Ньютондық емес сұйықтық

21 қазан күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында тәжірибе жасалынды, тәжірибе барысында ньютондық емес сұйықтықтың қалай жұмыс істейтінін анықтадық. Осы тәжірибені күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым су, крахмал және кез-келген бос ыдыстардың көмегімен жасауға болатыны жайлы айтылды. Бұл тәжірибеде ньютондық емес сұйықтықтың физикалық, механикалық немесе дыбыстық әсер ету кезінде тұтқырлық пен тығыздық қалай өзгеретінін көрсетеді. Бұл жоғары өзара әрекеттесу жылдамдығында массивті сұйықтық молекулаларының инерцияға байланысты қайта реттеліп үлгермейтіндігіне байланысты.

Ертегілер мен оқиғалар сағаты

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өтті.
Суретші-дизайнер Герасим Иванов балаларға Сергей Махотиннің «Вирус ворчания» атты әңгімесін оқып берді.
Шара соңында қонақ балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«Шуақ» шығармашылық студиясы

Күзгі сыйлықтар тақырыбын жалғастыра отырып, «Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Елена Благининаның «Осень спросим» шығармасымен танысты картон, гуашь және мақта бүршіктері арқылы сүйкімді тал бұтақтарын жасады.

«Қазақ сахнасының санлақтары» шығармашылық салоны

Биыл Қазақстанның танымал талантты әйелдері К.Байсейітова, Р. Бағланова, Ш.Жандарбекова, Ш. Жиенқұлова мерейтойларын аталып өтуде. Өз ісінің қайталанбас шеберлері қазақ өнерінде қайталанбас із қалдырды.
Кітапханада олардың шығармашылығымен танысу мақсатында «Қазақ сахнасының санлақтары» шығармашылық салоны өткізілді. Іс-шара барысында әншілердің белгілі әндері шырқалып, өлеңдер оқылып, актриса А.Қалдыбекованың орындауында Д. Исабековтің «Актриса» спектаклінен монолог оқылып, қазақтың халық биі орындалды.
Шығармашылық салон аясында «Қазақ өнері тарландары» атты кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды.

«Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» кітап көрмесі

18 қазан Қазақстанда Рухани келісім күні болып жарияланды. Бұл күн әрбір қазақстандықтың өмірінде маңызды болып табылады. «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» кітап көрмесін көрсету арқылы кітапханашылар оқушыларға «Ел бірлігі», «қоғамды шоғырландыру», «діни толеранттылық» сияқты ұғымдарды түсіндіреді.
Көрмеде Қазақстан қоғамының негізгі принциптері – тәуелсіздік алған сәттен бастап дінаралық және этносаралық келісімді ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған.
Кітап көрмесі толеранттылықты, қоғамдық келісімді тәрбиелеуге, өскелең ұрпақтың әртүрлі ұлттар мен діндердегі адамдарға құрметпен қарауын қалыптастыруға, адамның қадір-қасиеті мен даралығын құрметтеуге бағытталған.
Кітапхананың оқу залында 17-26 қазан аралығында көрме өтеді.

 

«Страна прав и обязанностей» атты құқық сағаты

Кітапханада №1 гимназияның 4-сынып оқушыларының қатысумен «Страна прав и обязанностей» атты құқық сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға әдеби-құқықтық викториналық сұрақ-жауап ойының ұйымдастырды.
Шара соңында «Права ребенка на примере мультгероев» атты бейнеролик көрсетілді.

 

«Free Style» арт-шеберханасы

Біздің тұрақты оқырмандарымыз Томирис, Нұрсұлу, Айша «Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағына қатысып, қыз-келіншектердің шашына тағатын сәндік әшекей бұйым жасап бастады. Үйірме жетекшісі Ж.Ыбрайм қыздарға моншақтар мен бисердің көмегімен шаш қыстырғыштарды қалай жасауға болатынын көрсетті.

Құрманғалиев Алан. «Жетістік формуласы» тележобасы

13 қазанда қарағандылық жас спортшы, үстел теннисінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Құрманғалиев Аланның қатысуымен «SARYARQA» телеарнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті.
Студияға жоғары политехникалық және жоғары гуманитарлық колледждердің студенттері жиналды. Бағдарлама қонағы 15 жасар Алан Қазақстан Республикасының 2021 жылғы чемпионы, Бангкоктағы «Asia Hopes Week» беделді Азия турнирінің жеңімпазы, Салалдағы «2019 ITTF World Hopes Week and Challenge» әлемдік турнирінің күміс жүлдегері, ITTF халықаралық үстел теннисі федерациясының нұсқасы бойынша 2019 жылғы әлемнің үздік кадеті ретінде танымал болды.
Осы жылы Алан Құрманғалиев Қазақстан үстел теннисі тарихында Азия чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы спортшы атанды. Бұл оқиға Лаоста, жасөспірімдер мен курсанттар арасындағы XXVI құрлықтық біріншілікте болып, онда ол үшінші орынға ие болды.
«Осы Азия чемпионатына дейін мен көптеген халықаралық жарыстарды жақсы нәтижелермен өткіздім. Бірақ бұл чемпионат менің өмірімдегі ең маңыздысы болды», – деп бөлісті өз ойын теннисші.
Алан өзінің жеткен жетістіктерін мақтан тұтады. Дегенмен, ол әрбір жеңіс еңбекқорлықтың, қатаң тәртіптің, адалдықтың және жақын адамдарының қолдауының нәтижесі деп біледі.
Алан Құрманғалиев үстел теннисіне 7 жасында келді. Бұл спорт түрі оған алғашқы күннен бастап ұнады. Ол тіпті жаттықтырушыдан оны бірден бастаушы топтан кәсіби спортшылар қатарына ауыстыруын сұрайды, өйткені олар 2-3 сағаттап жаттығатын еді. Жаттықтырушысы Эльмира Алиева Аланның қабілеті мен ұмтылысын бірден байқайды. Аланның айтуынша, ол оған дамуға мүмкіндік береді, оны шабыттандырады, халықаралық деңгейде насихаттайды.
Жас спортшы қиындықтарды қалай жеңетіні, бос уақытында не істейтіні, қай елдерге барғаны және ойын алдындағы толқуды қалай жеңетіні туралы, сондай – ақ Олимпиада ойындарының жүлдегері болу туралы ең маңызды арманы жайлы айтып берді.
Алан өзінің спорттық жетістіктеріне қалай қол жеткізгендігі туралы студияда қатарластарымен өзінің жетістік формуласымен бөлісті: «Бастаған істі соңына дейін жеткізіп және ешқашан берілмеу» керектігі жайлы айтып берді.
Бағдарлама соңында белсене қатысқан студенттер спортшыдан естелік сыйлықтарын алды және жоба ұйымдастырушылары Аланға А. Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және жетістік пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.

«Арғынмын, атым – Әсет арындаған…» әдеби музыкалық қонақжай

Әсет Найманбайұлының туғанына 155 жыл толуына байланысты кітапханада «Арғынмын, атым – Әсет арындаған…» әдеби музыкалық қонақжай өткізілді. Шараға Қ. Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің дәстүрлі ән сыныбы ұстазы Ерден Байтоғанов пен №48 ЖББМ оқушылары қатысты. Балалар ақын, әнші-композитор Ә. Найманбайұлының шығармашылығымен танысып, Ерден Жұматайұлының орындауында «Қоңыр қаз», «Қисмет» әндерін тыңдады.
Ұлы даланың ән падишасы Әсет Найманбайұлының есімі халқының жүрек төрінде мәңгі боларына сенімдеміз.

Жазушымен кездесу

«Балалар, Сіздер үшін жазамыз» жобасы аясында біздің кітапханада оқырмандардың Алматы қаласынан келген балалар жазушысы, прозаик, эссе жазушы Елена Клепиковамен ұмытылмас кездесуі өтті. Ол тоғыз кітаптың авторы және сегіз кітаптың бірлескен авторы, АӘМ (Ашық әдеби мектебі) оқытушысы және әдеби байқаулар мен сыйлықтардың, оның ішінде «Дарабоз» (Қазақстан), «Золотое перо Руси» (Ресей) сыйлықтарының лауреаты. Автордың кітаптары көптеген елдерде жарыққа шыққан, қазақ және ағылшын тілдеріне аударылған.
Кездесу дөңгелек үстел форматында өткізіліп, әр бала авторға кезкелген сұрақты қоя алды. Балалар Елена Клепикованың «Карантинные человечки» ертегісі бойынша сахналық қойылым дайындады, ал «Nurbi» би ансамблінің қатысушылары «Тентек қыздар» әсерлі биімен балаларды қуантты.
Кездесу соңында қолтаңба-сессиясы өтіп, авторға және ұйымдастырушыларға да көптеген алғыс сөздер айтылды. Кітапхана қызметкерлері мұндай кездесулердің қажет екеніне сенімді, автормен «көзбе-көз тілдесу» баланың оқырмандық талғамын қалыптастыруға ықпал етіп, оның кітапқа және жалпы оқуға деген қызығушылығын оятады.