Archive Желтоқсан 2022

Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы.

Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді.
Осы тұрғыда ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жыл Балалар жылы деп жариялады. Айтулы жыл аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында біршама ауқымды іс-шаралар атқарылып, көптеген жобалар жүзеге асырылды.

 

«Қауырсын қалам» клубы

Кітапхана төрінде Қарағанды авторлары мен әдеби шығармашылыққа құмар балалардың кезекті кездесуі өтті.
Іс-шараға белгілі қарағандылық ақын Вера Голобородько қатысты. Қонақ балаларға қалай ақын болғанын, шығармашылық адамның жолында қандай қиындықтар мен кедергілер туындауы мүмкін екенін айтты. Автор қатысушыларға қыс мезгілі туралы өлеңдер мәнерлеп оқып берді.
Балалар клуб жұмысы бойынша өз тілектерін білдірді. Келер жылға да көптеген қызықты, танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланды.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті дауыстап оқу өткізілді.
Жас оқырмандарға жүргізуші, театр және кино әртісі Думан Аким балалар жазушысы Вера Вьюганың «Ой-сказки» атты тамаша шығармасын оқып берді.

«Free Style» арт-шеберханасы

Желтоқсан айынының 18 күні «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Шашқа арналған әшекей бұйым» тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі шаш түйреуішті өз қолдарымен жасады. Шаш түйреуішті жасауға таяқшалар, проволка, биссер, түрлі-түсті моншақ, монетка, леска пайдаланды.
Биылғы жылы «Free Style» арт-шеберханасының шеберлік-сыныбына біздің тұрақты 24 оқырман қыздарымыз қатысты. Үйірме жетекшісі Ыбрайм Жайна қыздармен бірге «Шашбау», «Сырға», «Білезік», «Шашқыстырғыш», «Ободок», «Резинка», «Сақина» және т.б әшекей бұйымдарды өз қолдарымен жасап үйренді. Біздің шеберлік-сыныбына қатысқаны үшін барлық оқырман қыздарымызға рахмет!

Мадияр Қасымалының қатысумен «Жетістік формуласы» бағдарламасы.

14 желтоқсан күні «Saryarqa» телеарнасында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен IChO-2022 Халықаралық химия олимпиадасының жеңімпазы Мадияр Қасымалының қатысуымен «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Мадияр Қасымалы «№1 Білім-инновация» лицейінің шәкірті алтын медаль иегері. Қазіргі таңда Н.Назарбаев атындағы университтетің бірінші курс студенті.
Болашақ ғалыммен кездесуге Қарағанды машина жасау колледжі, Әбілқас Сағынов атындағы мектеп-колледжінің студенттері, Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернаты, және №1 Білім-инновация лицейінің оқушылары жиналды.
Кездесу барысында қонаққа отбасы, хоббиі, олимпиаданың жеңісіне байланысты көптеген қызықты сұрақтар қойылды.
«Сіздің жетістік формулаңыз қандай?» деген сауалға Мадияр: «Жетістіктің формуласы жоқ, барлығы жеке, тек дұрыс көзқарас пен еңбекқорлық маңызды»,- деп жауап берді. Мадияр балалық шағында сиқыр өнеріне қызығушылық танытқанын, тіпті оларды көрсетуде де жетістікке жеткенін мойындады. Қатысушыларға сиқыр көрсетіп қонақ қошеметке ие болды.
Бағдарламаның соңында Мадияр ең қызықты сұрақ қойған қатысушыларға естелік сыйлықтар берді, қонаққа дәстүрлі түрде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы және жетістік пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйы табыс етілді.

 

«Біз – Қазақстанның балаларымыз»

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің балаларына «Біз – Қазақстанның балаларымыз» атты әдеби сағат өткізілді.
Балалар іс-шараға белсене қатысты, тақпақ айтты, ойын ойнады, жұмбақтар шешті.

Жастар пікірсайысы

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында кітапханада «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» атты жастар пікірсайысы өткізілді. Шараға №1 гимназия мен №91 ЖББМ оныншы сынып оқушылары қатысты.
Жастар арасында пікірталас өте қызықты өтті, себебі біздің сайыс «Патриотизм: шындық немесе миф» тақырыбында қысқартылған «Британдық» форматта өтті.
«Үкімет» командасының спикерлері жастар арасында патриотизмнің маңыздылығын дәлелдеп, өмірден нақты фактілерді келтірді. «Оппозиция» жастар арасындағы патриотизм тек қағаз жүзінде бар және бұл ұғым миф деген пікірге қарсы дәлелдер келтірді. Аталмыш шараны пікірсайыс клубының үйлестірушісі – Стефания Матисон жүргізді.
Қазылар алқасының құрамында ҚарМУ пікірсайыс клубының үйлестірушісі, Жастар Ассамблеясы жанындағы «пікірсайыс лигасының» тең құрылтайшысы Т.Тілеулин және педагогика ғылымдарының магистрі, Орталық Қазақстан академиясының психология және әлеуметтік жұмыс факультеті тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі деканының орынбасары Г. Жұмаділова болды.
Пікірсайыста №1 гимназияның «Оппозиция» командасының спикерлері жеңіске жетті. Іс-шара соңында балаларға «Kahoot» «Тәуелсіздік күні» платформасында интерактивті ойын ұсынылды.

Балалар жылын қорытындылаудың салтанатты марапаттау рәсімі

2022 жылғы 13 желтоқсанда С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыс кітапханаларында Балалар жылының қорытындысы бойынша салтанатты рәсім өтті.
Салтанатты рәсімде Балалар жылының қорытындысы және облыстың 2022 жылғы Үздік кітапханаларының байқауы сонымен қатар балаларға арналған Үздік жоба жеңімпаздары анықталды.
Жеңімпаздарды дипломдармен және алғыс хаттармен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің «Ерен еңбегі үшін» құрметті атағының иегері Р. К. Омарбекова, «Қазақстан – Қарағанды» ТРК Қарағанды облыстық филиалының директоры Б. С. Дүйсетаев, ҚР Мәдениет қайраткері, кітапхана ісінің ардагері Г.Ә. Бекбалакова, бала құқықтары жөніндегі уәкіл И.Б. Киселева, «Дарынды бала» көшбасшылықты дамыту балалар орталығының құрылтайшысы, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері А. Қ. Хамитова сынды құрметті қонақтарымыз марапаттады.
«Үздік қалалық балалар кітапханасы» номинациясы бойынша Балқаш ОКЖ А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы марапатталды.
«Үздік аудандық балалар кітапханасы» номинациясы бойынша Қарқаралы ОКЖ орталық аудандық балалар кітапханасы жеңімпаз атанды.
«Үздік ауылдық балалар кітапханасы» номинациясында – Нұра ОКЖ Мыңбаев ауылының балалар кітапханасы марапатталды.
«Балалар жылында балаларға арналған үздік жоба» номинациясы бойынша Қарағанды ОКЖ балаларға қызмет көрсету бойынша № 12 кітапхана-филиалының «Әлем мейірімге толы болсын» атты ерекше балалармен жұмыс жөніндегі жобасы ең қызықты әрі лайықты деп танылды.
Барлық жеңімпаздар Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдарымен және 200 мың теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды.
Мерекелік іс-шараға білім беру саласының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, балалар жазушылары мен ақындары, «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» облыстық жобасының қатысушылары, серіктестер мен демеушілер шақырылды.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды:
Үздік оқырмандар- мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 9 «А» сынып оқушысы Акеева Аяжан; №27 мектептің 7 «А» сынып оқушысы Егінбай Мәди; № 23 мектептің 2 сынып оқушысы Ерғалы Әлихан; көру қабілеті шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының 4 «Г» сынып оқушысы Қайыржан Нұрсұлу; 7 «А» көру қабілеті шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының 7 «А» сынып оқушысы Харрасова Камила; №27 мектептің 5 «Б» сынып оқушысы Македонец Анастасия.
Ең көп оқитын отбасылар – Василечко отбасы, Инкарбаевтар отбасы, Тарабукиндер отбасы, Бизақовтар отбасы.
Серіктестер, демеушілер – «АЙЗА компаниясы» ЖШС директоры Г.В. Якимов; «Радуга әлемі» мерекесі студиясының жетекшісі А. А. Әбішева; жазушы, ата-аналар университетінің кураторы, «Талант» шығармашылық студиясының жетекшісі И. Н. Воронков; «№3 Автопарк» ЖШС директоры А. М. Григорян; «Богатырь» өндірістік-сауда компаниясының басшысы Бондаренко О. Ю.; «QASYM БАСПА ҮЙІ» ЖШС директоры Қасембекова А. К.
Мектептер- № 97 мектеп – гимназия, Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, № 4 мектеп-интернат, «Бастау» қазіргі заманғы білім беру мектебі, А. Байтұрсынов атындағы мектеп – гимназия, Абай атындағы № 104 мектеп – гимназия, «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты, мектептер №25; № 27, №30.
Салтанатты іс-шара барысында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың балалар жылында іске асырылған «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» бірлескен жобасының тұсаукесері өтті.
Салтанатты рәсім барысында облыс кітапханашылары ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының алғыс хаттарымен марапатталды.

«Шәкәрімнің өсиеті – адалдық айнасы»

Шәкәрім атындағы гимназияның бастауыш сынып оқушыларына «Шәкәрімнің өсиеті – адалдық айнасы» атты адалдық сабағы өтті.
Сабақ барысында кітапханашы оқушыларға ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын – Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы туралы қысқаша айтып өтті.
Балалар ақынның адами құндылықтар туралы, білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап, іс қылуға, «адамдық борыш – ар үшін қызмет ету» жөніндегі өсиеттерімен тереңірек танысты.

Әдеби Косплей!

Міне, Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған 2022 жыл да аяқталуға жақын қалды. Жыл бойы Балалар жылының аясында балаларға кітапты насихаттаудың сан-алуан формалары қарастырылды. Сондай ерекше формада ұйымдастырылған іс-шарамыздың ең соңғысы 9 желтоқсанда өткен « Әдеби Косплей» фестивалі. Фестивалге 39 өтінім беріліп, олардың төртеуі отбасылық косплей қатысушылары болып тіркелді. Қатысушыларымыз түрлі бейнелерді сомдау кезінде көп еңбектенгендерін көрсетті.
Шара барысында көрсетілген бейнелер батырлар жырындағы Қобыланды мен Алпамыс батырларымыз, орыс халық ертегісіндегі кейіпкерлер авторлық бейнелер, түрлі әдеби образдар бой көрсетті. Сонымен қоса әдеби викторина өткізілді. Қатысушыларымыз өз қалауларымен түрлі өнерлерін көрсетіп, кейіпкердің мінез-құлқын аша түсетін көріністермен толықтырып, актерлік шеберліктерін паш етті.
Косплей қатысушылары түрлі номинациялармен марапатталды. «Үздік көркем бейне» номинациясымен «Кавказ тұтқыны» шығармасынан Дина бейнесіндегі С.Ізтілеу, Ш.Перроның Золушка бейнесіндегі Д.Кулькеева марапатталса;
«Үздік балалар косплейі» номинациясымен Қожа бейнесін өте шынайы алып шыққан М.Болатбеков, «Приключения Маша и Вити» филіміндегі Ақшақар бейнесіндегі Е.Шелухина марапатталды.
Ал, «Үздік MAKEUP – бет әлпеті образы» номинациясымен Л.Кэролдың «Алиса в стране чудес» шығармасынан Червонная Королева бейнесінде У.Соснова, өзі жасаған бейнемен С.Шакирова сынды қатысушыларымыз марапатталды.
Қатысушының авторлық бейнесі бойынша «Original – косплей» номинациясымен Буратино образын өте шынайы сомдаған В.Шлыков, «Мальвина» образындағы А.Акжанова марапатталды.
«Ең үздік отбасылық косплей» номинациясы бойынша – “Алисаның Ғажайыптар еліндегі шытырман оқиғалары” ертегісіндегі Алиса бейнесіндегі Трофименко Эрика және оның анасы Трофименко Виктория; және «Клинок» анимесіндегі Зенуцу Агацума, Танджиро Камадо образын сомдаған Чепурина Арина мен Эдель Александра марапатталды.
Фестиваль «Оранжевый ёжик» агенттігінің би кешімен жалғасты.
«Әдеби Косплей» фестивалінің өтуіне қолдауларын білдірген кітапхана серіктестеріне алғысымызды білдіреміз.Олар:
«Асыл-Түлік Қарағанды» компаниясының төрағасы А.Қ.Күлмағанбетов; ЖШС «Навин-KZ» А.Н.Югай.; «Палермо» рестораны, «Галерея»СҮ, ұлттық бұйымдар дүкені; «Cocobe» кеңсе тауарлары мен бабаларға арналған дүкен; Жеке кәсіпкер Мекеева Г.; «Киноплекс» және «Сарыжайлау» кинотеатрлары; «ZamZam» балалар тауарлары дүкенінің иесі И.Р. Кенешбаева.
Құрметті оқырман қауым, кітап оқып қана қоймай, кейіпкерлермен сырласуды да ұмытпаңыздар!