Archive Мамыр 2023

Байқау

Құрметті достар! Бізде керемет жаңалық!
Қарағанды қаласындағы №1 балалар көркемсурет мектебінің дарынды балалары «Волшебства много не бывает!» IV Халықаралық шығармашылық жұмыстары байқауына қатысты. Ұйымдастырушылар -«Самара муниципалды ақпараттық-кітапханалық жүйесі» (Ресей) және де Самара қалалық округінің муниципалды бюджеттік мәдениет мекемесі.
Балалардың жұмыстары «Оқимыз – сурет саламыз» номинациясында бағаланатын болады. Байқауға қатысушылар қиял жанрындағы әдеби шығармалардан мифтік кейіпкерлерді суреттеп бірнеше жұмыстар ұсынған. Балаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Байқау нәтижелері 26 мамырдан кейін шығады.

 

«Көркем сөздің хас шебері» кітап көрмесі

Достар! Сіздерді ұлы прозашы Оралхан Бөкейдің шығармашылық мұрасын тамашалау үшін оқу залына шақырамыз.
Жеке тұлғалар көрмесінде автордың шығармалары, сондай-ақ әдебиеттанушылардың жазушының шығармашылығы туралы мақалалары бар кітап және мерзімді басылымдар қойылған.
Жақында кітапханамыздың кітап қоры жаңа «Фолиант» баспасынан жарық көрген О.Бөкейдің «Мұзтау» және «Атау-кере» кітаптарымен толықтырылды.
Оралхан Бөкейдің кітаптарының барлық сюжеттері туған жерлері туралы естеліктермен шабыттандырылып жазылған және жастық шақ туралы нақты оқиғаларына негізделген. Жазушының кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.
Біз сіздерді кітапханамызда күтеміз. Келіңіздер, оқыңыздар!