Archive Ақпан 2023

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Тамшы сырға» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі сырғаны проволка, қысқыш құралдар пайдаланып, ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді.

 

Экскурсия

Бүгін кітапханада балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын артыру мақсатында №16 жалпы білім беретін мектебінің 1 «Д» сынып оқушыларына экскурсия өткізілді.
Балалардың назарына түрлі балалар журналдары, энциклопедиялар, иллюстрацияланған кітаптар ұсынылды. Оқушылар кітапханаға қалай жазылуға және кітаптарды үйге алуға болатындығы жайлы кеңес алды.
Экскурсия соңында балалар ертегілер бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, ертегідегі «15 айырмашылықты тап» ойынын ойнады.

Мектептерді аралау

Абай атындағы балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхана мамандары №64 «НОМ»-тің 5-8 сынып оқушыларына танымдық экскурсия өткізді.
Кітапханашы жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, кітапхананың қызметі жайлы бейнеролик көруді ұсынды. Балалар клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысып, оқушылар «Ертегілер әлемі» интерактивті ойынына қызығушылықпен қатысты.
Сондай-ақ, қатысушылар кітапхана сайтындағы: электронды каталог, виртуалды анықтама, кітап мерзімін ON-LINE ұзарту туралы ақпарат алды.