«Өмір сүре білгендердің барлығы, Тым талантты адамдар…»

19 мамыр күні кітапханада балалар жылы аясында «Өмір сүре білгендердің барлығы, Тым талантты адамдар…» тақырыбында тренингі өткізілді. Зияткерлік еңбектің көптеген салалары креативті ойлау дағдыларын талап етеді. Бұл жасөспірімдердің өзін-өзі дамыту практикасына деген қызығушылығын дамытады.
Балалармен кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, психолог Салтанат Смағұлтегі келді.
Қонақ тренинг барысында қатысушыларға шығармашылық ойлау тетіктері туралы айтып, бірнеше практикалық міндеттер жүктеп, әр түрлі қызықты сұрақтар қойып, тұжымды жауаптар алады. Балалар шараға белсенді қатысып, көптеген сұрақтарға жауап алды.
Шара сонында автор С. Смағұлтегі белсенді қатысқан балаларға өзінің кітаптарын сыйға табыстады.

photo_2022-05-20_12-24-06 (2)
photo_2022-05-20_12-24-06
photo_2022-05-20_12-24-07 (2)
photo_2022-05-20_12-24-07
photo_2022-05-20_12-24-08 (2)
photo_2022-05-20_12-24-08
photo_2022-05-20_12-24-09 (2)
photo_2022-05-20_12-24-09
photo_2022-05-20_12-24-10 (2)
photo_2022-05-20_12-24-10

«Сиқырлы кітап»

Кітапхана 15 мамырда қонақтарға толы болды.
Бұл күні «Сиқырлы кітап» жобасының аясында дарынды балалар жазушысы Олег Кургузовтың «Смешные рассказы маленького мальчика» жинағынан «Дождливая арифметика» және «Папа пишет письмо» әңгімелерін дауыстап оқуы мен талқылауы өтті.
Балаларға алғашқы дауыстап оқуды Шәкәрім атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гарбар Елена Николаевна өткізді.

1
2
3
4
5
6
7

Облыстық мәнерлер оқу сайысы

Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі және Абай атындағы балалар кітапханасы ұйымдастыруымен Қазақстандағы Балалар жылы аясында қарымды қаламгер, балалар ақыны, Қарағанды өңірінің тумасы Жеңіс Қашқыновтың 80 жылдығына арналған 4-15 жас аралығындағы балалар арасындағы облыстық мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараға қатысу үшін 200 жуық қатысушыдан өтінім түсті. Сайысқа мектеп аралық іріктеуден өткен Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран қалалары мен Бұқар жырау ауданынның ауылдарынан 99 бала қатысты. Дүбірлі мәнерлеп оқу сайысына қатысатын балалардың өлең оқу кезеңдерін үш топ бойынша жіктеп бөлінді.
4-7 жас аралығындағы жеңімпаздар:
I орын
• Салсері Мейірман Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 1-сынып
• Қайырберлі Нұрасыл Балқаш қаласынан Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі, 2-сынып
II орын
• Зардыхан Ерман Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 2-сынып
• Елеу Айсель №36 ЖББМ, 1-сынып
III орын
• Қызыр Бекжан Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 1-сынып
• Қасымхан Зере Балқаш қаласы Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лецейі, 0-сынып
• Маратқызы Айсұлу Теміртау қаласы Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ, 1-сынып
• Сағынтай Жанэл №6 ЖББМ, 1-сынып
• Қанат Нұрсұлтан Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 2-сынып

8-11 жас аралығындағы жеңімпаздар:
I орын
• Арғынбай Нұржалғас Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейі, 3-сынып
• Ерланқызы Кәусар Балқаш қаласы Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лецейі, 2-сынып
II орын
• Айткен Ханшайым Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 4-сынып
• Тасболатқызы Айым Теміртау қаласы «Озат» АТМ мектеп-интернаты, 5-сынып
• Тастыбай Айғаным Бұқар жырау ауданы, Үштөбе селосы, Үштөбе тірек мектебі, 3-сынып
III орын
• Нұрлан Жаннұр Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейі, 2-сынып
• Шайхат Аңсар №18 ЖББМ, 4-сынып
• Жұмағали Диляра №91 ЖББМ, 2-сынып
• Болатбеков Мағжан А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, 5-сынып
• Тілеуғабыл Жәмилә А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, 5-сынып
12-15 жас аралығындағы балалар арасынан I орын Бұқар жырау ауданы, Үштөбе селосы, Үштөбе тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Тұрсын Жансая иеленді.
Сондай-ақ ең кішкентай қатысушы №18 ЖББМ-тің 0-сынып оқушысы 5 жастағы Қанибек Әбілмансұр жүлделі болып және 13 бала ынталандыру сыйлығын алды. Барлық шараға қатысушыларға Ернат Мелсұлы «Ағылшынша тіл сындыру» кітабын сыйға тартты. Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Іс-шараға Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұлов, Жеңіс Қашқыновтың туған қарыңдасы Сара Қашқынова және ақынның туған жиені Руслан Кенжебеков, Ж.Қашқыновтың туған інісі Мелс Қашқыновтың ұлы Ернат Мелсұлы демеушілік көрсетті. Осы шараның барлық демеушілеріне ризашылығымызды білдіріп, кәсіптеріне береке тілейміз!

ruoWA9c95u4fMW1wmM9Hi9B9JpEGuGGYJCWs5nQIlGNBMlBEWEAP4INJCgKUHxwCpHRuvcjaOZWIP-cOx2wWv6ut
Aghu4hECBvJ3IaOGGEWFkQ83n5tr9MdOeDo0_lbq-GeZp3BgWBSfLtS0ZzW5vyoEity9NxOHF9T0TvdYWwyu41Er
RYuq7WrKAtAL63cMswbZu-TNMMK_2Z1Kp4CWIIdSGBaha4NRd89V6GN0NFDb60TC0dmnK1PgE1nRauW9Pgdn1o-c
W5UUUjJw0N04EAePHCSjh2LPuIRvN7s2ItrCRoOliEHa6R5kH6QYTf3UvFerRwuIYMsEoM2BTB5z76YhItRd9ydG
AiYJ7HQDFRiMi8be0ycUd3–G87cIwbIW9xi4Q2GKLqhSDGn-WzP1ua_ODQQdE_zShuO_nF-GmXneYL0PknaEOmH
aUMbFkidyGrT2LThOo-QBj_UZzmnrn2C4ZiPtklGUaEqrrcMNbcBe7XJO8QlRASR2R4Z-wnx9sjsI8zd9NNfWvzs
iawbyNewnCZhm-mi72qGVtjwve8RnIdNQ7xrQV94qSg6_lsRdrmw01AdNc7qP-IcURMLm26ihHp6T8i94KD6b7Z-
axnl9ztZHjIIJRLtDlsDeamALCWxzBlEUGSXRs_re74Q4vnEx9UJTv3cYXj66O8Oq0XME4idMIk5uxSW42PNa-NY
QeNYGb1UY6Ur79d_pa3bXJiMFFqVs-JNxEO9HexxzoYppmAYPQ-lbZ72OeDF1yKf-iIUU61ja8jIs0cnDkt3Bag2
photo_2022-05-16_17-00-13

Мәңгілік ел алыптары

5 мамыр күні Абай атындағы балалар кітапханасында Мәншүк Мәметованың, Хиуаз Доспанованың, Талғат Бегелдиновтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Мәңгілік ел алыптары» қалалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқауға 8-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Сайысқа үш номинация бойынша 98 жұмыс ұсынылып, 15 жеңімпазға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Жадымызда мәңгі сақтаймыз» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1-орын Серғазы Бекарыс, №101 мектеп-лицейі, 5- сынып
2-орын Нұрлан Мейрлан, № 54 ЖББМ, 2- сынып
Жанғали Айша №101 мектеп-лицейі, 5- сынып
3-орын Еділ Ақнұр, № 25 ЖББМ, 2- сынып
Толеубай Райан № 25 ЖББМ 4- сынып

«Батырдың портреті» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1-орын Василенко Ангелина, № 78 ЖББМ, 4- сынып
2-орын Минор Регина, № 48 ЖББМ, 5- сынып
Несипбекова Адина, 25 ЖББМ, 6 -сынып
3-орын Семичастнов Лев, № 63 ЖББМ, 2- сынып
Крутина Вероника, №45 Гимназия, 5- сынып

«Есімі жұлдыздай жарқырайды» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1-орын Айтыкен Мансур, № 101 мектеп-лицейі, 5 сынып
2-орын Сорокоумов Иван, № 30 ЖББМ, 4 сынып
Асқаров Нұрәділ, №101 мектеп-лицейі, 3-сынып
3-орын Тусупбеков Ильяс, № 30 ЖББМ, 4- сынып
Букеева Айлин, №101 мектеп-лицейі, 3-сынып

photo_2022-05-06_10-16-49 (2)
photo_2022-05-06_10-16-49
photo_2022-05-06_10-16-50 (2)
photo_2022-05-06_10-16-50
photo_2022-05-06_10-16-51 (2)
photo_2022-05-06_10-16-51
photo_2022-05-06_10-16-52 (2)
photo_2022-05-06_10-16-52
photo_2022-05-06_10-16-53 (2)
photo_2022-05-06_10-16-53 (3)
photo_2022-05-06_10-16-53
photo_2022-05-06_10-16-54 (2)
photo_2022-05-06_10-16-54 (3)
photo_2022-05-06_10-16-54
photo_2022-05-06_10-16-55 (2)
photo_2022-05-06_10-16-55

«Кітапханалық керуен» руханият әлеміне шақырады!»

Міне, біздің кітап керуеннің алғашқы сапары Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылына барып аяқталды. Сіздерді 100-ден астам балалар мен ересектер қатысқан оқиға орнынан фото және бейнематериалмен бөлісеміз.
Мектеп алаңында мерекелік атмосфера орнады, балалар назарына «Үздік бол-кітап оқы!», «Ұлттық ойлар-ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Біз өз еліміз туралы не білеміз?», «Сөздер бұлтында» қазақ тілін, қазақ дәстүрлері мен ұлттық ойындарды білуге арналған викториналық сұрақтар қойылып оқушылар ұтымды жауап берді. Қатысушылар «Киіз үй» этноконструкторын үлкен ынтамен жинап, микроскоп қызықтарын тамашалап, қызықты ғылым аясында әр түрлі тәжірибе жасап үйренді.
Кітап мерекесі сыйлықсыз бола ма? Ең белсенді балаларға білімқұмарлығы және тапқырлығы үшін кітапхана тарапынан сыйлықтар берілді.
Абай атындағы ОБК басшысы Б.Қ. Уатаева мектеп кітапхана қорына кітаптар, журналдар жинағын және «Qasym» баспа үйі баспасынан қазақ тіліндегі балалар жазушыларының кітаптары табыс етті.
Кітап оқуға қызығушылық ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға белсенді түрде қатысып ортақ істі іске асыруға көмектескені үшін Осакаров ОКЖ ұжымына, мектеп әкімшілігіне алғыс айтамыз.
Одан әрі кітап керуені Ақтоғай және Шет аудандардың алыс елді мекендеріне ат басын бұрады.
Сіздерді қызықты кездесулер мен ұмытылмас әсерлер күтеді!!!

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Үй жануарлары» тақырыбында өткізілді.
Балалар жылқы, құлын, сиыр, бұзау, қой, қозы, ешкі, лақ т.б. үй жануарларының атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған аңдардың суретін тауып, олар туралы айтып берді.

108b8d24-7d80-4856-9738-d0e434d5fd11
IMG_0814
IMG_0820
IMG_0827
IMG_0851
IMG_0853
IMG_0859

«Қауырсын қалам» клубы

28 сәуір күні «Қауырсын қалам» клубы мен поэзия әуесқойларының кезекті жиналысы өтті. Балалармен кездесуге Қарағандылық ақыны Олег Русских келді. Автор қатысушыларға өзінің шығармашылық құпиялармен бөліп, қазіргі әдебиетке, фанфиктерге, манга комикстеріне деген көзқарасы туралы айтты.
Балаларды қонақтың театрлық хоббиі де қызықтырды. Кездесу кеш О. П. Русскихтың өлеңдерін оқумен аяқталды.

IMG_0787
IMG_0788
IMG_0830
IMG_0888
IMG_0895

Экскурсия

Кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысу үшін Саран қаласының №9 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері келді.
Кездесу Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналды. Балалар кітапхана тарихымен танысып, кітап туралы ролик көріп, кітапханаға арналған кроссворд шешті.
Қызмет көрсету бөлімдерін аралау барысында балаларды кітап қорына жаңадан түскен комикстер, ғылыми-танымдық энциклопедиялар, детективтер жанрында жазылған әдебиеттер қызықтырды. Көпшілік балалар кітапханаға оқырман болып жазылды.

IMG_0737
IMG_0751
IMG_0757
IMG_0763
IMG_0764
IMG_0767

«Бірлестік достығы»

28 мамыр күні Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлестік достығы» атты этностар калейдоскобы өтті.
Мерекелік жиынға Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі бірлестігінің төреағасы Ирина Салагина, «Жұлдыз» хореографиялық ансамбілі және №87 НОМ 6-7 оқушылары қатысты.
Қонақ балаларға украин халқының тарихы мен әдет-ғұрыптары жайлы айтып өтті. Аталмыш кеште оқушылар татар халқының әні «Туган як» орындады. Қатысушылар назарына «Жұлдыз» хореографиялық ансамбілінің бойжеткендері татар халқының биін ұсынды.
Кеш соныңда викториналық сұрақтар қойылып, кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасады.

«Уақыт машинасы» кітапхана кеші

Кітапханада Балалар жылы аясында 22 сәуір күні сағ.18.30-дан 21.00-ге дейінгі аралықта «Уақыт машинасы» кітапхана кеші акциясы өткізілді.
Шараның салтанатты ашылу рәсімі өткен кейін кітапхана қызметкерлері сағат тілін кейінге шегеріп өткен жылдарға қайта оралды. Акция аясында балалар мен ересектерге «Мен кітаптың құрдасымын» кітап топтамасындағы фотофлешмоб, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды индустриалды-техникалық колледжінің музейі экспонаттарының көрмесі, «Кітапханалық банк» әдеби викторина, кітапханалық кафе, «Синематограф шақырады» диафильмдер көрсету, «Бір сәт тоқта!» блиц-турнирі, «Сиқырлы тігіс» шеберлік сыныбы, «Ретро – аспаз» – шеберлік сыныбында вафли түрлерін пісіру, «Чемоданнан шыққан ғажайыптар» театрландырылған шеберханасы, «Бізбен бірге оқы және ән сал!» кітапхана караокесі, «Ымырт кезіндегі жұлдыздарға саяхат» атты алаңдарда саяхаттауға жағдай жасалды. Қонақтар әр алаңда берілген тапсырмаларды орындап «библиоақша» алып, тапқан табыстарын кітапханалық кафеге барып жұмсап, аспазшылар ұсынған ас мәзірінен дәм ауыз тиді. Сондай-ақ, М.Бекішевтің жетекшілігімен №2 БММ «Юность» аспаптық ансамблінің шырқаған әндері мерекенің сәннін келтірді. Шараға «Qasym» баспа үй демеушілік көрсетіп және С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Қатысушыларға мерекелік лотерея билеттері таратылып, акцияның соңында лотерея ойнатылды.