Қаңтар 24, 2021 « Түрлі-түсті жалын» тәжірибесі By odb-abai inЖаңалықтар 24 қаңтарда «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы аясында «Түрлі-түсті жалын» тәжірибесі өткізілді. Балалардың назарына жалын мен оның қасиеттері туралы презентация ұсынылды. Түрлі-түсті жалынды қалай жасауға, қандай химиялық заттардың көмегімен жасауға болатындығын практикалық сабақта балалар көрді. Өткізілген тәжірибе сабақ кітапханашының жетекшілігімен қауіпсіз өткізілді. Сабақты өткізгеннен кейін балалар «Таңғажайып тәжірибелер мен эксперименттер» тақырыбындағы кітаптар мен журналдармен танысты.
Қаңтар 15, 2021 «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» By odb-abai inЖаңалықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты кітап көрмесін оқырмандар үшін ұсынды. Еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған. Көрмеде ұсынылған кітаптар мен мерзімді басылымдардағы ақпарат Қазақстан Республикасының 30 жылдық тарихында болған жеңістер мен жетістіктері арналған. Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары топтастырылған. Қазақстанның 70 тарихи орны бұл жинаққа еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді. Б. Төлепбергеновтің «Рух пен Ар» атты бұл еңбекте кешегі – 1986 жылы тұнғыш ел Тәуелсіздігі үшін жан пидалыққа барған Желтоқсан қайраткерлерінің ерлік пен азапқа толы жолы хронологиялық ізбен толыққанды баяндалған. Құрметті оқырмаңдар! Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!
Қаңтар 8, 2021 «Туған өлке – тұнған тарих» кітап көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Қымбатты достар, кітапхана ұжымы Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Биылғы жыл барлығымызға көптеген жарқын оқиғалар мен жаңа достарды және де қызықты да ғажайып кітаптарды сыйласын! Осы жылда бізді көптеген мерейтойлық даталар күтіп тұр. Бұл жыл есте қаларлықтай болмақ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы барша қазақстандықтарды біріктіретін ең басты мерейтой болмақ. Айтулы мерекені Қарағанды облысының тұрғындары үшін бірлесіп тойлауға көптеген себептер бар. Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде біздің оқырмандар үшін «Туған өлке – тұнған тарих» кітап көрмесі жұмыс істей бастайды, ол біздің қаламыздың және облыстың ең ірі мерейтойларымен таныстырады. 2021 жылы Қарағанды облысының құрылғанына 85 жыл толады. 1932 жылы құрылған облыс Қазақстанның үлкен аумағын алып жатты. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарына бөлінгеннен кейін ғана біздің облыс заманауи шекараларға жақын орналасқан. Көрмеден кітапхана оқырмандары біздің аймақ туралы өте егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын екі үлкен энциклопедияны (1986 және 2006) таба алады. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану: Қарағанды облысы» оқулығы жарық көрді (Алматы, 2018). Енді сирек кездесетін басылымдармен – 60-80 жылдары жарық көрген кітаптармен танысу қызықты болады. Оқырман көрмеден облыстың басқа қалалары мен аудандарына арналған кітаптарды таба алады. Жеке топтама Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен мәңгілікке байланысты Теміртау қаласына, атақты магниткаға арналған. Облыс тарихында КарЛАГ, Ұлы Отан соғысының қиын кездері туралы парақшаларыда болды… Олар үшінде бұл көрмеден орын табылды. Биылғы жылы «Алаш» қозғалысының ең танымал қайраткерлерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толады. Алашорданың 150 жылдығын мерекелеу жылы Астаналық «Сарыарқа» баспасынан Ә.Бөкейхановтың көп томдық шығармалар жинағы (Астана, 2016) шығарылды. 2017 жылы С.Аққұлының «Әлихан Бөкейханов. Қазақ жерінің жоқшысы» атты екі тілде баслып шыққан монографиясы жарық көрді. (Астана, 2017) 2021 жылдың тағы бір мерейгері -алашордашы Әлімхан Ермеков. Белгілі ғалым, алғашқы профессор-математик ұзақ жылдар бойы Қарағандыда тұрып, жұмыс істеді, бұл оның есімін біздің қала үшін маңызды етті. Көрмеде «Нартұлға» сериясында жарық көрген Ж.Қыдыралинаның «Әлімхан Ермеков» атты монографиясы ұсынылды (Астана, 2015). Әлімхан бейнесі-саясат «Алаш» қозғалысының тарихына арналған бірқатар монографияларды толықтырады. Биылғы жылы туғанына 85 жасқа толуын қаламыздың тұрғындары үшін сүйікті жазушы-қарағандылық Владимир Литвинов атап өтетін еді. Владимир Иванович балалар мен ересектерге арналған проза мен өлеңмен жазылған көптеген кітаптарға ие. Жазушы өз оқырмандарын өмірді сүюге, басқаларды құрметтеуге, өзімізден жасы кіші бауырларымызға қамқор болуға шақырады. Көрмеден сіздер «Мур-мурр-мяу!…», «Дворянка Чара», «Не забыть мне этих глаз», «Ненужная», «Я с вами», «Где-где… В Караганде!» және т.б. кітап топтамаларын табасыздар. Тағы да бір мерейтой күні – жерлесіміз, жазушы Софы Сматаевтың 80 жылдығы. Прозашы Шет ауданының тумасы. Оның қаламынан проза мен өлең де жазылған, үлкен шығармалар да, аз көлемді – повестер, әңгімелер, өлеңдер, дастандар, пьесалар да жатады. Әрине, аталған даталармен осы жылға арналған әдеби күнтізбенің байлығы сарқылмайды. Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады, сондықтан жаңа басылымдардың түсуіне қарай жаңартылады. Барлық ниет білдірушілерді кітапханаға шақырамыз!
Қаңтар 8, 2021 Жыл сайынғы республикалық әдеби акцияға… By odb-abai inЖаңалықтар 2007 жылдан бастап жыл сайын елімізде «Бір ел – бір кітап = Одна страна – одна книга» республикалық әдеби акциясы өтеді. Акцияны ҚР Кітапхана Қауымдастығы Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырады. Жыл сайын арнайы комиссия , қазақстандықтардың пікірін ескере отырып, жаппай оқуға ұсынылатын қандай да бір қазақстандық автордың бір кітабын таңдайды. Акцияның мақсаты өткен кезеңдер мен қазіргі заманғы Қазақстандық әдебиетті танымал ету, кітап оқуға кең көлемде оқырмандарды тарту, кітап мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік өзара алмасуды дамыту, қазақстан тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін, тілі мен тұрмысына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Акция жобасын әзірлеушілер терең философиялық идеяны – ұлттық бірлікті рухани қарым-қатынас арқылы, белгілі бір шығарманың идеяларына тарту арқылы енгізді. Осылайша, таңдалған кітап біздің бірлігіміздің мәдени символына айналады. Алайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында комиссия акцияны өткізудің үйреншікті форматынан алыстау туралы шешім қабылдады. Мерейтой күніне орай 30 басылым таңдалынды. Таңдалған кітаптар Қазақстанның әдеби палитрасының барлық байлығын көрсетеді. Еліміздің әдеби өмірінің үлкен тарихи, географиялық және жанрлық спектрі қамтылған. Таңдалған авторлардың арасында XIX -ХХ ғасырдың өкілдері (Ы. Алтынсарин), ақындары мен прозаиктері (М.Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, Т. Жармағамбетов, Р. Отарбаев) бар. Сондай-ақ бұл тізімнен өз кітаптарын жазуды және басып шығаруды жалғастырып келе жатқан біздің замандастарымыздың – қазақстандық авторлардың есімдерін көру ерекше қуантты. Олардың арасында оқырмандардың қызығушылығына ие болған (Т.Таңжарық) жас әдебиетшілер де бар. Акция номинанттары арасында балалар жазушылары: Бердібек Соқпақбаев, Мәди Айымбетов, Марат Қабанбаев, Толымбек Әбдірайымов, Зира Наурызбаева және Лиля Калаустар да ерекшеленген. Жыл басында біздің кітапханада ұйымдастырылған «Бір ел – бір кітап = Одна страна – одна книга», кітап көрмесінің арқасында біздің оқырмандар авторлармен және олардың шығармаларымен толығырақ таныса алады. Көрме 5 бөлімнен тұрады: «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті», «Аударма» және «Драматургия». Кітапханашылар оқырмандарды республикалық комиссия ұсынып отырған шығармалармен ғана емес, сондай-ақ әрбір жеке әдебиетшінің шығармашылығын толық сипаттайтын таңдалған авторлардың басқа да шығармаларымен таныстыруға тырысты. Барлық келеміндеушілерді көрмемізді тамашалауға шақырамыз!
Қаңтар 5, 2021 «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапхана пайдаланушылары үшін «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдар біздің қазақстандық қоғамның рухани жаңару стратегиясын түсінуге, ой талқысынан өткізуге және оны қабылдауға көмектеседі. Оқырмандар «Рухани жаңғыру» кітаптар сериясымен таныса алады. Бұл серияның басылымдары арасында облыстық тарихи өлкетану мұражайының қалыптасу тарихы туралы әңгімелейтін «Музей және тарих» жинағы, «ХХІ ғасыр музейі: музейлерді дамытудың замануи үрдістері мен перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы бар. «Сарыарқаның тарихи – мәдени мұрасы» ғылыми каталогы оқырмандарды Қарағанды облысы аумағында жылдар бойы жиналған мұражай артефакттарымен, сәндік – қолданбалы өнер заттарымен таныстырады. «Туған жер – тұғырың» көркем фотоальбомы еліміздің ең тартымды жерлерін – ежелгі киелі ескерткіштерден бастап жас астананың заманауи сәулеттік ғимараттарына дейін кеңінен ашып көрсетеді. Бұл кітап көрмесі еліміздің даму жолындағы жетістіктері жайында кітаптармен мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. Құрметті оқырмаңдар! Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!
Қаңтар 3, 2021 «Сен – біздің бірінші оқырман» By odb-abai inЖаңалықтар Міне 2021 жыл да келді. Біздің кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашып, жаңа жылдың ең алғашқы оқырмандарын қарсы алды. Кітап оқуға деген құмарлығымен 2021 жылда кітапханаға ең алғашқы болып келген балалар арнайы медальмен, жаңа жылдық естелік сыйлықтармен марапатталды. «Сен – біздің бірінші оқырман» атты дәстүрлі шараның қатысушылары: №93 гимназияның 3 «Б» сынып оқушысы Леонкова Алина №1015 Мәскеу мектебінің 2 сынып оқушысы Ампериади Демид №1015 Мәскеу мектебінің 3 сынып оқушысы Ампериади Эллада С. Сейфуллин атындағы №92 гимназияның 6 «А» сынып оқушысы Жанабекова Наймулуна Ақтас кентінің 4 сынып оқушысы Марат Кәусәр Топар кентінің 9 сынып оқушысы Өкіметхан Махаббат Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 7 “Б” сынып оқушысы Тұрсымбек Томирис Академик Е. А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 2 сынып оқушысы Мамедов Назар Академик Е. А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 7 “Г” сынып оқушысы Попова Мария №86 ЖББОМ 7 “Ә” сынып оқушысы Тасқынбай Мерей №1 гимназияның 4 “Б” оқушысы Аржеховский Ян
Қазан 22, 2020 Үздік оқырмандар 2019 By odb-abai inБасты «Ең бірінші оқырман» Эдуард Берлейн №38 гимназияның 2 «Б» сынып оқушысы «Ең кішкентай оқырман» Замир Абдулаев 2018 жылғы 2 жас «Мәңгілік классика» Екатерина Цветкова №38 гимназияның 6 «Б» сынып оқушысы «Мәңгілік классика» Әділхан Таңшолпан Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 6 «А» сынып оқушысы «Соғыс туралы әдебиет білгірі» Андрей Лебединский №102 мектеп-лицейінің 9 «В» сынып оқушысы «Кітапхананың айнымас досы» Айсұлу Владимирқызы №17 ЖББ орта мектептің 2 «А» сынып оқушысы «Болашақ детектив» Тамаз Оралкен №10 ЖББОМ 6 «Г» сынып оқушысы «Адал оқырман» Данил Коровкин №3 гимназияның 11 «Б» сынып оқушысы «Оқитың отбасы» №52 ЖББОМ 3 «В» сынып оқушысы Вячеслав Василечко, Влада 2015 жылғы, анасы -Валерия Владимировна, әкесі – Сергей Васильевич
Наурыз 17, 2020 Кеңес 3. Қамқор ата-аналарға арналған кітап витаминдері By odb-abai inБасты Әдетте, жасөспірім балалар неғұрлым тәуелсіз болғысы келеді, бірақ өзін-өзі бақылау дағдысы әлі де толық қалыптаспағандықтан, ата-аналарының бағыт беруін, қолдауын қажет етеді. Бұл жас ерекшелігі психологиясында мүмкін болатын ең айқын даму дағдарысы. Сондықтан ата-аналар үшін балалармен жақсы қарым-қатынасты сақтау және балаларымен не болып жатқанын түсіну өте маңызды. Ата-аналарға көмек ретінде келесі кітаптарды ұсынамын: Ричард Темплар «Правила родителей» Адель Фабер, Элейн Мазлиш «Как разговаривать с детьми, чтобы они хотели учиться и дома, и в школе», «Свободные родители, свободные дети» Найджел Латта «Прежде чем ваш ребенок сведет вас с ума» Юлия Гиппенрейтер «Самая важная книга для родителей» Анна Быкова «Самостоятельный ребёнок или как стать «Ленивой мамой» Людмила Петрановская «Большая книга про вас и вашего ребёнка» Татьяна Жекулина «Травля в школе. Нарративный подход»