Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай

Достық үйінде ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Үш бақыт» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Мерекелік кеш барысында оқушылар М.Мақатаевтың жауһар жырларын оқып, өлеңіне жазылған әсерлі әндерін шырқады. Іс-шара қонақтары үшін «Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге шолу жасалды. Осындай әдемі кеш арқылы алты алаштың ардақтысына айналған ақиық ақын Мұқағали мұрасы жас ұрпақ жадында жаңғыра түсері анық.

Кітаптар тұратын әлем. Кітапханамен танысу экскурсия.

Кітапхананың имидждік қызметін көрсету жалғастырылып кітапханашылар 8 ақпанда «Бота» балабақшасына, №20 НОМ және №4 Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп – интернатына барды.
Кітапхана қызметкерлері кітапхана тарихымен оның қызметтері мен ресурстары туралы айтып, қысқаша шолу жасап өтті.
Балалар кітапхананың құрылғанына биылғы жылы 70 жыл толуын атап өтетіндігін және осы уақыт ішінде оның қабырғаларында қаншалықты қызықты және өте маңызды тарихи құндылықтардың жиналғаны туралы білді. Кездесуден біздің болашақ оқырмандарымыз бейнероликтер көріп кітапханаға виртуалды саяхат жасай алды.

«Ауған соғысы – жүректегі жара» батылдық сағаты

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай және жасөспірімдерді әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 8 ақпанда «Сарыжайлау» кинотеатрының қонақ бөлмесі залында ауған соғысына қатысқан ардагер-жауынгерлермен «Ауған соғысы – жүректегі жара» атты батылдық сағаты өтті.
Бұл кездесуге Ауған соғысының ардагерілері Қ.Тынымбаев, С.Сахнов, С.Тоқтарбеков, Н.Маханов және А.Жұматаев қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар ауған соғысы жайлы түсірілген «Қара майор» атты фильмді тамашалап, әрі ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді.
Ал 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Сондықтан да іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл кездесуден оқушылар ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алып қайтты.

«Біз тұратын қала»

Бүгін № 88 ЖББМ-тің 2 сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Кітапханашы Қарағанды қаласының туған күні қарсаңында оқушыларға «Біз тұратын қала» атты танымдық тарихи-өлкетану интерактивті ойын өткізді.
Балалар ойынға белсенді қатысып, қаламыздың тарихы туралы қызықты, танымдық мәліметтер біліп, қала өмірінің бүгінгі келбетімен танысты.

«Ақниет» балабақшасының тәрбиеленушілерімен кездесу.

Кітапхананың имидждік қызметін көтеру мақсатында бүгін мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері .
Кітапхана мамандарының ең кішкентай болашақ оқырмандарымен алғашқы кездесуі еді. Балалар Абай атындағы балалар кітапханасына виртуалды саяхат жасап, бейнеролик тамашалады.
Кітапханашылар кішкентай оқырмандардың назарына түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптарды ұсынды. Балалар кітап парақтарын қызығушылықпен қарап, өздеріне таныс кейіпкерлерді қызықтап көрді.
Іс-шара соңында балаларға үйірмелер туралы жарнамалар және кітапхана визиткалары таратылды.

 

Сырттай экскурсия

Кітапхана қызметкерлері жоспар бойынша №97 гимназияның 5-6 сынып оқушыларымен кездесті. Оқушылар медиазалға жиналып, кітапханашы Абай атындағы балалар кітапханасына сырттай экскурсия жүргізді.
Кітапхана тарихы жайлы әңгімелер ден кейін оқушылар өздеріне ұнайтын журналдар мен кітаптарды көруге мүмкіндік алды. Кейбір кітаптар оларға таныс, бірақ әлі алып оқымаған.
Балалар алдағы күндері кітапханаға келіп оқырман болып жазылып, кітап алуға уәде берді. Біз жаңа оқырмандарды әрқашан қуанышпен қарсы аламыз!

“Табиғаттың мәңгілік сұлулығы”

6 ақпанда № 1 гимназияның 1 сынып оқушылары үшін М. М. Пришвиннің 150 жылдығына арналған “Табиғаттың мәңгілік сұлулығы” атты әдеби сағаты өтті.
Балалар жазушының шығармаларымен танысып, “Еж” әңгімесі бойынша бейнероликті қызығушылықпен тамашалады, сондай-ақ жұмбақтарды белсенді түрде шешіп, викторина сұрақтарына жауап берді.

 

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Бисер және білезік» жасау тақырыбында өткізілді. Бисерді қолдана отырып алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, белдік, білезіктерді әшекейлеп тоқуға болады. Үйірме мүшелері қарапайым және әдемі білезіктерді түрлі-түсті бисерді пайдаланып жасап үйренді.

«Көшбасшы болу өнері -өмірімнің өзегі!» кітап көрмесі

Құрметті оқырмандар!
Сіздер үшін, кітапханамыздың оқу залында «Көшбасшы болу өнері -өмірімнің өзегі!» атты кітап көрмесі әзірленген.
Кітап көрмесіне У.Айзексонның «Стив Джобс», Х.Элродтың «Магия утра. Как первый час дня определяет ваш успех», Л.Хейдің «Большая книга перемен к лучшему», Э.Ньюмарктың «Куриный бульон для души», Н.Хиллидің «Ойлан да байы», «Балалықтан даналыққа» және т.б. шығармалар нон-фикшен жанрында жазылған бестселлерлер жинақталған.
Сіздерге оқуға ұсынып отырған кітаптарымыздың бір ерекшелігі, ірі кәсіпкерлер өздерінің кәсіпкерлік өміріндегі басты жетістіктерімен бөлісіп, психолог мамандар оқырманға жетістікке жету жолында түрлі кеңестер береді.
Жаныңызға жақын кітаптарды оқу арқылы, жетістікке қол жеткізіңіз!

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Clothes. Киімдер» тақырыбында өткізілді. Балалар «What are you wearing?» қызықты ойынын ойнап, үстіне киген киімдерді ағылшын тілінде әңгімелеп айтып берді. Сабақ соңында балалар тақырыпты пысықтау мақсатында «Today I am wearing clothing» әнін айтты.
Балалар үшін сабақ қызықты өтті.