«Книжная Волга»

11 қараша күні Ресейдің Волгоград қаласындағы М.К. Агашина атындағы орталық кітапханасымен бірлесіп Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Книжная Волга» халықаралық кітаптар көрмесі аясында онлайн кездесу өткізді.
Шараға Қарағандылық балалар жазушылары Наталия Инжевская және Елена Пономаренко қатысты. Жазушылар қатысушы балаларды кітаптарымен таныстырып, шығармашылықтары тура]лы ой бөлісті.

[su_image_carousel source=”media: 26489,26498,26497,26496,26495,26494,26493,26492,26491,26490″ limit=”15″ crop=”none” adaptive=”no” align=”center” autoplay=”15″ image_size=”full”

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

09 қараша күні жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді.
Балаларға Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Мереке Сатибекова Д. Ахметұлының «Робот және алты асық» жинағынан «Қимас достар» деген замануи ертегісін және Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқыды.

Шуақ

«Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Н. Охзенкнехттің «Бусинка» кітабымен танысқаннан кейін түрлі-түсті қағаздар және желімді қолдана отырып арқасында теңбілі бар қызыл қоңызды жасады.

Біздің күзгі демалысымыз

Қала мектептерінің оқушылары күзгі демалыс кезінде біздің кітапханаға экскурсияға келді. Экскурсия барысында балалар кітапхананың пайдалану ережелерімен, тұрақты түрде ұйымдастырған кітап көрмелерімен танысты.
Сондай-ақ кітапхана қорындағы құнды және сирек кездесетін ерекше басылымдар, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және мерзімді басылымдармен танысып, электрондық қызметтер туралы білді.

«Мазмұндама» қоғамдық қоры баспасы

Кітапхана «Баспа кітаптарды ұсынады…» атты кітап көрмелерінің циклін жалғастыруда. «Мазмұндама» қоғамдық қоры баспасымен танысыңыз.
«Мазмұндама» қоғамдық қоры 2018 жылы құрылды. Ел тарихында тұңғыш рет саммари және non-fiction кітаптарды шығарып, әлемдік бестселлер кітаптарды қазақ тілінде сөйлеткен баспа аз уақыт ішінде бедел жинап, қалың оқырманның көзайымына айналды.
Баспа жұмысында шетелдік және ресейлік авторлардың аударылған көркем әдебиеті ерекше орын алады.
Г. Уэльстің «Уақыт машинасы», Ф. Бернеттің «Құпия бақ», әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты С. Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат», Д.Карнегинің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері», «Оқуға тиіс 10 кітап» және т.б. кітаптарды оқырмандар үлкен ізденіспен қызығушылық тудырып оқиды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді «Мазмұндама» қоғамдық қорының ең үздік басылымдары жинақталған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Сәнді шаш түйреуіш» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі шаш түйреуішті өз қолдарымен жасап үйренді.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді. Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану арқылы адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді.

«Адамгершілік – алғашқы капитал» тренингі

27 қазан күні «Адамгершілік – алғашқы капитал» тақырыбында тренингі өткізілді. Балалармен кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, психолог Салтанат Смағұлтегі келді.
Қонақ тренинг барысында қатысушыларға адамгершілік ойлау тетіктері туралы айтып, бірнеше практикалық міндеттер жүктеп, әр түрлі қызықты сұрақтар қойып, балалардан тұшымды жауаптар алады.

«Қауырсын қалам» қалалық байқауы

Кітапханада Қазақстандағы балалар жылы аясында «Қауырсын қалам» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқау жас талантты авторларды іздеуге және қолдауға 12-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Сайысқа балалар әр түрлі жанрдағы өз шығармаларын ұсынып қатысты.
Байқауға қазылар алқасының қарауына қаланың 25 мектебінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 50-ге жуық жұмыс тапсырылды.
Қазылар алқасының құрамына: Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ инновациялық технологиялар колледжінің директоры Н. Смағұлова, Қарағанды гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г. Мұханова, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты З. Жангабулова, Қарағандылық жазушылар Е. Понамаренко және И. Воробьева енді.
Қазылар алқасы жұмыстарды тілдер бойынша бөліп бағалады.
Байқау жеңімпаздар мен жүлдегерлері:
І орын – Адина Несіпбекова, «№25 ЖББМ» КММ және Варнава Елизавета, №46 «ЖББМ» КММ;
II орын – Айша Әбдіразақова, «№21 ЖББМ» КММ және Виктория Камышник мен Арина Илясова, «№25 ЖББМ» КММ (топтық жұмыс);
III орын – Серік Сұлтан, Қызылжар ауылдық мектебі, Жаңаарқа ауданы және Евгений Зиберов, «№ 46 ЖББМ» КММ.
Номинациялар бойынша:
«Адамгершілік құндылық» Нұрайым Жұмабек, «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ;
«Креативті сюжет» Дарын Еділбай, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылдық мектебі;
«Қызықты сюжет» Бекнұр Уәлихан, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылдық мектебі;
«Заманауи ертегі» Еркеназ Мұхтаров, №82 ЖББМ» КММ;
«Үздік образ» Анастасия Минаева, «№1 Гимназия» КММ;
«Креативное мышление» «№97 Гимназия» КММ Даниил Еремин және Лия Жаманчинова, «№1 Гимназия» КММ;
«Золотая строка» Яна Григоркевич, «Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия» КММ және Диана Шапеев, «№30 ЖББМ» КММ.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық қатысушыларға дипломдар табыс етілді. Жеңімпаздарды марапаттау «Degirmen» кафесі және «Mickey house» дүкенінің қолдауымен өтті.

«Мен қалай бас аспазшы болдым?» аспазбен кездесу

Халықаралық аспаздар күніне орай «Мен қалай бас аспазшы болдым?» атты аспазбен кездесу өтті. Балаларға шеберлік сыныбын бас аспаз Виталий Косенчук өткізді. В. Викторовичтің 20 жылдық еңбек өтілі бар, ол тек Қазақстан аумағында ғана емес, жақын шетелде де көптеген аспаздық байқаудың жеңімпазы болып табылады. Аспазшы балаларға өз кәсібінің қызығымен мен қиындықтары туралы айтып берді.
Қатысушылар аспаз дайындаған мохито дәмі бар қызыл уылдырықтан дәм татты. Жасөспірімдер үшін мұндай шеберлік сыныбы тәжірибе жүзінде аспаздық шеберлікті игеруге мүмкіндік береді.