«Қауырсын қалам»

«Қауырсын қалам» клубы аясында кітапханада 16 қыркүйекте қазақ ақыны, жазушы, публицист, аудармашы Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Өмір жолы – өлең жолы» ауызша журналы өткізілді. Соғыс тақырыбы С.Мәуленов шығармашылығының негізгі болды, ол майдан даласынан қайтпаған жолдастары, соғыстың қасіреті, бейбіт өмір сүру қажеттігі туралы жазды.
Іс-шараға №15 ЖОББМ 10-сынып оқушылары қатысты. Балалар баяндамашыларды қызыға тыңдап, сұрақтарын қойды, алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу өте жылы әрі рухани жағдайда өтті.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Зебра білезігін» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі білезіктерді ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді. Білезік дайындауға түрлі-түсті майда моншақ, қайшы, қыл жіп, ине пайдаланды.

 

«Шағын электрмоторы»

16 қыркүйекте біздің кітапханада «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханада магниттердің күшін түсінуге көмектескен тәжірибе жасалды.
Әркім бұл тәжірибені өзі үйде жасай алады, оны жүзеге асыру үшін сендерге тек бір ғана шынашықтық батарея, магнит және аздаған мысты сым қажет. Осы элементтердің көмегімен электр мотрын қалай жасауға болатынын тәжірибе көрсетеді. Электр қозғалтқышы батареядан жұмыс істей бастайды, өйткені сымда пайда болған зарядталған бөлшектердің қозғалысы (электр заряды) олардың қозғалыс бағытын өзгертетін магнит өрісінің әсерінен болады. Бұл ауытқу физикада Лоренц күші деп аталады. Ток күшінің бағыты магнит өрісінің сызықтарының бағытына перпендикуляр болғанда, бөлшектер шеңбер бойымен қозғалады.

«Өмір жолы – өлең жолы» ауызша журналы

«Қауырсын қалам» клубы аясында кітапханада 16 қыркүйекте қазақ ақыны, жазушы, публицист, аудармашы Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Өмір жолы-өлең жолы» ауызша журналы өткізілді. Соғыс тақырыбы С.Мәуленов шығармашылығының негізгі болды, ол майдан даласынан қайтпаған жолдастары, соғыстың қасіреті, бейбіт өмір сүру қажеттігі туралы жазды.
Іс-шараға қатысқандар жазушының өмірінен біраз деректер алып, жас ақын Яна Григоркевичпен танысты. Көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы өзінің соғыс туралы өлеңі оқыды.
Іс-шараға №15 ЖОББМ 10-сынып оқушылары қатысты. Балалар баяндамашыларды қызыға тыңдап, сұрақтарын қойды, алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу өте жылы әрі рухани жағдайда өтті.

Дауыстап оқу

16 қыркүйек күні «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді.
Балаларға С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актрисасы Әнелі Сағындықова заманауи жазушы, ертекші Мира Сембайқызының «Мейірімді Шаңсорғыш» жинағынан уақыт жайлы ертегісін оқыды.
Кездесу эмоцияға толы болды. Жас оқырмандар мен олардың ата-аналары жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.
Дауыстап оқуға қатысқан мектеп оқушыларына, ата-аналарға алғыс айтамыз.

Дауыстап оқу

15 қыркүйек күні «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді.
Балаларға К. С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрының актері Кирилл Пловайко ирландиялық жазушы Малахия Дойльдың «Молли и штормовое море» шығармасын оқыды.
Дауыстап оқуға қатысқанмектеп оқушыларына және барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Ойыншықтар әлемі» тақырыбында өткізілді. Балалар ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын қазақ тілінде дұрыс айтып үйренді.

“Қолшатыр”

“Қолшатыр” қолөнері күзгі тақырыпты бастайды. “Шуақ” шығармашылық студиясының кезекті сабағында қатысушылар қағаздан көлемді қолшатырлар жасады. Алдымен Энид Блайтонның «Зонтик волшебника» шығармасымен танысты.

Шерхан Мұртаза – 90 жыл

Биыл көрнекті қайраткер, Қазақстан журналистерінің бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеген ғажайып қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтіледі.
Мазмұнды шығармашылық еңбегі және әдебиет саласындағы зор жетістіктері үшін көрнекті қазақстандық көптеген құрметті атақтар мен марапаттарға ие болды. Ол шығармашылықпен студент кезінен айналысты. Алғашқы еңбектері қазақ тіліне аударған Қ.Мұстайдың балаларға арналған «Біздің үйдің қуанышы» кітаптары, венгр халық ертегілері, Л.Лагиннің «Старик Хоттабыч» ертегісі, Х.К.Андерсеннің ғажайып ертегілері, Ш.Айтматовтың шығармалары болды. Жазушы роман, повесть, өлеңдер, әңгімелер, пьесалар жазды.
Оқырмандарды «Кемел ойлы, зерделі жазуы» атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз, онда жазушының шығармаларымен қатар, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді басылымдар ұсынылған.ъ