Archive 15.08.2018

Абай мұрасы-мәңгілік мирас

«Жаз.Балалар.Кітап» жазғы оқу алаңының жабылуы данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналып, кітапханамызда тамыз айының 15-і күні ашық аспан астында «Абай мұрасы-мәңгілік мирас» атты әдеби сазды кеш өтті. Іс-шараға облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайында ем алушы балалар қатысты. Әрі қарай оқу

Ойын арқылы ағылшын тілі

Кітапханада 15 сәуірде «English through games» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.

Балалар «My house – Менің үйім» тақырыбын өтті. Сабақ ойын түрінде өткізілді. Балалар тіл дағдыларын жетілдірді, сурет салды, ағылшын тілінде өздерінің үйлері туралы әңгімеледі, «Үй» (house, flat), «түсі» (red, blue), «сапа» (big, small) тақырыптары бойынша жаңа сөздерді қолдануды үйренді. Сабақ барысында түрлі-түсті қарындаштарды, тақырыптық кәртішкелерді, түрлі-түсті қағазды және шағын фигураларды пайдаланды.

Президент Жолдауын түсіндіру

15 қаңтарда кітапхана қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Президент Жолдауы – дамудың тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Әрі қарай оқу