Маусым 10, 2021 «Үздік бол – кітап оқы!» By odb-abai inЖаңалықтар Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында кітапханада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Үздік бол – кітап оқы!» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Қаланың орталық көшелеріндегі билбордтарда Қазақстанның және Қарағанды облысының танымал тұлғаларының кітап оқу маңыздылығы туралы сөздері жазылған баннерлер орнатылды. Жоба көрнекі жарнаманың көмегімен қоғамды балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуының маңыздылығына назар аударуға ықпал етеді. Осы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік жасаған Қарағанды қаласының ішкі саясат бөліміне зор ықылас білдіреміз!
Маусым 9, 2021 «Білгенге маржан» By odb-abai inЖаңалықтар Балалардың көптен күткен жазғы демалысы да басталды. Кітапхана бастауыш сынып оқушыларына арнап «Білгенге маржан» атты өлкетанымдық жаяу серуендеу ұйымдастырып, қала тарихының жаңа және қызықты беттерін ашты. Ең алғашқы өлкетанымдық жаяу серуендеу қаламыздың Орталық саябағында өтті. «Смайлик» балалар лагерінің тәрбиеленушілері саябақтың 1935 жылы құрылғанын білді. Олар гид-жетекшісімен балалар темір жолын аралады. Қазіргі саябақтың орнында ертеде хайуанаттар бағы болғандығы туралы ақпарат балаларды қатты таңқалдырды.
Маусым 8, 2021 «Перғауын жыландары» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 8 маусым күні қызықты деректер күні аясында балаларға арналған «Перғауын жыландары» атты тәжірибе өткізілді. Балалар «Перғауын жыландарын» тек кальций глюканатын қолдану арқылы ғана емес, сонымен қатар қант, ас содасы, этил спиртінің көмегіменде жасады. Екі тәжірибе де балалардың қызғушылығын оятты. Балалар мен ересектер заттардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысты. Перғауын жыландары түрінде алынған реакциялар қарапайым және қауіпсіз болды, мөлшері, түсі, жану жылдамдығы бойынша ерекшеленді. Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды. «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы соңында қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.
Маусым 7, 2021 Ұлттық мәдениет күні. «Асық ойнауды үйрену» By odb-abai inЖаңалықтар Балалардың жазғы демалыстарын қызықты да көңілді өткізу үшін кітапханада жаз айларында «Жаз. Балалар. Кітап» атты ұзақмерзімді жоба жұмыс жасайды. Жоба аясында аптаның әр дүйсенбісі ұлттық мәдениет күніне арналады. Бірінші мәдениет күні асық ойнап үйренуге арналды. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары және «Гвоздичка» балабақшасының бүлдіршіндері асық ойынының көптеген: «Ханталапай», «Бес асық», «Асықты тігіп ойнау» түрлерін ойнап үйренді. Олар уақытты қызықты өткізді. Әсіресе жаз мезгілінде балалардың сүйіп ойнайтын ойыны – асық. Жүргізуші ойынның шығу тарихын, Орта Азиядағы ең көп таралған ойындардың бірі екенін, асықты әртүрлі түске де бояуға болатынын, салмағына, өлшеміне қарай әртүрлі атаулары барын, бұрыңғы хан-сұлтандардың балаларының «сақасына» алтын құйылғанын әңгімелеп берді.
Маусым 2, 2021 «Балалар.Жаз. Кітап» By odb-abai inЖаңалықтар 2 маусымда «Балалар.Жаз. Кітап» жазғы оқу залының ашылуы болды. Жазғы оқу алаңында «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері және кітапхана оқырмандары жаңа кітаптармен танысты. Балалар бордың көмегімен асфальтта сурет салып өз қиялдарына ерік берді.Сонымен қатар түрлі – түсті қаламдардың көмегімен ақ қағазға кітап кейіпкелерін бейнеледі. Бұл күн балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосты.
Маусым 1, 2021 «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз» By odb-abai inЖаңалықтар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы атындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесіп кітапхана «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз» акциясы ұйымдастырып өткізді. Кітапхана қызметкерлері және кітапхананың тұрақты жас оқырмандары даму мүмкіндігі шектеулі балалар Раян Әбдіқайым, Егор Хомич және Маргарита Верфельдің үйлеріне барып кітаптар мен журналдар сыйлады.
Маусым 1, 2021 «Әдеби сарапшы» By odb-abai inЖаңалықтар «Әдеби сарапшы» оқылған кітап жайлы үздік пікір қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні – «Ертегі әлемі немесе балалық шақ» атты мерекелік шара аясында, «Әдеби сарапшы» оқылған кітап жайлы үздік пікір қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар табысталды: Бас жүлде – Стадник Полина, «Қ. Сәтпаев атындағы Гимназиясы» КММ 3 сынып оқушысы; I дәрежелі диплом – Владимирқызы Айсұлу, №17 ЖББОМ 2 сынып оқушысы; II дәрежелі диплом – «Супермалыш» балаларды дамыту орталығы, 7 жас; III дәрежелі диплом – Маратов Бекжан, №15 ЖББОМ 3 сынып оқушысы. Басқа байқау қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Маусым 1, 2021 «Ертегі әлемі немесе Балалық қаласы» By odb-abai inЖаңалықтар Балаларды қорғаудың халықаралық күні – бұл бүкіл әлем балаларының мерекесі. Бұл күні кітапхана оқырмандары мен қаламыздың жас тұрғындары үшін OPEN тәртібінде «Ертегі әлемі немесе Балалық қаласы» ойын және интерактивті ойын алаңдары ұйымдастырылды. Мереке басталар алдында достық, демалыс, жаз, балалық шақ туралы әндер шырқалады, «Біздің балалар нені оқиды?» кітап көрмесі үйіндісі безендірілді. Іс-шара кітапхана оқырмандары Ерниязова Инабат (6-сынып, №15 мектеп) және Трофименко Эрика (2-сынып, №1 гимназия) жүргізген салтанатты бөлімнен басталды. Балаларға тақырыптық алаңдарға бару ұсынылды: «Кітаптар ауласы», онда «Qasym» баспасының кітаптарымен танысып, және сатып алу мүмкіндігі болды. «Сен кімсің, кейіпкер?», онда Алтын Әтеш әдеби кейіпкерлер мен ертегі заттарын білуі бойынша әдеби викторина өткізді. «Даладағы ойындар» алаңы, Ер Төстік пен Батыр балалармен «Асық», «Африкалық қуыспақ», «Даршылар (Арқанда жүрушілер)» ұлттық және гирь ойындарын ойнады. «Әдеби әткеншек» еркін микрофон алаңы, онда әрқайсысы сахнада жарқырап көрінді: өлеңдер және көркем шығармалардан үзінді оқып, ән айтып, би билеп, өз талантын көрсетіп, кітапхана серіктесі – «Нәтиже» компаниясының сыйлықтар алды. Мереке сәтті өтті! Балалар ойындар мен байқауларға белсене қатысты, сергектік қуаттылығы мен жағымды көңіл-күйде болды.