Archive Сәуiр 2018

Ойын арқылы ағылшын тілі

Кітапханада 15 сәуірде «English through games» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.

Балалар «My house – Менің үйім» тақырыбын өтті. Сабақ ойын түрінде өткізілді. Балалар тіл дағдыларын жетілдірді, сурет салды, ағылшын тілінде өздерінің үйлері туралы әңгімеледі, «Үй» (house, flat), «түсі» (red, blue), «сапа» (big, small) тақырыптары бойынша жаңа сөздерді қолдануды үйренді. Сабақ барысында түрлі-түсті қарындаштарды, тақырыптық кәртішкелерді, түрлі-түсті қағазды және шағын фигураларды пайдаланды.

Бір ел – бір кітап: «Ұшқан ұя»

Сәуір айының 13 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалпы халықтық оқу үшін таңдалған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі жайлы ой бөлісу, пікір алмасу аясында өтті. Әрі қарай оқу

Ән – көңілдің ажары

Кітапханада сәуір айының 12-і күні қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ән – көңілдің ажары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке «Бәйтерек» шипажайында ем алып жүрген балалары қатысты. Әрі қарай оқу

Ғарыш кеңістігіндегі 108 минут

Бүкіл әлем 12 сәуірде Авиация және космонавтика күнін – адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына арналған естелік күнін атап өтеді. Бұл ерекше күн, яғни бүгінде ғарыш саласында жұмыс істейтін барлық адамдардың және ғылымның салтанат құрған күні. Әрі қарай оқу

«Денсаулық – зор байлық»

Кітапханада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 5 сәуірде №38 гимназияның 3 «В» сыныбы оқушыларымен «Денсаулық – зор байлық» танымды денсаулық сабағы өткізілді. Әрі қарай оқу

«Пысық болдым, мінеки!

2018 жылғы 22 наурызда шығармашылығы халықаралық деңгейде бағаланған қазақстандық жазушы Марат Қабанбаев 70 жасқа толар еді. Ол 1990 жылы «Пысық болдым, мінеки! Вот он я – бывалый!» повесі үшін балалар кітабы бойынша Халықаралық кеңес тарапынан (ЮНЕСКО) екі жылда бір рет тағайындалатын Х.-К. Андерсен атындағы Құрмет дипломына ие болды, бұл қазақстандық балалар кітабының халықаралық деңгейде алғашқы танылуы болды. Әрі қарай оқу

Ағылшын сабақтары

Кітапханада 1 сәуірде «English through games-Английский через игры» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.

Оған 7-11 жас аралығындағы балалар қатысты. Сабақтың басты тақырыбы – мамандықтар туралы. Тақырыптық кәртішкелер қорлданылып, балалар ағылшын тілінде жұмбақтарды шешті, әндер айтты, өздерінің ойларын білдірді. Сонымен қатар, сабақ барысында сәтті түрде барлық өткен тақырыптарды қайталады. Балалар сабаққа қызыға және барлық ынталарымен қатысты.