«Стильді кітапхана күні»

Кітапханада балалар кітабы апталығы жалғасуда… «Стильді кітапхана күні» атауында біздің тұрақты оқырмандарымыз қатысқан кітап дефилесі өтті. Әдемі стильді костюм киген қатысушылар сүйіп оқитын кітаптардағы ертегі кейіпкерлерінің образымен үлкен подиумға шықты, ал көрермендер болса олардың кім екенін табу керек болды.
Бірінші болып «Холодное сердце» мультфильміндегі Эльза подиумнан мақтанышпен жүріп өтті. Одан кейін көрермендерге өздерінің костюмдерін Буратино, Мальвина, Принцесса, Золушка, Мушкетер, Снежная королева және Халкта ұсынды.

«Бәріміз бірге оқимыз» саунд оқу

Балалар кітабы апталығы аясында «Бәріміз бірге оқимыз» атты саунд оқу өткізілді. Шараға қатысуға Қарағанды № 1 Балалар музыка мектебінің ұстазы И. В. Полякова шақырылды. Саунд оқуға бірнеше қызықты кітаптардан мәтіндер таңдап алынды. Кітаптардың мәтіндер экраннан көрсетіліп баян аспабының көмегімен Ирина Полякова сүйемелдеп саундтректер сүйемелденіп орындалды.

 

 

«Әдеби ассорти» квестбук

Кітапханада 24-29 наурыз аралығында – Балалар кітабы апталығы басталды. Апталық аясында «Әдеби ассорти» атты квестбук өткізілді.
Іс-шараға №30 ЖББМ және № 87 ЖББМ оқушылары екі топқа бөлініп қатысты. Балалар жазушылар және олардың шығармалары туралы түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, жұмбақтар және логикалық есептерді шешіп өзара сайысқа түсті. Екі топта өз білімдерін көрсетіп, ал үздіктер жеңімпаз атанды.

«Телескоп» астрономиялық сағаты

17 наурызда «Қызықты ғылым» атты кітапханалық зертхана аясында астрономиялық сағат өткізілді, онда балалар телескоптың құрылғысын зерттеп, түрлі сайттармен танысты смартфондардағы телескопты алмастыра алатын арнайы қосымшалармен жұмыс істеу арқылы аспан әлемі жайлы қызықты мәліметтерге қол жеткізуге болатынын білді.
Қосымша ақпарат көзі ретінде астрономия және ғарыш туралы кітаптарға шолу жасалды.

«Ұмытылған бетбелгілер коллекциясы»

Кез-келген кітапханада оқырмандар ұмытып кеткен қызықты бетбелгілер болады. Біздің кітапхана оларды «Ұмытылған бетбелгілер коллекциясы» деп атадық.
Көптеген бетбелгілер қарапайым, кейбіреулері қызықты өте ерекше. Оқырмандар кітаптардың арасында спектакль билеттерін, визиткаларды, анықтамаларды, жеке жазбаларды, фотосуреттерді, ашық хаттарды, түбіртектерді және басқа да көптеген заттарын ұмытып қалдырады.
Біздің коллекцияларды қарап шығыңыз, мүмкін сіз осы жинақтар арасынан өз заттарыңызды табасыз…

«Шуақ» шығармашылық студиясы өз жұмысын жалғастыруда.

Балалар Н.Инжевскаяның «Тюльпан счастья» кітабын оқып болған соң, алған әсерлерімен бөлісіп, түрлі-түсті қағаздан «Қызғалдақ» қолөнерін жасауды ұйғарды.

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» этновитражы

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында кітапханада «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» этновитражы ұйымдастырылды.
Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады.
Этновитраж Наурыз мерекесінің ерекшеліктері – көктемгі күн мен түннің теңелу күні туралы білімді кеңінен насихаттауға бағытталған.

«Үкілі түйреуіш»

«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Үкілі түйреуіш» жасау тақырыбында өткізілді. Үйірме мүшелері киіз мата, жіп, ине, қайшы, түйреуішке арналған бекіткіш, моншақтар, бисерлерді пайдалана отырып қарапайым және әдемі түйреуіш жасап үйренді.
Киізден жасалған гүлді түйреуіш кез-келген киімге өте нәзік және мәнерлі көрінеді.

«Ньютондық емес сұйықтық»

10 наурыз күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында «Ақпараттық технологиялар» мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ньютондық емес сұйықтықпен» тәжірибе өтті.
Кейбір сұйықтықтар су секілді тез құйылса, біз тәжірибеде көрсеткен сұйықтық тығыз және бал секілді тұтқыр, жабысқақ болып келеді.
Зертханалық жұмысты жасау барысында оқырмандарымыз көптеген қызықты мәліметтермен танысып, Ричард Хаммондтың «Күштің сыры неде?» атты кітабында көрсетілген Ньютондық емес сұйықтықтар туралы білудің ең оңай тәсілі арқылы шырыш дайындап, оның тылсым сырына үңілді. Сондай-ақ ғылыми терминдермен танысты. Сұйық нысанды полимерлерден, яғни Ньютондық емес сұйықтықтардан қандай зат жасауға болатыны жайлы Роберт Уинстонның «Ғылыми эксперименттер» кітабында көрсетілген тәжірибеге сүйене отырып түсіндірдік.
Құрметті ЖАС ҒАЛЫМ, ғылымның сансыз сұрақтарына жауапты тек біздің кітапханадағы кітаптардан таба аласың. Кел, зертхана жұмыстарын өз қолыңмен жасап, әсеріңмен бөліс!

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Сиқырлы түстер еліне саяхат» тақырыбында өткізілді. Үйірме сабағында балалар түстерді қазақ тілінде айтып, түрлі ойындар, сөзжұмбақтар шешіп, «Түстер» әнің орындады.