәдени орталығының пайда болу және қалыптасу тарихы слайдтық таныстырылым арқылы баяндалды. Әрі қарай оқу

Қытай мәдениеті мен әдебиетінің күні

Әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара сыйластығы, толеранттылығы және диалогы негізіндегі қарым-қатынастың қажеттілігін жас ұрпақтың ұғынуын қалыптастыру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы ақпан айында Қарағанды қаласының этномәдени орталықтарының күндерін жариялады. Әрі қарай оқу

Поэзия әлемі

Тамыры ажырап, болмысын жоғалтып бара жатқан ұрпақты сақтап қалудың бір жолы – руханиятқа үндеу. Қазақтың тамыры өлеңде. Осы орайда балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатында ақпан айының 8 күні «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы «Поэзия әлемі» атты поэзия шеңбері нұсқасында өтті. Шараға №1 Білім-инновация лицей-интернаты және №41 ЖББОМ 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әрі қарай оқу