Archive Қазан 2023

«Қобыланды батыр» қалалық байқау

Бүгін Абай атындағы балалар кітапханасында «Қобыланды батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың екінші кезеңі өтті.
Қазылар алқасының құрамында: ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Ж.Жарылғап ҚазТұтынуодағы Қарағанды университетінің қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты М.Тапашев; Н. Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Есенжолова жазушылар Одағының мүшесі, ақын журналист Ж.Шалқар.
«Қобыланды батыр» жырын мәнерлеп жатқа оқудан 16 үміткер сынға түсті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

I орын – Аманбаев Нұрбол, №53 мектеп-лецейі, 7 сынып (квадрокоптер);
II орын – Бекхали Айару, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі, 7 сынып (виртуалды шыны көзілдірік);
III орын – Құрмашев Нұртөре, Абай атындағы мектеп-гимназиясы, 7 сынып (портативті динамик);
III орын – Бөлегенова Айзере, №87 негізгі орта мектеп, 7 сынып (портативті динамик).

Номинациялар бойынша:
«Орындаушының шынайылығы» – Төлепбергенов Қуаныш, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі, 7 сынып;
«Әртістік шеберлік» – Серікбол Нұрсанар, №25 жалпы білім беретін мектеп, 9 сынып оқушысы;
«Жыр жүйрігі»– Жапар Ақшолпан, №25 жалпы білім беретін мектеп, 8 сынып;
«Жыршылық өнер» – Аманжол Балнұр, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия, 8 сынып;
«Қобыланды батыр» жыр білгірі– Даурбек Нұржан, С. Саттаров атындағы мектеп-лицейі, 7 сынып.
Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Кітапхана байқау жеңімпаздарын құттықтап, қатысқандары үшін барлығына алғысын білдіреді!

Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға «Әдеби кейіпкер» циклінің кезекті көрмесін ұсынамыз. Көрмеге орыс халық ертегісі «Бауырсақ» жайлы жазылған қазақ және орыс тілідерінде кітаптар қойылған.
Тентек «Бауырсақ» атасы мен әжесінен қашып үлгерді! Ол қояннан, қасқырдан, аюдан және түлкіден қашып құтыла ала ма?
Балалармен бірігіп ең танымал орыс халық ертегілерінің бірін оқыңыз.

«Ыстықкөл – 2023: кітапханалар және қоғамды демократияландыру» XXI халықаралық конференция

3 қазанда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Уатаева Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған «Ыстықкөл – 2023: кітапханалар және қоғамды демократияландыру» XXI халықаралық конференциясы аясында өткен «Балам ақылды болсын десеңіз…
Және бұл миссиядағы кітапхана ролі» атты «Кітапхана-балалар мен жасөспірімдерді және ата-аналарды оқуға деген қызығушылығын дамыту провайдері» секциясында баяндама жасады.

 

«Қобыланды батыр» эпосын мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқау

Бүгін кітапханада «Қобыланды батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың алғашқы кезеңі өткізілді.
Байқауға қаламыздағы «М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия», «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі», «С. Саттаров атындағы мектеп-лицейі», Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ, «№97 Гимназия», «№17 ЖББМ», «№91 ЖББМ», «№25 ЖББМ», «№87 НОМ», «№53 МЛ» 20 мектеп оқушылары қатысып, тестілеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге 16 үміткер жолдама алды.

Халықаралық қарттар күні

Кітапханада 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай құрметті демалыстағы зейнеткер – әріптестерімізбен кездесу өтті.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеу, ардақтау – біз үшін парыз.
Шараны кітапхана басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы құттықтау сөзбен ашып, ардагер кітапханашыларымызға жылы лебіз білдірді. Кітапханаға зор еңбек сіңірген, қадірлі қонақтарымыз Дүкенбаева Рымкеш Шаматқызы, Жұмағұлова Рәбиға Садыққызы, Әбілсейтова Сәулеш Балтабайқызы сөз сөйлеп естеліктерімен бөлісті.
Салтанатты шараның соңы мерекелік дастарханға жалғасты.