«Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» онлайн-әңгіме

11 маусым күні балалар жазушысы, сценарист «Алтын Тобылғы – 2017» әдеби сыйлығы, «Жылдың үздік балалар әдебиеті» номинациясының лауреаты, «Әмина Тұран номадтар елінде» атты алғашқы отандық балалар-жасөспірімдер фэнтези-романының және «Менің Қазақстаным» атты екі кітаптың авторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы Зәуре Төрехановамен «Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» атты онлайн әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында жазушы «Алматыкітап баспасы» шыққан «Амина Туран в стране номадов» атты тұңғыш қазақстандық балалар мен жасөспірімдер фэнтези-романының, «Менің Қазақстаным» патриоттық сериясындағы екі кітаптың жасалғаны туралы білді.
Жазушы өзі туралы, шығармашылығы туралы, «Айтшы, әжетай» балалар журналымен ынтымақтастық туралы, осы журнал беттеріндегі әдеби байқаулар туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті, Қазақстанның қазіргі заманғы жазушыларының шығармашылығымен танысуға кеңес берді, сондай-ақ қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер туралы өз пікірімен бөлісті.

Көңілді ағылшын

Жаз айында 5 – 10 жас аралығындағы балалар үшін, әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 14.00-де «Көңілді ағылшын» сабағы өтеді.
«Көңілді ағылшын» сабақтарын Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетінің II курс студенттері өткізеді.
Алғашқы сабақтарда «The little House. Теремок» ертегісі оқылып, ойын түрінде дене мүшелерінің атауларын үйретті.
Ол үшін «Вodu Song» бейнеролигі қолданылды. Балалар өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жетекшінің айтқандарын қайталап, бейнероликте берілген әнді шырқады.
«Көңілді ағылшын» сабағы балалардың сөздік қорын өлеңдер, әндер, санамақтар, жаңылтпаштар және сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы толықтыру үшін қажет.
Барлық жас оқырмандарымызды «Көңілді ағылшын» сабағына шақырамыз!

0
5
6
1
2
3
4

«Дарқан дарын» кітап көрмесі

Көрнекті жазушы, ақын, драматург, «Құрмет» орденінің иегері Софы Сматаевтың 80 жасқа толу мерейтойына орай кітапханада «Дарқан дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жазушы оқырмандар игілігіне тоғыз роман, он үш повесть, он төрт пьеса, он екі дастан және әңгімелер мен өлеңдер ұсынған. Олардың ішінде он төрт елдің тіліне аударылып, әлем халықтарының рухани байлығына айналған туындылары аз емес. Соның бірі де бірегейі оның «Елім-ай» трилогиясы. Бұл қазақ тарихының ең күрделі әрі ауыр дәуірінде туған осы атаулы халық әні тарихымен тікелей байланысты.
Сондай-ақ көрмеге қаламгердің «Алау», «Ақжелең», «Алғашқы асу», «Жарылғап батыр», «Қайран жастық», «Мен – тірімін!», орыс тілінде «Время первой травы», «Песнь моя – боль моя» және т.б кітаптары қойылды. Барлығы 24 басылым оқырман назарына ұсынылады.
Софы Қалыбекұлының ғибратқа толы шығармаларын біздің кітап көрмемізден 16 маусым айынан 16 шілдеге дейін алып оқуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.

1
2
3
4
5

Кітапханалық кинозал. «Менің атым Қожа» фильмі

Әрбір бала армандағанды, қиялға берілгенді, ойнағанды, саяхаттағанды сонымен бірге қызықты фильмдер мен мультфильмдер көргенді ұнатады.
Әр бейсенбі сайын кітапхананың кинозалында балалар үшін әртүрлі фильм және мульфильмдер көрсетіледі. 10 маусым күні кітапхананның тұрақты оқырмандарына қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісімен «Қазақфильм» студиясыда түсірген «Менің атым Қожа» фильмі көрсетілді.
Сондай-ақ балалар әр жылдары шығарылған «Менің атым Қожа» кітаптарын көріп танысты.

IMG_3741
IMG_3743
IMG_3744
IMG_3749
IMG_3750
IMG_3751

 

«Үздік бол – кітап оқы!»

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында кітапханада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Үздік бол – кітап оқы!» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Қаланың орталық көшелеріндегі билбордтарда Қазақстанның және Қарағанды облысының танымал тұлғаларының кітап оқу маңыздылығы туралы сөздері жазылған баннерлер орнатылды.
Жоба көрнекі жарнаманың көмегімен қоғамды балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуының маңыздылығына назар аударуға ықпал етеді. Осы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік жасаған Қарағанды қаласының ішкі саясат бөліміне зор ықылас білдіреміз!
билбирд1
билбирд2
билбирд3

«Білгенге маржан»

Балалардың көптен күткен жазғы демалысы да басталды.
Кітапхана бастауыш сынып оқушыларына арнап «Білгенге маржан» атты өлкетанымдық жаяу серуендеу ұйымдастырып, қала тарихының жаңа және қызықты беттерін ашты.
Ең алғашқы өлкетанымдық жаяу серуендеу қаламыздың Орталық саябағында өтті. «Смайлик» балалар лагерінің тәрбиеленушілері саябақтың 1935 жылы құрылғанын білді.
Олар гид-жетекшісімен балалар темір жолын аралады.
Қазіргі саябақтың орнында ертеде хайуанаттар бағы болғандығы туралы ақпарат балаларды қатты таңқалдырды.

IMG_20210609_103738
IMG_20210609_104238
IMG_20210609_104708
IMG_20210609_105156
IMG_20210609_111019
IMG_20210609_111114
IMG_20210609_111305
IMG_20210609_112737

«Перғауын жыландары»

Кітапханада 8 маусым күні қызықты деректер күні аясында балаларға арналған «Перғауын жыландары» атты тәжірибе өткізілді. Балалар «Перғауын жыландарын» тек кальций глюканатын қолдану арқылы ғана емес, сонымен қатар қант, ас содасы, этил спиртінің көмегіменде жасады.
Екі тәжірибе де балалардың қызғушылығын оятты. Балалар мен ересектер заттардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысты. Перғауын жыландары түрінде алынған реакциялар қарапайым және қауіпсіз болды, мөлшері, түсі, жану жылдамдығы бойынша ерекшеленді.
Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды.
«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы соңында қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.

IMG_3680
IMG_3681
IMG_3688
IMG_3693
IMG_3701
IMG_3707
IMG_3708
IMG_3710
IMG_3714

 

Ұлттық мәдениет күні. «Асық ойнауды үйрену»

Балалардың жазғы демалыстарын қызықты да көңілді өткізу үшін кітапханада жаз айларында «Жаз. Балалар. Кітап» атты ұзақмерзімді жоба жұмыс жасайды. Жоба аясында аптаның әр дүйсенбісі ұлттық мәдениет күніне арналады. Бірінші мәдениет күні асық ойнап үйренуге арналды.
Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары және «Гвоздичка» балабақшасының бүлдіршіндері асық ойынының көптеген: «Ханталапай», «Бес асық», «Асықты тігіп ойнау» түрлерін ойнап үйренді. Олар уақытты қызықты өткізді.
Әсіресе жаз мезгілінде балалардың сүйіп ойнайтын ойыны – асық. Жүргізуші ойынның шығу тарихын, Орта Азиядағы ең көп таралған ойындардың бірі екенін, асықты әртүрлі түске де бояуға болатынын, салмағына, өлшеміне қарай әртүрлі атаулары барын, бұрыңғы хан-сұлтандардың балаларының «сақасына» алтын құйылғанын әңгімелеп берді.

IMG_3547
IMG_3568
IMG_3623
IMG_3629
IMG_3634
IMG_3636
IMG_3637
IMG_3647
IMG_3658
IMG_3671

«Балалар.Жаз. Кітап»

2 маусымда «Балалар.Жаз. Кітап» жазғы оқу залының ашылуы болды. Жазғы оқу алаңында «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері және кітапхана оқырмандары жаңа кітаптармен танысты.
Балалар бордың көмегімен асфальтта сурет салып өз қиялдарына ерік берді.Сонымен қатар түрлі – түсті қаламдардың көмегімен ақ қағазға кітап кейіпкелерін бейнеледі.
Бұл күн балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосты.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

 

«Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз»

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы атындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесіп кітапхана «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз» акциясы ұйымдастырып өткізді.
Кітапхана қызметкерлері және кітапхананың тұрақты жас оқырмандары даму мүмкіндігі шектеулі балалар Раян Әбдіқайым, Егор Хомич және Маргарита Верфельдің үйлеріне барып кітаптар мен журналдар сыйлады.

6c76d8bd-af0e-4680-94aa-d1f84abd1bc2
98f9161f-ddc9-45c7-8676-8fed697c321e
16960199-b502-4bdf-bd28-65b789bdf7d8
b0dd5d14-bc46-4e0b-941b-c73713326afe (1)