Archive Қаңтар 2024

«Кітапкиномания» клубы

Құрметті достар!

Жаңа жылдан бастап біз «Кітапкиномания» атты жаңа клуб ашамыз. Сіз кино оқығанды және көргенді ұнатасыз ба? Оқығаныңыз немесе көргеніңізден алған әсеріңізбен бөліскіңіз келе ме? Онда бізге келіңіз!
Кино әуесқойлары мен кітапқұмарлар клубы шығармалар бойынша фильмдерді көру және талқылау үшін ұйымдастырылған. Біз фильмдер мен кітаптарды жақсы көреміз және осы махаббатты сіздермен бөліскіміз келеді!
Келіңіздер, қызық болады!

Тел. 877711956065

 

 

 

«Кітапкиномания» пікірталас клубының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

Книгокиномания

«Кітапкиномания» клубы

Құрметті достар!

Жаңа жылдан бастап біз «Кітапкиномания» атты жаңа клуб ашамыз. Сіз кино оқығанды және көргенді ұнатасыз ба? Оқығаныңыз немесе көргеніңізден алған әсеріңізбен бөліскіңіз келе ме? Онда бізге келіңіз!
Кино әуесқойлары мен кітапқұмарлар клубы шығармалар бойынша фильмдерді көру және талқылау үшін ұйымдастырылған. Біз фильмдер мен кітаптарды жақсы көреміз және осы махаббатты сіздермен бөліскіміз келеді!
Келіңіздер, қызық болады!

Тел. 877711956065

 

 

 

«Кітапкиномания» пікірталас клубының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

Книгокиномания

Клуб «Қауырсын қалам»

Кітапханада биылғы жылы «Қауырсын қалам» әдеби клубының балалары қарағандылық ақын Николай Петрович Федоровпен алғашқы кездесуін өткізді. Көптеген әдеби форумдардың қатысушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Мен бұл әлемді жақсы көремін» жинағының авторы Николай Петрович болашақ ақындармен өлең жазудың қыр-сырымен бөлісті.
Кездесу барысында клуб мүшелері поэзия туралы ғана емес, жалпы әдебиет туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар өздерінің жазған туындыларын оқып, кештің көркін қыздырды.
Кездесу соңында клуб белсенділері балаларға «Қауырсын қалам» кітапханалық әдеби журналының алғашқы нөмірін табыстады. Аталмыш журнал үшін клубтың барлық қатысушылары атсалысқан болатын. Ақынмен өткен сырласудан өте жылы және жағымды әсер алып, алғыстарын білдірді.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті дауыстап оқу өткізілді.
Кітапханашы балаларға «Қоян қалай мұхитты жүзіп өтті» жапон халық ертегісін оқып берді.

 

 

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Кім болам?» атты тақырыбында өткізілді.
Үйірме жетекшісі балаларға мамандық түрлері туралы түсінік беріп, «Фолиант» баспасынан шыққан «Кім болам?» бұл кітапша кішкентай бүлдіршіндерді ұстаз, дәрігер, өрт сөндіруші, аспаз, т.б. мамандықтардың қыр-сырымен таныстырды. Сабақ соңында «Мен кіммін» ойының ойнады.

«Олардың есімдері өлке тарихында» өлкетану көрмесі

Құрметті достар!
Әрбір адамның жан дүниесінде туған жеріне, өзі тұратын шағын Отанына деген сүйіспеншілік болатыны анық. Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті бүкіл халықтың мәдениеті мен тарихын құрайды. Өзінің шағын Отанының тарихы мен мәдениетін білу – білімді адамды айқындайтын қасиеттердің бірі.
Жыл басында кітапханашылар Қарағанды облысының белгілі тұлғалары туралы «Олардың есімдері өлке тарихында» атты өлкетану көрмесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Біздің оқырмандарымыз жерлестерімізді мақтан тұтып, ұмытпағаны маңызды.
Биыл жазушы, драматург, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл, Кеңес Одағының Батыры, қазақ ұшқышы Нұркен Әбдіровтің туғанына 105 жыл, ақын, әдебиеттанушы Бүркіт Ысқақовтың туғанына 100 жыл және ақын-жазушы Сүйіндік Жанысбайға 75 жас т.б.
Көрмеге Абай кітапханасының кітап қорындағы кітаптар мен басылымдар қойылды.
Оқыңыз, жаңашылдыққа ұмтылыңыз!

«Виталий Бианкиден орман алқабы»

Балалар жазушысы В.В. Бианкидің 130 жылдығына орай «Виталий Бианкиден орман алқабы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Балалар табиғат әлеміне виртуалды саяхат жасады (құстардың дауысын тыңдады, жабайы жануарлардың әдеттерін бақылады), В.В.Бианкидің жануарлар туралы жұмбақтарын шешті, орман кітапханасында (В.В.Бианканың ертегілері бойынша кітаптар көрмесі) болды.
Жазушының ертегілері мен әңгімелері табиғат әлемін ашып, оның құпияларына енуге үйретеді.
Оқырмандарымыз туған өлкенің табиғатын қорғап, нағыз қорғаушыларға айналады деп сенеміз!

Библиотур «Қала картасында балалар кітапханасы»

Бүгін 2024 жылдың алғашқы жұмыс күнінде Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қысқы демалыстарының бір күнін кітапханаға арнап, «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында кітапханашы мамандығымен танысуға келді.
Оқушылар кітапханашылардың жұмыс барысын өз көздерімен көріп, кітапханадағы әр бөлім қызметкерлерімен жақынырақ танысып, қызметтік лауазымдарынан қысқаша мағлұмат алды. Сонымен қоса кітапхананың қысқаша тарихымен сусындады.
Кітапханашы мерейгер жазушыларға арналған, өлкетануға бағытталған кітап көрмелеріне шолу жасап, кітапханадағы клубтар мен үйірме жұмыстарымен таныстырды.

«Сіз – біздің бірінші оқырманымызсыз» кітапханалық акциясы

Жаңа 2024 жыл да келіп жетті. Кітапхана есігін айқара ашып, алдағы жылдың алғашқы оқырмандарын қарсы алды. Балалар кітапханаға бірінші болып келіп, кітапханашылар тарапынан сыйлықтарға, сондай-ақ «Сіз біздің бірінші оқырманымызсыз» акциясының медаліне ие болды.
Таныс болыңыз! Біздің адал достарымыз: Македонец Анастасия, Брусенко Олеся, Ивлеев Егор, Карамендинова Дильназ, Тимофеевы Георгий и Мелисса, Килибаев Адильхан, Оқас Айша, Балтабай Мирас, Марченко Наиля и Амира, Музарап Нурислам.