Archive Ақпан 2023

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

16 ақпан күні кітапханада «Қауырсын қалам» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. Клуб жаңа мүшелермен толықты. Отырысқа келген «№15 ЖББМ» КММ оқушысы Аделя Мейрам, «№48 жалпы білім беретін орта мектебі» Гүлниса Нажмадинова мен Алпысбай Жангүл, оқушылар бір-бірімен танысып, шығармашылық алаңда жас дарындар өздерінің жаңа өлеңдерін оқыды.

 

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Мамандыққа саяхат» атты  тақырыпта өткізілді.

Үйірме жетекшісі балаларға  мамандық түрлері туралы түсінік берді. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, балалар  әр түрлі тапсырмалар орындады. Сабақ ойын түрінде өтіп қатысушылар мамандықтардың атауын  қазақ тілінде айтып үйренді. Сабақ көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

«Әр халық – бірегей мәдениет» кездесу циклі

Бүгін кітапханада Қарағанды облысы этномәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен «Әр халық – бірегей мәдениет» атты кездесу циклі өткізілді.
Іс-шараға балалармен кездесу үшін алғаш рет «Poloniya» поляк қоғамының төрағасы Виталий Альбертович Хмелевский келді. Қонақ қатысушыларға мәдени орталықтың қызметімен және салт-дәстүрлері, ұлттық мерекелері мен тағамдары туралы айтып берді.
Кездесу соңында оқушылар «Все, что должен знать любой турист о Польше» атты интерактивті ойын ойнап, кітап көрмесіне қойылған поляк авторларының шығармаларымен танысты.

Оқырмандардың сыйлықтары

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапханамыздың оқырмандары өздерінің үй кітапханаларынан 53 дана кітаптарды сыйға тартты. Кітапхана оқырмандарына алғыс айтамыз олар қағаз кітабының шынайы құндылығын сақтап, кітаптарды шын адал пейілдерімен сыйлайды.

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Халықаралық кітап сыйлау күні, барлық кітапқұмарлар мен кітапқа бей-жай қарамайтындардың мерекесі.. Алғаш рет 2012 жылы Халықаралық кітап сыйлау күнін ағылшын жазушысы, екі баланың анасы — Эмма Перри ойлап тапқан. Ол Халықаралық кітап сыйлау күнің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі.
Бұл күні кітапханашылар балаларды туыс-туғандарына жақсы, сапалы басылымдарды сыйлықтар беруге, оқылған кітаптар туралы әңгімелеуге және әлеуметтік желілерге өздеріне ұнайтын кітаптардың суреттерін орналастыруға шақырады.
Айтулы мереке күні біздің оқырмандардар да тосын сыйларсыз қалған жоқ. Кітапхананың белсенді оқырмандарына сыйлық ретінде кітаптар табысталды.

Сырттай экскурсия

Бүгін кітапханашылар №4 ЖББМ-тің 5-6 сынып оқушыларына сырттай экскурсия өткізді.
Кітапханашы балаларға кітапхананың құрылу тарихы және бөлімдердің қызметімен таныстырды. Жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, кітапхананың қызметі жайлы бейнеролик көруді ұсынды.
Балалар клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысып, оқушылар «Ертегілер әлемі» интерактивті ойынына қызығушылықпен қатысты.

«Микроскоптағы тіршілік»

10 ақпан күні «Микроскоптағы тіршілік» тақырыбында қызықты ғылыми зертханамызды тамашалауға №86 мектептің оқушылары келді. Зертханалық жұмысты тұрақты оқырманымыздың анасы биология пәнінің мұғалімі Қосаева Қызғалдақ Тлеукуловна мен кітапханашы бірлесе отырып өткізген болатын.
Қызықты ғылыми кітапханалық зертханада оқырмандар микроскоп тарихымен, оның құрылысымен танысу арқылы тіршілік әлемінің құпияларын ашты, пияз «эпидермесін» зерттеді. Зерттеу жұмыстарын үлкейткіш лупа мен микроскоп арқылы салыстырды.
Кітап қорымызда кездесетін микроскоп жайлы кітаптарға шолу жасалды, сонымен қоса кітапханамыздың 70 жылдық мерейтойын тілге тиек етіп кітапхана тарихына тоқталу арқылы шағын экскурсия ұйымдастырдық.
Қатысқан оқушылар үлкен әсер алып, зерттеушілік қабілеттері одан әрі дами түсті.
Бізбен бірге түрлі эксперимент жасағыңыз келсе, қызықты ғылым зертханасына келіп қатысыңыз !!!

 

 

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

9 ақпан күні кітапханада «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Сиқырлы қысқы орман» тақырыбында өткізілді.
Сабақ ойын түрінде өтіп, балалар орманда өмір сүретін жануарлардың атауын қазақ тілінде айтып үйренді.
Кітапханашы жұмсақ ойыншықтарды пайдалана отырып, әр жануар, оның әдеттері мен тіршілік ету ортасы туралы әңгімеледі. Балалар жабайы аңдардың атауларын қазақ тілінде дұрыс айтып үйренді.

«Біз тұратын қала» викторинасы

Қарағанды қаласының туған күніне орай Григорий Потанин атындағы ЖББМ-тің бірінші сынып оқушылары үшін экскурсия өткізілді. Балалар кітапханамен танысып, жаңа кітаптар, газеттер мен журналдарды қызығушылықпен қарады. Кітапханашы балаларға «Біз тұратын қала» викторинасын өткізді.

 

 

“Дауыстап оқу”

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында балаларға «Ken’jol қоғамының инновациялық даму Альянсы» ҮЕҰ балалар және жастар, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі уәкілі Дия Ержанова дауыстап оқу өткізіді.
Ол жас оқырмандарды Хейли Скоттың «Торт для мистера Прыг-Скок» атты өте қызықты кітабымен таныстырды.