Archive 2020

«Абай жаққан бір сәуле…»

12 ақпан күні қазақ ағартушысы – Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле…» көпшілікке арналған дәріс оқылды. Осы атаулы күнге орай кітапхана қызметкерлері жыл бойы бірқатар іс – шаралар ұйымдастырады. Олардың бірі – Абайдың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін оның шығармашылығы мен маңыздылығы туралы көпшілік дәрістер циклі. Дәрістер қазақ және орыс тілдерінде болады. Әрі қарай оқу

Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес

Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында кітапханада 11 ақпан күні «Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес» атты ақпараттық шолу өткізілді. Әрі қарай оқу

Экскурсия «Кітапхана шақырады…»

7 ақпан күні №4 жалпы білім беретін мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары қазақ ойшылы, ақын және композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы-мәңгілік мирас» атты мультимедиялық көрме-инсталляциясымен танысу мақсатында кітапханаға келді. Әрі қарай оқу

«Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан»

Кітапханада 6 ақпан күні Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында информ-дайджест өткізілді. Әрі қарай оқу

Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында Қазақстанда «Бөбек» балалар қорының негізін қалаушы және президенті, «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның туған күніне орай «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтуде. Әрі қарай оқу

Абай -дара, Абай – дана қазақта

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 21-ші қаңтар күні №93 гимназияның 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты дөңгелек үстел өткізілді. Әрі қарай оқу

Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, балалар ақыны Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Қазақтың Қадыры» онкүндігіне орай кітапханада «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын» атты поэзия кешіне Қарағанды қаласының ЖББОМ №17,№6 және №92 гимназияның 2-4 сыныптың оқушылары қатысты. Әрі қарай оқу

«Абай мұрасы – мәңгілік мирас» мультимедиялық көрме-инсталляцияның тұсаукесері

2020 жылдың 13 қаңтарында сағат 12.00-де Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында ақын, композитор, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай мұрасы – мәңгілік мирас» мультимедиялық көрме-инсталляциясының тұсаукесері өтті.

2020 жыл – ұлы ақын, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтой жылы. Абай шығармашылығының мәдени маңызы баға жетпес. Әрі қарай оқу