«Marvel кейіпкерлері»

Бүгін кітапханада №30 ЖББМ мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалардың назарына «Marvel кейіпкерлері» комикстер мен кітаптарда тақырыбында әңгіме өткізілді. Балалар әлемге әйгілі «Marvel» компаниясының құрылу тарихын білді және өздерінің сүйікті супер қаһармандары «Өрмекші-адам», «Темір адам» «Тора», «Халка» және т.б. танысты.

 

«Түрлі – түсті кітаптар әлемі»

«Жаз. Балалар. Кітап» жоба шеңберінде «Түрлі-түсті кітаптар әлемі» атты жазғы оқу алаңы ұйымдастырылды.
Қатысушы балалар әр түрлі түстерге безендірілген кітаптар арқылы әдеби викториналық сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, көптеген жағымды эмоциялар алды.
Бүлдіршін балалар қызмет көрсету бөлімі ұсынған қызықты, танымдық басылымдармен танысып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

 

 

«Сиқырлы лава»

12 шілдеде қызықты фактілер күні аясында кітапхана оқырмандарымен бірге «Сиқырлы лава» атты тәжірибе түрін жасады.
Балалар сірке суы мен соданың қосындысынан жасалған реакцияны көрді. Жасанды лаваның көпірген, таңғажайып түрі балалардың қызығушылығын оятты. Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды.

 

«Цветик – семицветик» мульфильмі

Кітапханалық мультзал аясында мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар жазушы  Валентин Катаевтың ертегісінің  желісі бойынша түсірген  «Цветик – семицветик» мульфильмін көріп тамашалады.

«Бір кітап – бір тарих»

Балалар «Бір кітап – бір тарих» тақырыптық күні аясында балалар жазушысы Молдахмет Қаназовтың шығармашылығы және оның «Чика – Дабылдың баласы» атты повесі бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ отбасы асырап алған Бақытжанның басынан кешкен оқиғасы туралы қызықты мәліметтер мен танысты.
Іс-шараға мектеп жанындағы гимназия лагерінің оқушылары Қ. Сәтпаев атындағы гимназия 38 және №88 ЖББМ қатысты.

 

Тауық жұмыртқасының құпиялары

5 шілде күні кітапханада қызықты фактілер күні аясында № 64 мектепшілік жазғы лагерінің балалары тауық жұмыртқасының құпиялары туралы көптеген қызықты мәліметтер алып, «Бөтелкедегі жұмыртқа», «Резеңке жұмыртқа», «Сүңгуір жұмыртқалар» тәжірибелері көрсетілді.
Балаларға осы тәжірибелер үй жағдайында ересектердің бақылаумен жасап өткізу ұсынылды.

 

 

«Жайнай бер, жасай бер, астанам!»

Кітапханада еңсесі биік, ерекше қастерлі Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының төл мерекесіне қарсаңында «Жайнай бер, жасай бер, астанам!» атты интерактивті-ойын ұйымдастырылды. Шараға №91 ЖББМ «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары қатысты.
Шара барысында оқырмандар ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласы туралы бейне-клип тамашалап, қаланың шығу тарихы, көрікті жерлері мен қызықты деректері туралы интерактивті-ойындар ойнап, викториналық жұмбақтар шешті. Барлық ойынға белсене қатысқан балаларға журналдар сыйлыққа берілді.

 

«TikTok»

Бүгін №45 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің балалары «TikTok» қосымшасында бейнероликтер жасау бойынша шеберлік сағатына қатысып, кітаптарды жарнамалауды үйренді. Бүгінгі бейнероликтер Астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы туралы кітаптарға арналды. Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз!

«Өлеңім-өмірімнің айнасы» кітап көрмесі

Құрметті оқырмандар!
Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жасқа толуына орай ақынның еңбектеріне байланысты кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалаларынан «Өлеңім-өмірімнің айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Барлықтарыңызды ақынның шығармашылығымен танысуға шақырамыз!

«Домбыра – халық даналығы» музыкалық панорама

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада «Домбыра – халық даналығы» атты музыкалық панорама өткізілді.
Шараға «Ақжелең», «Арқа әуені» ансамбілінің мүшелері қатысты. Айтулы мерекеге арнап «Домбыра – дастан, домбыра – күй» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге домбыра аспабының тарихы, жасалу технологиясы, туралы кітаптар және «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», М.Рәштің «Киелі домбыра», Ө. Спановтың «Домбыра үйренейік», К. Әзірбаевтың «Жан серігім, домбыра» басылымдары қойылды.