ӘДЕБИ КОСПЛЕЙ ФЕСТИВАЛІ

Балалар мен ата-аналарды 9 желтоқсан, сағат 17.00-де өтетін ӘДЕБИ КОСПЛЕЙ ФЕСТИВАЛІНЕ қатысуға шақырамыз. Өтінімдер 5 желтоқсанға дейін odb_abai@mail.ru электрондық поштасына қабылданады. Қатысушылардың жасы 7 жастан 15 жасқа дейін.
Фестиваль бағдарламасында:
Косплей дефилесі;
– Әдеби образдың театрландырылған қойылымы;
– Әдеби викторина;
– Косплей дискотекасы;
Жүлделі номинациялар:
-Үздік көркем бейне (образды дәлме-дәл жеткізу, костюмнің
өзін көрсету және оның өзіндік ерекшелігі);
-Үздік балалар косплейі (7-10 жас аралығындағы балалар);
-Үздік отбасылық косплей (бір тақырыпты біріктірген костюмдер
киген ата-аналар мен олардың 15 жасқа дейінгі балалары);
-Үздік MAKEUP – бет әлпетті әрлеуі;
– Original – косплей (қатысушы өзі ойлап тапқан образ, өз қолымен
жасаған костюм).
КЕЛІҢІЗДЕР! ҚАТЫСЫҢЫЗДАР! ҰНАҒАН КОСПЛЕЙ ҚАТЫСУШЫСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗДЕР!

Барлық сұрақтар бойынша +7(7212) 41-23-25 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады. КОСПЛЕЙ ФЕСТИВАЛІНІҢ тұжырымдамасымен сайтта https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2022/11/Kontseptsiya-o-Literaturnom-kosplee-kaz.pdf таныса аласыз.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

14 қараша күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді.
Балаларға Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының актрисасы Дарья Пивень әйгілі балалар жазушы Энид Блайтонның «День рождения эльфа» ертегісін оқыды.
Мұндай кездесулер ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

«Книжная Волга»

11 қараша күні Ресейдің Волгоград қаласындағы М.К. Агашина атындағы орталық кітапханасымен бірлесіп Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Книжная Волга» халықаралық кітаптар көрмесі аясында онлайн кездесу өткізді.
Шараға Қарағандылық балалар жазушылары Наталия Инжевская және Елена Пономаренко қатысты. Жазушылар қатысушы балаларды кітаптарымен таныстырып, шығармашылықтары тура]лы ой бөлісті.

[su_image_carousel source=”media: 26489,26498,26497,26496,26495,26494,26493,26492,26491,26490″ limit=”15″ crop=”none” adaptive=”no” align=”center” autoplay=”15″ image_size=”full”

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

09 қараша күні жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді.
Балаларға Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Мереке Сатибекова Д. Ахметұлының «Робот және алты асық» жинағынан «Қимас достар» деген замануи ертегісін және Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқыды.

Шуақ

«Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Н. Охзенкнехттің «Бусинка» кітабымен танысқаннан кейін түрлі-түсті қағаздар және желімді қолдана отырып арқасында теңбілі бар қызыл қоңызды жасады.

Біздің күзгі демалысымыз

Қала мектептерінің оқушылары күзгі демалыс кезінде біздің кітапханаға экскурсияға келді. Экскурсия барысында балалар кітапхананың пайдалану ережелерімен, тұрақты түрде ұйымдастырған кітап көрмелерімен танысты.
Сондай-ақ кітапхана қорындағы құнды және сирек кездесетін ерекше басылымдар, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және мерзімді басылымдармен танысып, электрондық қызметтер туралы білді.

«Мазмұндама» қоғамдық қоры баспасы

Кітапхана «Баспа кітаптарды ұсынады…» атты кітап көрмелерінің циклін жалғастыруда. «Мазмұндама» қоғамдық қоры баспасымен танысыңыз.
«Мазмұндама» қоғамдық қоры 2018 жылы құрылды. Ел тарихында тұңғыш рет саммари және non-fiction кітаптарды шығарып, әлемдік бестселлер кітаптарды қазақ тілінде сөйлеткен баспа аз уақыт ішінде бедел жинап, қалың оқырманның көзайымына айналды.
Баспа жұмысында шетелдік және ресейлік авторлардың аударылған көркем әдебиеті ерекше орын алады.
Г. Уэльстің «Уақыт машинасы», Ф. Бернеттің «Құпия бақ», әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты С. Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат», Д.Карнегинің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері», «Оқуға тиіс 10 кітап» және т.б. кітаптарды оқырмандар үлкен ізденіспен қызығушылық тудырып оқиды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді «Мазмұндама» қоғамдық қорының ең үздік басылымдары жинақталған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Сәнді шаш түйреуіш» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі шаш түйреуішті өз қолдарымен жасап үйренді.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді. Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану арқылы адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді.

«Адамгершілік – алғашқы капитал» тренингі

27 қазан күні «Адамгершілік – алғашқы капитал» тақырыбында тренингі өткізілді. Балалармен кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, психолог Салтанат Смағұлтегі келді.
Қонақ тренинг барысында қатысушыларға адамгершілік ойлау тетіктері туралы айтып, бірнеше практикалық міндеттер жүктеп, әр түрлі қызықты сұрақтар қойып, балалардан тұшымды жауаптар алады.