«Қыздар сұлу көрінер көркіменен»

Наурыз айының 4 күні аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесіне орай «Қыздар сұлу көрінер көркіменен» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 9 «А» сыныптың оқушы қыздары және арнайы қонаққа «Azizas AS» студиясының негізін қалаушы Азиза Сахиқызы және шәкірті Ақмаржан Сурапова қатысты.
Қонақтар сыртқы сұлулықтың ең басты мәселелерінің бірі – бет күтімі мен шаш күтімі жайлы сұхбат жүргізіді. Қыздарға бет терісі мен шашқа қалай күтім жасау туралы пайдалы кеңестер айтылды.
Шара соңында қонақтарымыз ең белсенді қатысушылар Сабина Касымжан мен Медина Айтжановаға «Azizas AS» студиясына тегін сертификатын табыстады.

IMG_1398
IMG_1402
IMG_1404
IMG_1410
IMG_1415
IMG_1417
IMG_1419
IMG_1422

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты телекөпір

          Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту бойынша жалпы республикалық іс-шаралар шеңберінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты телекөпір өтізілді. Жамбыл облыстық Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұжымы қашықтан телебайланысқа шықты.
Онлайн шара ақын шығармалары арқылы жас ұрпақты патриоттық сезімге баули отырып, саф поэзияға, әдебиетке қызығушылығын ояту және тәлімі терең туындылармен тәрбиелеу һәм адамгершілікке дағдыландыруды мақсат тұтты.
Шараға Қарағады қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты мен Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатыны мен Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушылары, ұстаздары қатысты.
Шара барысында балалар Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қабілеттерін байқатты. Тағдырдың жазуымен зағип болса да, өмірге құштар жас композитор, күйші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрдәулет Сағатбек ұлттық музыка саңлағы Н.Тілендиевтің Жамбылдың 100 жылдығына арнап жазған әйгілі «Ата толғауы» күйін күмбірлете орындады.
– Ақын шығармаларының шоқтығы биігі – айтыстары деп айтамыз. Жамбылдың Құлманбет, Досмағанбет, Сарыбас, Бақтыбай, Бөлтірік, Жүнісбай, Айкүміс, Бөлектің қызы, Шашубаймен айтыстары суырыпсалмалық өнерінің биікке шарықтағандының айғағы.
Осындай аламан айтыстардың ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының һас үлгісі деп баға береді әдебиеттанушылар. Ал, Жамбылдың Айкүміспен айтысын Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының дарынды оқырмандары Бақытбек Мейіржан мен Жәния Тұрғынбекқызы тарту етіп, көпшілікті тарих қойнауындағы мөлдір бұлақтан сусындатты.
Ал, кітапхананың оқу залында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, жұртшылық жүз жасаған жыраудың жалынды жырлары мен әдебиеттанушылардың зерттеулері жинақталған кітаптар жайлы толымды мәлімет алды.

IMG_1321
IMG_1334
IMG_1335
IMG_1341
IMG_1353
IMG_1356
IMG_1360
IMG_1363
IMG_1384
IMG_1390

 

Болашаққа бағытталған көзқарас

          2021 жылы қазақ зиялыларының қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, көрнекті қайраткері, Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту қарсаңында кітапхана Алашорда көшбасшысына арналған «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бейне дәрісін дайындады.
ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында елімізде орын алған ауқымды тарихи оқиғалардың қатысушысы болған Әлихан, тәуелсіздік үшін көп іс тындырды. Ә. Бөкейханов өз іс-әрекеттері мен идеяларымен Қазақстанның тарихи дамуының негізгі векторларын алдын ала анықтады. Оның көзқарасы әрқашан болашаққа бағытталған.
Бейнедәріс сабағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Л. К. Шотбакованың қатысуымен ұйымдастырылды.
Дәріскер Ә.Бөкейхановтың өмірінің негізгі кезеңдері, оның түрлі салалардағы қызметі туралы өте қызықты айтып берді.
Оқырмандар Әлиханды ірі ғалым, публицист, этнограф және абайтанушы ретінде жаңаша көзқараспен қарауына мүмкіндік туды.
Бейнедәріс сабақ материалдарымен әр оқырман кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан таныса алады.

IMG_1309
IMG_1310
IMG_1311

Саяхат

          Кітапханада оқу сауаттылығы апталығы аясында балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын арттыру мақсатымен наурыз айының 2-сі күні С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің 5 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен экскурсия өткізілді.
Балалар кітапхананың ережесі және тарихымен таныса отырып, оқу залында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы», «Туған өлке-тұнған тарих», «Ұлт Көсбасшысы ұлы тұлға», «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмелерімен танысты. Саяхатқа келген балалар, кітапханаға жазылып және жақсы әрі ұқыпты оқырман болуға ниет білдірді.

photo_2021-03-02_14-14-54
photo_2021-03-02_14-15-03
photo_2021-03-02_14-15-14
photo_2021-03-02_15-17-43

Ертегілер мен оқиғалар сағаты

     Кітапханада ай сайын, айдың екінші және төртінші жексенбісі дәстүрлі дауыстап оқу сағаты кішкентай оқырман пайдаланушылар үшін ғана емес…
Дауыстап оқу-бұл «оқу залында» балалар мен ата-аналардың қатысуыменғана өтетін іс-шара емес, сонымен қатар ерекше атмосферада кітапханада кітап оқуға тыңдармандарды шақыруға қызықтыратын танымал форма.
Кезекті «Читалочка» ертегілер мен оқиғалар сағаты 28 ақпанда өткізілді.
Балалар мен ересектер балалар жазушысы Борис Заходердің шығармашылығымен танысты. Олар «Русачок» ертегісін қуана тыңдады.
Дауыстап оқу ересектерді балалық шақтарында аналарының ертегі оқып бергендігін естеріне түсірді, ал балаларға жаңа кейіпкерлермен және олардың шытырман оқиғаларымен танысуға қуаныш сыйлады.

сказки1
сказки2
сказки3
сказки4
сказки5

Киіз үй

           Қарағанды қаласының жас тұрғындарында ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында кітапхана Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де танымал киіз үй-Степняк тұрғын үйін құрастыру бойынша мастер – класс циклін өткізуді жалғастыруда.
Киіз үйдің – формасы мен мәні бүгінгі күнге дейін сақталған қазақ халқының сан ғасырлық жәдігерлерінің бірі. Қазақ халқының барлық өмірі киіз үймен байланысты болған. Шаңырақ ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық жәдігер. Киіз үйдің дөңгелек формасы ауа-райынан қорғаса сонымен қатар көшпенді халықтың өмір салтын көрсетеді.

үй 1
үй 2
үй3
үй4
үй5

«Мың алғыс»

           «Алғыс айту күні» қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Мың алғыс» атты алғыс айту сағатын балалар мен ата-аналармен бірлесіп өткізді
Мерекенің тарихи маңыздылығы мен оның пайда болуының алғышарттары, қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сүйіспеншілігінің мерекесі екені туралы айтылды.
Мереке достық, мейірімділік туралы өлеңдер оқумен және бір-біріне алғыс сөздерін айтумен аяқталды.

алгыс 1
алгыс2
алгыс3
алгыс4

Нұрдәулет Сағатбекпен онлайн-кездесу

             Кітапхананың ұйымдастыруымен жас композитор, күйші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты 13 жасар Сағатбек Нұрдәулетпен «Арманы шексіз адамды мүмкіндігі шектемейді» тақырыбында ақпан айының 22 күні тікелей эфир өткізілді. Нұрдәулет Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы.
Эфир қонағы Нұрдәулет Сағатбек 2007 жылы Таразда дүниеге келген. Қарағанды қаласында тұрады. Домбыраны 11 жасында үйреніпті. Қазір 50-ден аса күйді жатқа біледі. Өзі 10 шақты күй шығарған. Фортепианода да ойнайды. Нұрдәулет әлеуметтік желі жазушыларына күй өнері, тарихы, қатысқан байқаулары туралы, армандары жайлы айтып берді. Ол арманы шексіз адамды мүмкіндігі шектемейтінін айтады. Бастысы, ниет пен тек алға қарай ұмтыла беру керек.
Сондай-ақ Нұрдәулет домбыраның пайда болу туралы, күйдің шығу тарихына қызығады. Домбыра жайлы түрлі аңыз-әңгімелерді тыңдағанды жақсы көреді. Жас күйші халық күйлері «Көбік шашқан», «Ел айырылған», «Балбырауын», «Тойбастар», «Мұңлық-Зарлық», «Ақсақ құлан» күйлерінің тарихына тоқталып біз оны қанша ғасыр өтсе де ұмытқан жоқпыз деп айтып өтті.
Қонақ домбырада бір күйді шерткенде, оның тарихын біліп тұрсаң тыңдарманға да жеткізу оңай болады және сондықтан да күйдің тарихын, күйшілер туралы біліп жүруге тырысамын, – дейді ол. Кездесу қызықты, тартымды болып өтті.

Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік

        22 ақпанда кітапханада еліміздің Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздіктің қалыптасуына қосқан «Ұлт Көшбасшысы – Ұлы Тұлға» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
2021 жыл – Қазақстанның тәуелсіздік алуының 30 жылдығын мерекелеу жылы. Жас республиканың үлесіне Қазақстан абыроймен еңсере алған сынақтар аз болған жоқ. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері көп табысқа кенелді.
Әлемдік қоғамдастықтың көз алдында Қазақстанның жетістіктері мен Н.Ә.Назарбаевтың қызметі бір бүтіннің ажырамас бөлшегіне айналды. Ел тарихының жаңа кезеңі және Көшбасшы өмірбаянының алтын тараулары 1991 жылы басталады. Елбасының саяси басқаруында 28 жыл болды, ол үшін алға үлкен қадам жасалды.
Көрмеде – оқырмандар Елбасының қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарын, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың басқару жылдарын баяндайтын, монографиялары мен түрлі-түсті альбомдарын таба алады.
Көрмеге барлығы 26 дана қойылды.

WhatsApp Image 2021-02-22 at 10.22.45
WhatsApp Image 2021-02-22 at 10.25.22
WhatsApp Image 2021-02-22 at 10.25.23

Шеберлік сыныбы «Сиқырлы қар»

19 ақпан күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Сиқырлы қар» атты шеберлік сыныбы өтті. Балалар ыстық кезде де ерімейтін қар әзірледі. Жасанды қар, таңғажайып қасиеттерімен балалар мен ересектерді де таң қалдырды.
Өткізілген зертханалық тәжірибе қарапайым және қауіпсіз, балалардың бақылау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға ата-анасымен және достарымен дәл осындай тәжірбиені үйде жасауға ұсынылды. Сиқырлы қарды бірнеше рет қолдануға болады: бірнеше күннен кейін ылғал буланын, қар қайтадан ұнтаққа айналады.
Зертханалық тәжірибе соңында қызықты химия бойынша кітаптар мен журналдарға тақырыптық шолу жүргізілді.

photo_2021-02-19_15-35-09
WhatsApp Image 2021-02-19 at 15.42.12
WhatsApp Image 2021-02-19 at 15.42.16
WhatsApp Image 2021-02-19 at 15.42.17
WhatsApp Image 2021-02-19 at 15.42.22