Отбасындағы зорлық-зомбылық – өзекті мәселе

Жыл сайын 25 қараша  – 10 желтоқсан аралығында Адам құқықтары күні атап өтіледі, 16 күн әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен жағдайларының алдын алу шарасы өткізіледі. Осы тақырып бойынша іс-шаралар «Қызғылт күн» белгісімен өтеді.

6 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық кәсіби салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалымен бірлесе кітапхананың жас қызметкерлері, №63 орта мектептің мұғалімдері, «Жас сұңқар» спорт мектебі мен Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының жаттықтырушылары арасында  «Отбасылық зорлық-зомбылық – өзекті мәселе» диалог-талқылауы өткізілді. Әрі қарай оқу

Әлемнің жеті кереметі

Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған. Олар бүгінгі күнге дейін өздерінің өлшемі, сұлулығы, жасалу техникасы адамдарды таң қалдырып келеді. Солардың бірі – «Әлемнің жеті кереметі». Кітапханада тамыздың 06 күні «Әлемнің жеті кереметі» атты интерактивті саяхат өтті. Іс-шараға облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайында емалушы балалар қатысты. Әрі қарай оқу

«Мерекеңмен, анашым!»

Кітапханамызда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Мерекеңмен, анашым!» атты әдеби ойын колейдоскобы өткізілді.

Мерекелік іс-шараға қаламыздағы №15 ЖББОМ 2 «В» сынып оқушылары келіп қатысты.

Іс- шара барысында Халықаралық әйелдер күні мерекесінің шығу тарихы жайлы қысқаша презентация көрсетіліп, мақалдың жалғасын тап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар ұлдар сыныптас қыздарына арнап өлең шумақтарын оқып, ару қыздарымыз мың бұрала би биледі. Мерекелік бағдарлама соңында оқушылар «Ақ мамам» әнін шырқады және кітапханамыздан естелікке сыйлықтар алды.