Archive Мамыр 2023

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Furniture. Жиһаз» тақырыбында өтті. Балалар карточкалармен ойын ойнап, «Furniture in the House» әнін айтып, ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.

 

«Отбасылық демалыс сағаты»

Құрметті достар! Баршаңызды мерейлі мереке – Отбасы күнімен құттықтаймыз. Осы тамаша мерекеге орай кітапханада «Отбасылық демалыс сағаты» өтті. Шараға кітапхананың жас оқырмандары ата-аналарымен бірге шақырылды. Шара барысында оқырман отбасылар өздерінің отбасылық дәстүрлері туралы айтты, балалар тақпақ оқыды, ән айтты, отбасының тату, берік болуына көмектесетін ережелерді ойлап тапты, сөздерден мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырып жарысты. Ата-аналар мен балалардың назарына үйде оқуға арналған кітаптар ұсынылды, сондай-ақ Вьюшковтар отбасының авторлығымен ертегілер дауыстап оқылды. Мереке соңында іс-шараның барлық қатысушыларына отбасы, махаббат және адалдық күнімен құттықтаулар жазылған ашық хаттар мен шарлар табыс етілді. Іс-шара барлығына қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасы өз жұмысын жалғастыруда. Барлық кішкентай қыздар әдемі зергерлік бұйымдарды, түрлі шаш қыстырғыштарын, резеңке таспалар мен ободоктарды жақсы көреді. Үйірме мүшелері фатин матасын пайдаланып ыстық желімнің көмегімен шашқа арналған ободок жасап үйренді.

«Шарды үрлеудің құпиясы»

12 мамыр күні оқырмандарымыз «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында «Шарды үрлеудің құпиясы» атты тәжірибемен танысты.
Балалар қызықты тәжірибенің көмегімен шарды қалай жасанды түрде үруге болатынын үйренді, сонымен қатар химиялық реакциялардың өзара әрекетке түсуінен пайда болатын көмірқышқыл газының қасиеттерімен таныс болды.
Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тәжірибені үйде қайталап көруді ұсындық.
Зертхана соңында ғылыми эксперименттер мен қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Үй жануарлары» тақырыбында өткізілді. 1 «А» сынып оқушысы Сағатбек Дінмұхаммед, 1 «Б» сынып оқушысы Баграмов Алимхан қатысты.
Балалар жылқы, құлын, сиыр, бұзау, қой, қозы, ешкі, лақ т.б. үй жануарларының атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған аңдардың суретін тауып, олар туралы айтып берді.

Үлкен тарихы бар шағын кітап

Құрметті достар! Біз сіздермен қуанышты жаңалығымызбен бөлісуге асығудамыз! Жақында біздің кітапханада біз үшін маңызды кітап оқиғасы өтті!
Алматы қаласында тұратын 103 жастағы қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зулхие Мұқанқызы Жұматоваға кітапхана «Мараттың таңдауы»атты балалар кітабының басылған көшірмесін сыйға тартты. 1956 жылы ол мектеп жасына дейінгі балаларға арналған өлеңдер жазды, басылымның бір данасы Абай атындағы ОБК сақтаулы. Автордың үй кітапханасында өзінің авторлық кітаптары сақталмаған.
Міне, кішкентай шығарманың тарихы, кішкентай болса да тарихқа бай және біз осы екі жылдан астам уақытта бірлесе жұмыс істеп келе жатқанымызға қуаныштымыз.
Біз Зулхия Жұматовамен фотосуреттерді және тірі аңыз адаммен сұхбаттың үзіндісін көруді ұсынамыз (ТК “24.kz Хабар”) 📲
Тележүргізушінің қызықты өмірінен алынған фактілер:
❤️ 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауылында дүниеге келген.
❤️ Семей педагогикалық институтын аяқтап, мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ берген. Өзі өлең, әңгімелер жазып, кітаптарды қазақ тілінен орыс тіліне аударған.
❤️Үлкен ауқымды дикторлар байқауына қатысып, 750 адамның ішінен сынақтан өтіп, республикалық телеарнада бетке ұстар сыйлы адам болды;
❤️ З. Жұматова мен оның әріптестерінің еңбегін, аты аңызға айналған диктор Юрий Левитан жоғары бағалады, ол: «Кеңес Одағындағы ең үздік дикторлық топ – Алматы»,-деді.
❤️Экран жұлдызы 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанын алғашқылардың бірі болып жариялады.
❤️Зулхия Жұматова Алматыда тұрады, жасына қарамастан, белсенді өмір сүреді және өлең оқығанды ұнатады.
Зулхия Жұматованың өмірде ұстанатын ұраны:
«…Мен өмірді жақсы көремін, адал қызмет етіп оны сүйемін! Сіз бақытты болғыңыз келсе-айналаңыздағы адамдарды өзіңіз бақытты етіңіз. Сонда бәрімізде бақытты боламыз!»

«Әскер – ел қорғаны»

Бүгін, кітапхана қызметкерлері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, жас өркен балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тәрбиеленушілері және №91 ЖББМ сынып оқушылары арасында «Әскер – ел қорғаны» атты алғашқы әскери дайындық сабағы өткізді.
Аталмыш шараға №91 ЖББМ-тің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптын тәрбиешісі Т.С.Темиргалиев қатысты. Қонақ қатысушыларға Отаныңның лайықты қорғаушысы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындап, халық алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғыну тиіс деп ой бөлісіп өтті.
Сондай-ақ, Оқушылар саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу, жекелеме тапсырмалар орындап, «Жерден көтерілу», «Кім мықты», «Көздеу» және т.б. ойын түрлерін көрсетіп сайысқа түсіп, бақ сынасты.

«Комикстер ательесі» шеберлік сыныбы

Көптеген балалар сурет салғанды ұнатады, ал кейбіреулері өз комикстерін жасауға тырысады. Сіздерге алғашқыда бір оқиғаны құрастыра салу, кейіпкерлерді ойлап табу, парақтарды блоктарға бөлу және әрекет ету оңай болып көрінгенімен, жұмыс барысында әлдеқайда қызықты және күрделірек болады.
«Француз Альянсы» мәдени-білім беру орталығының директоры Екатерина Фирсова «Комикстер ательесі» шеберлік сыныбында ойлап табылған оқиғаларды жасаудың құпияларымен бөлісті, сондай-ақ балаларды Француз комикстерімен таныстырды.
Комикстердегі ең маңыздысы ол-қызықты және ерекше кейіпкерлердің болуы. Балалар өз сюжеттерінде кейіпкерлерді бар ынтамен жасады.

«Қасым Қайсенов – өмірлік ерлік» кітап көрмесі

Кітапханамыздың оқу залында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Қасым Қайсенов – өмірлік ерлік» атты көрмесі рәсімделді.
Бұл көрмеде сіздер қазақстандық жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновтың ең танымал шығармаларымен танысасыздар.
Партизан – жазушы өз еңбектерінде Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңдерін, қарапайым сарбаздардың жанқиярлық ерлігін шынайы сипаттаған.
Автордың көптеген шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қасым Қайсенов туралы «Без права на выбор», «Қасым» көркем фильмдері түсірілді.
Құрметті оқырмандар баршаңызды Қасым Қайсеновтың шығармаларын оқуға шақырамыз!

Кітап көрмесі – «Мысық-ол үй жануары» премьерасы

Түпнұсқа кітап көрмесі әрқашанда оқырмандардың қызығушылығын арттырады. Міне, біздің кітапханада «экстравагантты» көрмелердің көрсетілімі басталды. Келген оқырмандарға кітаптарды қарап шығу ұсынылды, ондағы басты кейіпкерлердің бірі – үй жануары-мысықтар туралы.
Бізге таныс кейіпкерлер: М.Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романындағы Бегемот мысық, «Алисы в стране чудес» Чешір мысығы, «Трое в Простоквашино» үзіндісіндегі ақылды,шаруақор Матроскин және т.б кейіпкерлер оқырмандарды қарсы алды. Көрмедегі кітаптардың ішінде сәнді мысықтар-полигинальды мүсіндер, мысықтар бейнеленген плакаттарда болды.
Көрмені таныстыру кезінде балаларға әлемнің көрнекті суретшілері туралы айтылды, олардың әдемі ,сүйкімді мысықтары туралы айтылып тыныстырылды. Огюст Ренуар, Сальвадор Дали, Энди Уорхолл керемет әдемі, тартымды мысық болды.
Кітапханада шығармашылық көрмелердің көрсетілімі жыл бойы өтеді. Сіздерді әртүрлі тақырыптар бойынша кітапханмызда жаңа және қызықты көріністер күтетін болады.