Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын

Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, балалар ақыны Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Қазақтың Қадыры» онкүндігіне орай кітапханада «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын» атты поэзия кешіне Қарағанды қаласының ЖББОМ №17,№6 және №92 гимназияның 2-4 сыныптың оқушылары қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты оқушыларды Қадыр Мырза Әлінің шығармаларымен таныстыру арқылы бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты қалыптастыру. Ақын өлеңдерің насихаттау, жүйелеу. Шара Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған алғашқы әнұран «Атамекен» өлеңімен басталды.

Кеш барысында Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен оның ел игілігі үшін қалдырған мұралары туралы тереңнен сөз қозғалды. Қазақ балалар әдебиетіне, қосқан зерлі қаламгердің шығармалары халық жадында мәңгі сақталмақ. Осы орайда «Домбыра» атты өлеңін оқып, автордың өз қатысуымен жазылған бейнеролик көрсетілді.

Мектеп оқушылары А. Ибраева, А. Байжумартова, А. Молдабай және Ш. Есенбай, М. Бауыржанұлы ақынның «Қақаған қаңтар», «Маубас мысық», «Мазасыз доп», «Ер-тұрман» өлеңдерің мәнерлеп жатқа оқыды. Балалалар Қ. Мырза Әлінің «Алтын омырау», «Күміс қоңырау», «Қылыш пен қанжар», атты шығармаларымен танысты.

Comments are closed.