Archive 2018

«Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні»

Кітапханада 21 ақпанда №1 гимназия, №58 ЖББОМ 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні» өткізілді.

Поляк халқының мәдениетімен, тұрмысымен, әдебиетімен және тарихымен таныстыру үшін поляк тілінің оқытушысы пани Собишек Веслава Барбара, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының өкілдері Сосновская Виктория мен Аймагамбетов Станислав шақырылды. Әрі қарай оқу

«Татар-башқұрт мәдениеті мен әдебиеті күні»

Қарағанды және Қарағанды облыстарының этномәдени орталықтарының күндері жалғасып, кітапханада 20 ақпанда «Татар-башқұрт мәдениеті мен әдебиеті күні» танымдық бағдарламасы өткізілді. Әрі қарай оқу

Гүлденген Өзбекстан

Қазақстандағы көптеген қоғамдық маңызды іс-шаралардың бастауында тұратын және қатысушылары болып табылатын этностық топтардың тілі мен дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың ұғынуын қалыптастыру мақсатында кітапхана ақпан айында Қарағанды қаласының этномәдени орталықтарының күндерін жариялады. Әрі қарай оқу

«Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы»

Кітапханада №68 Мектеп-интернат-бала бақша жалпы білім беру кешенінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты мерзімді басылымдарға шолу өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында жүктелген 10 нақты міндеттері түсіндіріліп, республикалық және жергілікті газеттерде, «Мәдениет», «Мөлдір бұлақ» журналдарында жолдау аясында жарық көрген мақалаларға шолу жасалды.