«Біз тұратын қала»

Бүгін № 88 ЖББМ-тің 2 сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Кітапханашы Қарағанды қаласының туған күні қарсаңында оқушыларға «Біз тұратын қала» атты танымдық тарихи-өлкетану интерактивті ойын өткізді.
Балалар ойынға белсенді қатысып, қаламыздың тарихы туралы қызықты, танымдық мәліметтер біліп, қала өмірінің бүгінгі келбетімен танысты.

«Ақниет» балабақшасының тәрбиеленушілерімен кездесу.

Кітапхананың имидждік қызметін көтеру мақсатында бүгін мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері .
Кітапхана мамандарының ең кішкентай болашақ оқырмандарымен алғашқы кездесуі еді. Балалар Абай атындағы балалар кітапханасына виртуалды саяхат жасап, бейнеролик тамашалады.
Кітапханашылар кішкентай оқырмандардың назарына түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптарды ұсынды. Балалар кітап парақтарын қызығушылықпен қарап, өздеріне таныс кейіпкерлерді қызықтап көрді.
Іс-шара соңында балаларға үйірмелер туралы жарнамалар және кітапхана визиткалары таратылды.

 

Сырттай экскурсия

Кітапхана қызметкерлері жоспар бойынша №97 гимназияның 5-6 сынып оқушыларымен кездесті. Оқушылар медиазалға жиналып, кітапханашы Абай атындағы балалар кітапханасына сырттай экскурсия жүргізді.
Кітапхана тарихы жайлы әңгімелер ден кейін оқушылар өздеріне ұнайтын журналдар мен кітаптарды көруге мүмкіндік алды. Кейбір кітаптар оларға таныс, бірақ әлі алып оқымаған.
Балалар алдағы күндері кітапханаға келіп оқырман болып жазылып, кітап алуға уәде берді. Біз жаңа оқырмандарды әрқашан қуанышпен қарсы аламыз!

“Табиғаттың мәңгілік сұлулығы”

6 ақпанда № 1 гимназияның 1 сынып оқушылары үшін М. М. Пришвиннің 150 жылдығына арналған “Табиғаттың мәңгілік сұлулығы” атты әдеби сағаты өтті.
Балалар жазушының шығармаларымен танысып, “Еж” әңгімесі бойынша бейнероликті қызығушылықпен тамашалады, сондай-ақ жұмбақтарды белсенді түрде шешіп, викторина сұрақтарына жауап берді.

 

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Бисер және білезік» жасау тақырыбында өткізілді. Бисерді қолдана отырып алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, белдік, білезіктерді әшекейлеп тоқуға болады. Үйірме мүшелері қарапайым және әдемі білезіктерді түрлі-түсті бисерді пайдаланып жасап үйренді.

«Көшбасшы болу өнері -өмірімнің өзегі!» кітап көрмесі

Құрметті оқырмандар!
Сіздер үшін, кітапханамыздың оқу залында «Көшбасшы болу өнері -өмірімнің өзегі!» атты кітап көрмесі әзірленген.
Кітап көрмесіне У.Айзексонның «Стив Джобс», Х.Элродтың «Магия утра. Как первый час дня определяет ваш успех», Л.Хейдің «Большая книга перемен к лучшему», Э.Ньюмарктың «Куриный бульон для души», Н.Хиллидің «Ойлан да байы», «Балалықтан даналыққа» және т.б. шығармалар нон-фикшен жанрында жазылған бестселлерлер жинақталған.
Сіздерге оқуға ұсынып отырған кітаптарымыздың бір ерекшелігі, ірі кәсіпкерлер өздерінің кәсіпкерлік өміріндегі басты жетістіктерімен бөлісіп, психолог мамандар оқырманға жетістікке жету жолында түрлі кеңестер береді.
Жаныңызға жақын кітаптарды оқу арқылы, жетістікке қол жеткізіңіз!

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Clothes. Киімдер» тақырыбында өткізілді. Балалар «What are you wearing?» қызықты ойынын ойнап, үстіне киген киімдерді ағылшын тілінде әңгімелеп айтып берді. Сабақ соңында балалар тақырыпты пысықтау мақсатында «Today I am wearing clothing» әнін айтты.
Балалар үшін сабақ қызықты өтті.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Тамшы сырға» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі сырғаны проволка, қысқыш құралдар пайдаланып, ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді.

 

Экскурсия

Бүгін кітапханада балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын артыру мақсатында №16 жалпы білім беретін мектебінің 1 «Д» сынып оқушыларына экскурсия өткізілді.
Балалардың назарына түрлі балалар журналдары, энциклопедиялар, иллюстрацияланған кітаптар ұсынылды. Оқушылар кітапханаға қалай жазылуға және кітаптарды үйге алуға болатындығы жайлы кеңес алды.
Экскурсия соңында балалар ертегілер бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, ертегідегі «15 айырмашылықты тап» ойынын ойнады.

Мектептерді аралау

Абай атындағы балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхана мамандары №64 «НОМ»-тің 5-8 сынып оқушыларына танымдық экскурсия өткізді.
Кітапханашы жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, кітапхананың қызметі жайлы бейнеролик көруді ұсынды. Балалар клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысып, оқушылар «Ертегілер әлемі» интерактивті ойынына қызығушылықпен қатысты.
Сондай-ақ, қатысушылар кітапхана сайтындағы: электронды каталог, виртуалды анықтама, кітап мерзімін ON-LINE ұзарту туралы ақпарат алды.