Archive Желтоқсан 2021

Ауызша журнал

14 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Желтоқсан: оқиғалары мен фактілері» атты ауызша журнал өткізілді.
Іс-шараға №17 ЖББОМ, Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 10, 6 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы және «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл!» атты бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

44
33
22
11
IMG_7047

 

«Әлемдегінің бәрі қызықты»

Кітапханамызда желтоқсан айының 10 күні оқушыларды анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар және сөздіктер арқылы білімдерін жетілдіре түсу мақсатында «Әлемдегінің бәрі қызықты» атты кітапханалық-библиографиялық сабақ өтті. Сабаққа №95 гимназияның 6 сынып оқушылары қатысты.
Сабақ барысында оқушылар анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі энциклопедиялар және түрлі сөздіктермен танысып, олармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы ақпараттар алды. Библиографиялық-кітапханалық сабақ соңында осы әдебиеттерді дұрыс пайдалану арқылы балалармен «Тауып көр» атты ойын ойнатылды. Оқушылар бұл ойында екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды кітап көрсетіліміне қойылған (20 кітап) әдебиеттерді пайдалану арқылы жылдам орындап, білімдерін шындай түсті. Ойын соңында екі команданың ұпай сандары саналып жеңіске жеткен топқа «Тапқыр» дәрежесі берілді.

IMG_6841
IMG_6881
IMG_6850
IMG_6867
IMG_6869
IMG_6872
IMG_6875
IMG_6879
IMG_6849
IMG_6894

«Киіз үй»

9 желтоқсан күні ұлттық құндылықтарымызды жандандыру мақсатында Абай атындағы балалар кітапханасы қызметкерлері «Aqyldy Bala» ерте жастағы балаларды дамыту орталығындағы балаларға арнап «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренингін өткізді.
Кітапханашылар балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысымен және жабдықтарымен таныстырды. Балалар экологиялық таза шикізаттан жасалған көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы «Киіз үй» этноконструкторын үлкен қызығушылықпен құрастырды.

1
2
3
4
5
6

 

Экскурсия

Бүгін кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысу үшін А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 1-сынып оқушылары, «Babyclub» мектепке дейінгі шағын орталығының балалары экскурсияға келді.
Балалар кітапхана ережелерімен, үйірме жұмыстарымен танысып, сондай-ақ балаларға арналған кітапхана қорындағы ерекше басылымдар Аруна баспасы 3D «Теңіз қарақшылары», Алматы кітап баспасынан «Менің Отаным-Қазақстан» және т.б кітаптармен танысты. Экскурсия соңында балалар ертегі кейіпкерлері бойынша электронды ойын ойнап, Ә.Тәжібаевтың поэмасы желісімен «Сақ» киностудиясында түсірілген «Толағай» мультфильмін көрді.

6
2
7
8
9
10
1
3
4
5

«Киіз үй»

9 желтоқсан күні ұлттық құндылықтарымызды жандандыру мақсатында Абай атындағы балалар кітапханасы қызметкерлері «Aqyldy Bala» ерте жастағы балаларды дамыту орталығындағы балаларға арнап «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренингін өткізді.
Кітапханашылар балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысымен және жабдықтарымен таныстырды. Балалар экологиялық таза шикізаттан жасалған көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы «Киіз үй» этноконструкторын үлкен қызығушылықпен құрастырды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің жетекшісі сабаққа қатысқан Алькарим, Карина, Даниилға «Сағат тілін үйренейік!» тақырыбында сабақ өткізді.
Балалар сабақ барысында Б. Салыхованың «Сағат неше болды?» кітабы бойынша уақыттың өлшем бірліктері (минут, сағат, күн, апта, ай) атауларын қазақ тілінде айтып үйренді.

IMG_6817
IMG_6818
IMG_6820
IMG_6825
IMG_6836

«Жемқорлыққа жол жоқ!» ұран-плакаттары қалалық байқауы

8 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұран-плакаттары қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқауға қаланың 20 білім беру мекемесінен 11-13 жас аралығындағы балалар қатысты, сайысқа 74 жұмыс ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Н.М.Мекеев – қазылар алқасының төрағасы; Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің бөлім меңгерушісі С.В.Черкаева, №2 өнер мектебінің оқытушысы С.Б.Цыбуля, ҚР мәдениет қайраткері, қоюшы-суретші, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының көркемдік өндіріс бөлімінің меңгерушісі Ж.М.Садырбеков енгізілді.

Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде – Блялов Диас, №2 арнайы мектеп-интернаты, 6 сынып
І орын – Суртубаева Ляйля, «Таңшолпан» балалар үйі, 6 сынып
ІІ орын – Жунусов Рамазан, Н.Әбдіров атындағы №58 ЖББМ, 6 сынып
ІІ орын – Мерейұлы Аллаберген, №2 арнайы мектеп-интернаты, 5 сынып
III орын – Сейфуллина Ясмин, Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, 7 сынып
III орын – Кобасова Диана, Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ, 7 сынып

Номинациялар бойынша үздіктер:
«Ең креативті жұмыс» – Беркинова Инкар, №3 гимназия, 8 сынып
«Әсерлігі үшін» – Джиоева Карина, «Әсем» балалар үйі, 5 сынып
«Ең үлкен плакат» – Ушкаленко Карина, Гумирова Алена, Хорошилова Полина, Хорошилова София, Шәкәрім атындағы гимназия, 9 сынып
«Ең ықшам жұмыс» – Сарқыт Ерке, Сәкен.Сейфуллин атындағы гимназияның 8 сынып оқушылары.
«Көркемдік шеберлігі үшін» – Шарипов Тимур, №78 НОМ, 6 сынып
«Бірегей мәні үшін» – Малеева Виктория, №2 өнер мектебі, 7 сынып
Ынталандыру сыйлықтарын алғандар: Заимбаева Алана, №48 ЖББМ, 6 сынып; Совет Нұрқайыр, №104 мектеп-гимназия, 6 сынып; Краснощекова София, №48 НОМ, 6 сынып; Трушников Сергей, «Таңшолпан» балалар үйі, 6 сынып; Свирид Ринат, «Әсем» балалар үйі, 5 сынып.
«Белсенді қатысқаны үшін» номинациясында С.Сейфуллин атындағы гимназия жеңімпаз болды, гимназиядан 15 жұмыс ұынылды.
Жеңімпаз балаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Құттықтаймыз!!!

IMG_6622
IMG_6626
IMG_6635
IMG_6644
IMG_6658
IMG_6670
IMG_6684
IMG_6722
IMG_6724
IMG_6730
IMG_6736
IMG_6740
IMG_6750
IMG_6682
IMG_6691
IMG_6710
IMG_6692
IMG_6698

«Көңілді ағылшын»

Жексенбі күні кітапханада «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Жемістер» тақырыбында өтті. Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Балалар карточкалармен «Go around the flashcards» ойынын ойнап, жемістердің ағылшын тілінде атауларын тақтаға жазып, үйренді.
Сабақ өте қызықты және көңілді өтті.

1
2
3

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің жетекшісі сабаққа қатысқан Алькарим Айткуловқа «Жыл айларының атауларын» таныстырып өтті. Алькарим он екі ай атауын ребус арқылы шешіп үйренді. Сабақ көңілді және қызықты болды.

25a4cf0c-948f-48d2-901f-a3dcd4fe776a
41f03ce0-6f37-4c9e-bad7-bc127460ffdd
photo_2021-11-25_16-48-01
photo_2021-11-25_16-48-03

«Назарбаев – тарихтағы кемеңгер тұлға»

Кітапханада ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Назарбаев – тарихтағы кемеңгер тұлға» атты квест-экскурсия өткізілді.
Іс-шараға ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 6-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар квест кезінде әрбір кедергілердің кілтін тапқырлықпен шапшаң тапты. Әр бөлімдерде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Елбасыға арналған арнайы логотипі бар кітапты тауып, еліміздің тәуелсіздік алғаннан жылынан бастап, осы күнге дейінгі тарихи кезеңдеріне сипаттама берді.
Сондай-ақ кітапханашы оқушыларды Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен кітаптар туралы қызықты мәліметтермен таңыстырды.

IMG_6585
IMG_6588
IMG_6589
IMG_6599
IMG_6600
IMG_6607
IMG_6611
IMG_6612