Archive Қараша 2023

Дауыстап оқу!

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу үшін К.Альвестің «Суперсекретная банда Пушистиков» сериясынан «Таинственный друг» тамаша туындысы таңдалды.
Бұл балаларға арналған әзіл-оспақ және қызықты детективтік әңгімелер күлкілі кейіпкерлерден құралған: тотықұс Элвис, теңіз шошқалары Берти мен Шишка, ауладағы мысық Руфус және хамелеон Адель.
Балалар ертегіні мұқият тыңдап, талқылауға белсене қатысып, кейіпкерлерді сипаттап, алған әсерлерімен бөлісті.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірме

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Алдар көсе және бай» тақырыбында өткізілді.
Сабақ барысында балалар «Алдар Көсе мен Бай» туралы қызықты мультфильмін көрді. Мультфильмді тамашалаған қатысушылар Алдар Көсенің ақылы мен тапқырлығы жайлы қазақ тілінде қысқаша сөйлем құрап үйренді.

 

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапхананалық нон-стоп

Кітапхана мамандары Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің 1 курс студенттерін кітапхананың құрылу тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, бөлімдерінің қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия өткізді. Студенттер жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, балаларға арналған клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысты.

Экскурсия

№ 13 қосымша білім беру орталығы – мектебінің оқушылары күзгі демалысты тиімді өткізу мақсатында кітапханаға экскурсияға келді.
Балалар ARA қазақстандық анимациялық студиясының «Шырақ» мультфильмін тамашалады. Фильмнің режиссері Мейіржан Сандыбай, ал продюсері Бақытжан Шабдукарим.
Мультфильм желісі адамдардан қорқатын кішкентай шам туралы таңғажайып оқиға. Бір күні шам тұрып жатқан үйге мысық пайда болады, шамның ең қымбат досы, кішкентай ойыншық мүсінді мысық алып кетеді. Енді басты кейіпкерге қатерлі қадамға бару керек, яғни досын қайтару үшін адамдар әлемін түсініп батыл қадам жасау.
Мультфильмді көргеннен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

«Free Style» арт-шеберханасы

Аулада күз, мектептерде «Алтын күз» мерекесіне арналған байқаулар, ал кітапханада «Хошиісті асқабақ» шеберлік сыныбы өтті. Біздің жаңа –жаңа қалыптасып келе жатқан қолөнершілеріміз өз қолдарымен ерекше жұмсақ көкөніс жасады.
Бос уақытта жұмсақ ойыншық түрлерін жасаумен әуестеніп жүрген Егорова Мария ханым ойыншықтың жасалу жолдарын көрсетті. Ол үшін қажет? Ол үшін кішкене бос уақыт, матаның бір бөлігі, жіппен ине, толтырғыш зат, желім және «құйрық» керек екен. Ал сіздің асқабақ дайын!

«Бір адамның тарихы» кездесу

Мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында кітапханада Қарағанды қалалық маслихатының депутаты Нияз Сүндеталиевпен «Бір адамның тарихы» атты кездесу өтті.
Диалог барысында №2 арнайы мектеп-интернатының, №66 мектеп-лицейінің балалары және мүгедектігі бар ересектер мүгедектерге арналған әлеуметтік кепілдіктер туралы заңнамадағы өзгерістер туралы білді, сондай-ақ «Qamqor plus» ААҚ мүгедек адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметімен танысты.

Жеңіс Қашқыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқу облыстық байқау

3 қараша күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Қарағанды өңірінің тумасы, балалардың жүрегіне жол таба білген қарымды қаламгер Жеңіс Қашқыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Облыстық байқау Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихаттың депутаты, ақын-айтыскер Айтбай Ботпайұлы Жұмағұловтың демеушілік қолдауымен ұйымдастырылды. Сайысқа облысымыздың қала-ауылдарындағы 35 білім ошағынан 2-3 сынып оқушыларынан 100-ге жуық өтінім келіп түсті.
Кітапханада өткен мәнерлеп оқу сайысына Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Рүстемова, “Орталық Қазақстан” газетінің тілшісі, ақын Е. Кеңесбеков, Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысы С.Телпекбаева, Абай атындағы балалар кітапханасының басшысы Б.Уатаева қазылық жасады.
Жас өрендер Ж.Қашқыновтың өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқумен қатар ақын өлеңдері желісімен шағын көріністер де даярлап келіп, барша көрермендердің зор ықыласына бөленді. Жеңімпаздар мен арнайы номинация иегерлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар Ж.Қашқыновтың інісі, журналист Е.Мелсұлы барлық қатысушы балаларға өзінің “Ағылшынша тіл сындыру” кітабын сыйға тартты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
I орын:
• Серікпай Айдана – №66 ЖББМ, 2-сынып
II орын:
• Ербаева Сабира – Абай қаласы, Топар кенті Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы), 2-сынып
• Берік Айзере – Ақсу-Аюлы ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп, 2-сынып
• Фольмер Илона – Шәкәрім атындағы гимназия, 2-сынып
III орын:
• Еркаш Асылзат – Теміртау қаласы №8 ЖББМ, 2-сынып
• Ғибадат Айзере – №8 ЖББМ, 2-сынып
• Серік Байкұтты – Ә. Бөкейхан атындағы мектеп, 3-сынып
• Мухитов Байдаулет – Бұқар жырау ауданы, Новоузенка ауылы М.Жүсіп атындағы ЖББМ, 2-сынып
• Мейізбек Раяна – Ақтоғай ауданы Шашубай кенттік мектебі, 2-сынып
• Ерғанат Медина – С.Саттаров атындағы метеп-лицейі, 2-сынып
Номинациялар бойынша:
«Үздік әртістік шеберлік» – Ербаева Айғаным, Абай қаласы, Топар кенті Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы), 3-сынып және Мұрат Заңғар, Шет ауданы, Өспен ауылы Сәкен атындағы ЖББМ, 3-сынып
«Әділқазы көзайымы» – Русскова Анна, №25 ЖББМ, 3-сынып және Жанайдар Еңлік, М. Жұмабаев атындағы гимназия, 2-сынып
«Үздік образ» – Құсбек Сырғалым, №12 ЖББМ, 2 сынып; Кәріғұл Әзімжан, Балқаш қ. С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназия, 2-сынып және Сейфолла Азиза, Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия, 3- сынып
«Үздік эмоционалды орындаушы – Владимир Ерғали, №17 ЖББМ, 2-сынып; Муталляпова Ақнұр, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп гимназия, 2-сынып және Сүйіндік Айым, М. Жұмабаев атындағы гимназия, 2-сынып