Archive 11.10.2018

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Байқаудағы жетістік

11 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы кітапхана ұжымында талқыланды. Әрі қарай оқу

Алқоңыр дүние

Кітапханада шілде айының 11 күні қазақ поэзиясында өзіндік айрықша қолтаңбасы бар ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Алқоңыр дүние» атты әдеби кеш өткізілді. Шараны ақын Жәлел Қуандықұлы жүргізді. Әрі қарай оқу

Болашақ және латын әліпбиі

Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған бекітілген іс-шаралар аясында кітапхана 11 шілдеде №44 ЖББО мектеп жанындағы 2-3 сынып оқушыларымен бірлесе «Болашақ және латын әліпбиі» атты таныстыру сағат өткізді.

Балалар латын әліппесіндегі Q әріпін Қарағанды облысында танымал ету бойынша әзірленген брендбукты пайдалана отырып «Қарағанды,оқы» және т. б. сөздерді  латын әліпбиін пайдалана отырып жазып үйренді.

Ғарыш кеңістігіндегі 108 минут

Бүкіл әлем 12 сәуірде Авиация және космонавтика күнін – адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына арналған естелік күнін атап өтеді. Бұл ерекше күн, яғни бүгінде ғарыш саласында жұмыс істейтін барлық адамдардың және ғылымның салтанат құрған күні. Әрі қарай оқу

Ағылшын тілінің сабақтары

Кітапханада 11 наурызда «English through games»- «Английский через игры» үйірмесінің қызықты да танымдық сабағы өткізілді.

Оған әр жастағы балалар қатысты. Сабақ тақырыбы «My Hobby». Сабақ өте қызықты болды. Аталған тақырыптағы әртүрлі бейнематериалдар пайдаланылды. Балалар оқытушымен бірге ән салды, сөйлесу барысында «I like, I don’t like» секілді сөздерді қолдануды үйренді, әртүрлі ойындардың көмегімен жаңа сөздерді естеріне сақтады.